Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі туралы

0
17138

Ат айналып, қазығын табар,
Ер айналып, елін табар.

Халық мақалы

Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар» өлеңі бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірін қозғайды. Атажұрт тақырыбына Қабдеш Жұмаділов, Оразақын Асқар, Смағұл Елубай сияқты қаламгерлер сан мәрте оралып, шығармаларына арқау  етті. Бұл шығармалар дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен барша қазақты атамекенге шақыруымен, қазақ тұтастығын насихаттауымен құнды. Ал мұның өзі – ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің жемісі.

Ақын тағдыр тауқыметімен ТМД, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан
және басқа да елдерде жүрген қандастарымызды атажұртқа былай шақырады:

Менің жерім мына жер – сенің жерің,
Жарасып тұр сол жерге келулерің.
Осы алқапта сенің де малың жатыр,
Жайқалып тұр шабылмай егіндерің, –

деп, «ағайын тату болса, ат көп» деген халық қағидасын ұстанады:

Менің көлім мына көл – сенің көлің,
Сенің арқаң көңілге семіргенім.
Жоғалмасын, ағайын, жоғалмасын,
Жетем деген сол көлге сенімдерің.

Менің тауым мына тау – сенің тауың,
Ақбас шыңын алты ай жаз жуған жауын.
Жалғыз рет көрсең де тірлігіңде,
Мүмкін емес сол тауды сағынбауың, –

деп жомарттықпен еліміздің ұлан-ғайыр Алтай мен Атырауға дейін созылып
жатқан жеріндегі әрбір көлі, тауымен бөліскісі келеді. Аталар аманатын естеріне салады:

Қимай кеткен сол суды аталарың,
Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне…
Әрбір қазақ баласын ержеткесін отау тігіп, бөлек шығарып, өз алдына үй
қылады. Тұманбай да қандасына осы ойды меңзейді:

Мына орман менікі, сен де соның
Ағашынан үйіңе уық алғын.
Уық шаңырақтың күлдіреуішіне кіргізіліп, керегеге байланады. Осылайша, киіз үйдің қаңқасы пайда болады. Ағайындар киізін жабысып, лезде үйді
тігіп бере қояды. Сондықтан
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп, – дейді.

Одан бөлек қазіргі уақытта оқумен болсын, кәсіппен болсын, шетелге кетіп  жатқан жастарымыз елге оралмай, барған жерлерінен қайтпай қалып қоятын  жағдай жиі ұшырасады. Ақын идеясы «шетелде жүріп сұлтан болғанша, өз  еліңде ұлтан бол» деген мағынамен астасқандықтан, «Бауырларға» өлеңінің  маңызы зор. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ, барымызды бағалап, жоғымызды түгендей түсеміз деген идеяға саяды.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

  2. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  7. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  8. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  9. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ