Түсті металдар туралы ақпарат

0
4771

Бұларға темірден басқа барлық металдар жатады. Кейде оларды физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай, сондай-ақ жер астында орналасуына қарай  түрлі атайды.

Түсті металдар жеңіл (алюминий, магний, титан, бериллий, литий, т.б), ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б), асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиналық металдар), шашыранды (галий, индий, талий т.б), сирек (скандий, иттрий, лантан және барлық лантанойдтар), радиактивті (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, уран және т.б) деген топтарға бөлінеді.

Түсті металдар мен олардың қорытпаларын өңдеуде кентастық шиказатты өңдеуден бастап дайын өнімге дейінгі сатысын қамтитын саланы түсті металлургия деп атайды.

Елімізде түсті металдардың барлық түрі өндіріледі. Қазақстан кейбір түсті металдар бойынша (мыс, қалайы, мырыш, уран, вольфрам, қорғасын, вайнадий, т.б) дүние жүзінде үштік орындардың бірін алады.

Елімізде дүние жүзіне әйгілі «Өскемен титан-магний комбинаты», «Қазмырыш», «Оңтүстік-полиметалл», «Қазмыс», «Қазақалтын», «Майқайыңалтын», «Кастинг», т.б ірі кәсіпорындар бар.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қара металдар туралы түсінік

  2. Тау жыныстарының құрылымы

  3. Минералдар дегеніміз не?

  4. Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі

  5. Жеті қат жер қазынасы. Қазба байлығы мен кен өндіру қызметі

  6. Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері

  7. Теңіз бен мұхит географиясы туралы не білесіз? (Тест)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ