Талапкер назарына: копирайтер деген кім?

0
2300
Freepik.com

Копирайтинг қызметі туралы күнделікті естіп жүргеніңіз анық. Копирайтер деген кім? Ол қандай мамандық? Оның қызметі не? Табысы қанша?

    Копирайтер — жарнамалық, презентациялық мәтін жазудың шебері. Оның блогерден айырмашылығы тапсырыс бойынша жазады. Оған қоса копирайтер мәтінді тек ғаламтор ресурстары үшін жазады.

Сайт беттеріне жарық көретін барлық мақалалар сілтеме ретінде келетін электронды хаттар — бәрі де копирайтердің қолынан шыққан. Копирайтер адамдар бір-екі ауыз оқығаннан кейін сайтта қалғысы келетін мәтіндерді жаза алады, адамдардың жарнама беруге итермелейтін контенттерді жасай алады.

 Копирайтердің міндеті:

 Копирайтердің міндеті — тұтынушыға тауар  немесе қызмет жайлы ақпарат беру. Және   тауарды  сатып алуға ынталандыру. Өйткені сатылымға тікелей әсер ететін фактор- мәтін. Ол тұтынушылармен қарым-қатынас кезінде  де көп қолданылады. Оған қоса тауарларды  сату оның бағасына ғана емес,  сайттың басты бетіндегі ақпараттарға байланысты  жүзеге асады.

Осы ретте, тауарды сату кезінде әр  сөйлем маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз. Қазіргі таңда копирайтерлер  арнайы сатылым әкелетін мәтіндерді жазып, табыс тауып жатыр.  Әрине, мәтінді кез-келген адам жаза алуы мүмкін. Дегенмен түсінікті әрі  сатылым әкелетін мәтінді жаза алатындар аз. Сол себепті жақсы мәтін үшін, жақсы ақы төлеуге тура келеді.

Копирайтердің табысы қанша? 

Копирайтердің табыс көзі болатын 52 түрлі әдіс бар екен. Бірақта 5 күнде табыс тауып бастауға болатын үш түріне тоқталайын:

  1. Жеке копирайтер ретінде қызмет көрсету. Нарықтағы бағасы бір жазған жұмысқа 5000 теңге. Уақыт өткен сайын тәжірибе де өсе береді. Бір айда кемінде 50 тапсырыс орындауға болады.
  2. Сайт контентін жазу арқылы бір тапсырыстан 30 000 теңге табуға болады.Осылайша табыс көзі уақыт өткен сайын, өсе береді.
  3. Инстаграмға арналған посттар жазу. Бір аккаунтқа минимум 60 000тг, жазылатын пост саны 7-8. Ал, үлкен агенттіктер үшін 150000-300000 тг.

Бағаны өзіңіздің жұмысыңызға қарай қоя бересіз.

Копирайтер болу үшін қайда оқу керек?

Егер сіз копирайтер  болғыңыз келсе, міндетті түрде жоғарғы оқу орнына түсуіңіз қажет емес. Өйткені бұл саланы өз бетіңізше оқып үйрене аласыз.

  1. Тегін оқу түрі. Қазіргі таңда бір мамандықты меңгеру үшін, сізге 4-5 жыл өміріңізді универде өткізудің қажеті жоқ. Сол секілді копирайтер мамандығын да үйде отырып, оқып меңгере аласыз.  Ең бастысы  өз бетіңізбен іздене білуіңіз қажет. Және де ешқашан бос отырмаңыз. Үнемі тапсырыс қабылдап,  қателіктер бойынша жұмыс жасаңыз.. Дегенмен бұл процеске біршама уақытыңыз кетуі мүмкін.
  2. Ақылы оқу. Өзіңізге керекті курсты таңдап, оқуға кірісу. Бұл оқу түріне біршама қаражат құясыз. Дегенмен ол қаражатты уақыт өте келе бірнеше есе етіп қайтарып аласыз. Әрі аз ғана уақыт ішінде бір мамандық иесі болып шығасыз.
    Ең бастысы-бұл саланы меңгеру сіздің ниетіңізге байланысты болады. Мысалы: егер сіз тезірек копирайтер болғыңыз келсе, онда 1 айда бұл мамандықты үйреніп аласыз. Оған қоса, түрлі курстар арқылы өзіңізді жетілдіре аласыз.

Копирайтер  дағдылары:

Бірінші дағды. Мақсатты аудиторияға  қарапайым және түсінікті тілмен мәтін жазуы керек. Кез-келген тапсырма үшін әмбебап сатылатын мәтіндерді жаза алуы шарт. Оның ішінде:  арнайы қызметтер мен коммерциялық ұсыныстарды, маркетингтік ұсыныстарды, буклеттер мен  сайтарды  жобалау кіреді. Бұл техникалық дағдылар жиынтығы, копирайтер басты қызметін құрайды.

Екінші дағды. Мәтіндердегі қателіктерді түзеп, оны өңдеу. Аз сөзбен, көп ақпарат беруге тырысу керек. Өзіңіздің алдыңызға мақсат қойып, басқа копирайтерлердің жұмысын бақылап, дизайнерге техникалық тапсырма қалыптастырыңыз. Жоба бойынша бірнеше мамандар жиі жұмыс істейді: олармен ортақ тіл таба білу, жұмыстың осы кезеңінде олардан не талап етілетінін түсіндіру, мерзімдерді белгілеу өте маңызды дүние.

Үшінші дағды. Клиенттермен дос болыңыз. Біріншіден, адамдармен бір салада пікірталас жүргізу сіз үшін де, досыңыз үшін де жағымды болуы мүмкін. Екіншіден, клиенттер басқа маманды іздеуден гөрі қарым-қатынас орнатқан адамға көбірек жүгінеді.

Төртінші дағды. Тапсырмалар тізімінен копирайтер – кез келген компанияның сату жүйесіндегі басты буыны екенін көреміз. Ол тек мәтіндер жазып қана қоймай, компания мақсатын  нақтылай  алуы керек.

Сонымен  қатар,  тапсырыс берушінің  мақсатты аудиториясын нақты қажеттіліктеріне сүйене отырып жасай алады. Қорытындылай келе, копирайтер-маркетолог бүкіл компанияның ажырамас бөлігі болатынын ұмытпау керек. Өйткені маркетингтің жоспарлар арқылы кез-келген компанияны дамытуға  болады.

Ертілек Галиев
Тұран университеті, 
журналистика мамандығының
 4-курс студенті

Ұқсас метриалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ