Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

0
3067

Біз­дің гу­ма­низ­мі­міз – көр­ге­нін­де қи­сап жоқ кә­рі гу­ма­низм. Осы ұзақ­қа
со­зыл­ған та­ри­хи тағ­дыр ба­ры­сын­да біз­дің ба­ба­ла­ры­мыз қа­шан­да адамшы­лық, мейі­рім, аяушы­лық жа­ғын­да бо­лып­ты. Дү­ние­ні әл­де­не­ше рет
ала­қа­ны­мыз­ға сый­ғы­зып­пыз. Алай­да бойы­мыз­да, жү­ре­гі­міз­де қау­ла­ған
ар ме­нен ұят­тың, ож­дан­ның өр­ті ала­қа­ны­мыз­ға сый­ып тұр­ған сол әл­сіз
тір­ші­лік­ке, сол әл­сіз дү­ние­ге қия­нат жа­сау­ға жі­бер­меп­ті.

Талас­бек Әсем­құ­лов

Өнер­ді мұ­рат тұ­та оты­рып, бар бол­мы­сын, бү­кіл са­на­лы ғұ­мы­рын шын мә­ні­сінде ұл­ты­на қалт­қы­сыз қыз­мет ету­ге ар­нап өт­кен тұл­ға­лар са­нау­лы. Сол са­нау­лылар­дың бі­рі – Талас­бек Әсем­құ­лов. Өнер­ді өзі­нің да­ра жо­лы етіп таң­да­ған тұл­ға.Жа­зу­шы, сын­шы, ау­дар­ма­шы, ки­нод­ра­ма­тург, мә­де­ни­ет­та­ну­шы, өнер­та­ну­шы, үл­кен мек­теп көр­ген күй­ші-дом­бы­ра­шы, ұлт­тық өнер­дің та­мыр­шы­сы, ой­шыл, білім­дар.

Әлия Бө­пе­жа­но­ва

Адам – жол­дан тай­ған пе­ріш­те. Кей­бір ді­ни әф­са­на­лар­да осы­лай ай­ты­ла­ды.
Эдем ба­ғын­да жүр­ген Адам Ата мен Хауа Ана­ның жер­ге қа­лай қуыл­ға­нын ел­дің бә­рі бі­ле­ді. Сол Адам Ата мен Хауа та­ным мен бі­лім­нен шо­шып ке­тіп, қақ­па­сы­на қай­тып  кел­ген­де қол­да­рын­да от-сем­сер­ле­рі бар пе­ріш­те­лер жол­да­рын кес-кес­теп тұ­рып­ты. Се­бе­бі Адам ұж­мақ­тан ке­тіп, есеюі ке­рек. Ұж­мақ си­яқ­ты жы­лы ұяны қи­май, ал шынды­ғын­да, ер­кін­дік­тен қор­қып қай­тып кел­ген Адам­ға пе­ріш­те­лер де, Жа­рат­қан ие­нің  өзі де қар­сы.

Талас­бек Әсем­құ­лов

Білгенге маржан. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың на­ға­шы ата­сы Жү­ніс­бай Стам­ба­ев дәу­лес­кер (шебер) күй­ші бол­ған. Ол өзі­не із­ба­сар шә­кі­рт­ті ұзақ із­деп, тап­пай қи­нал­ған екен. Бір кү­ні оған жие­ні­нің шә­кірт бо­ла­ты­ны ту­ра­лы аян бе­ре­ді. Ж.Стам­ба­ев Талас­бек­ті
туа са­лы­сы­мен бауы­ры­на ба­сып, тәр­бие­леп өсі­ре­ді. Талас­бек на­ға­шы ата­сы­нан
тек күй тар­ту­ды ға­на емес, дом­бы­ра жа­сау­ды да үй­ре­ніп, кей­ін Ах­мет­жан, Төл­тай
сын­ды ше­бер­лер­ден өне­рін шың­дай тү­се­ді. Оның жа­са­ған дом­бы­ра­сы Мә­де­ни­ет
Еше­кеев, Сы­ма­тай Үм­бет­ба­ев, Әді­лет Му­син, Жә­ні­бек Кәр­ме­нов тә­різ­ді өнер саңлақ­та­ры­на бұйы­рып­ты

Ме­нің ар­ма­ным Талас­бек Әсем­құ­лов­пен сұх­бат­та­су, сұх­бат алу еді. Ен­ді ол ар­ман
күй­ін­ше қа­ла бе­ре­ді. Талас­бек­тің ма­қа­ла­ла­рын әр қа­зақ оқу ке­рек, мек­теп оқу­лы­ғына пән ре­тін­де ен­гі­зі­лу ке­рек деп ой­лай­мын. Се­бе­бі оның шы­ғар­ма­ла­ры – қа­зақ болмы­сы­на қой­ыла­тын ан­ти­ви­рус. Талас­бек­тің сы­ни ма­қа­ла­ла­ры мен про­за­сын оқып
өс­кен ба­ла­ның са­на­сын бо­ла­шақ­та еш­қан­дай те­ріс ағым­да­ғы дін де, жа­һан­дық даму өр­ке­ние­ті де жау­лай ал­май­ды! Ме­нің­ше, Талас­бек Әсем­құ­лов сы­нын­дай сы­ни шы­ғар­ма­лар қа­зақ әде­бие­тін­де  бұ­рын жа­зыл­ма­ған. Сон­дық­тан мен қа­зақ сы­нын Талас­бек Әсем­құ­лов­қа дей­ін жә­не одан кей­ін деп қа­рас­ты­ра­мын.

Тұр­сын­бек Ба­шар

Жа­зу­шы қай өңір­де дү­ние­ге кел­ген?

Таласбек Әсемқұлов 1955 жылы бұрын Алматы облысына қараған Бөрілітөбе ауданында туған. Алайда көп ұзамай оны Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылында тұратын Стамбаев Жүнісбай деген нағашы атасы алып
кетеді. Осыдан кейін Таласбектің әке-шешесі де осы жерге көшіп келген. Стамбаев Жүнісбай аймаққа белгілі күйші болғандықтан, үйлеріне түрлі өнер адамдары жиі келіп жататын болған.

Осылайша, кішкентай Таласбектің бойында өнерге деген құштарлық өте ерте оянады. Атасынан, басқа да күйшілерден көптеген күй үйренеді. Мектеп қабырғасында жүргенде әдебиет, химия, математика, физика пәндеріне де қабілеті
жоғары болады.

Талас­бек Әсем­құ­лов қан­дай қыз­мет­тер ат­қар­ған?

Орта мектепті аяқтаған соң әскери борышын өтейді, қой бағумен айналысады. 1976–1980 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетінде оқып жүріп, Алматы халық университетінде жұмыс
істеген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт
аспаптар музейіне ғылыми қызметкер болып орналасады. Таласбек Әсемқұлов
жазушылығынан бұрын күйші әрі домбыра жасаушы болғандықтан, К.Байсейітова атындағы музыкалық мектепте домбыра шебері болып та жұмыс істейді.

Одан соң «Жазушы» баспасында әдеби редактор, Құрманғазы атындағы
Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі,
«Заман Қазақстан» газетінде редактор, «Жұлдыз» әдеби журналы сын бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық кітапхананың «Рух-Мирас» альманахында бас редактор қызметтерін атқарады.

Қа­лам­гер­дің қан­дай шы­ғар­ма­ла­ры бар?

Таласбек Әсемқұлов студент кезінен бастап сценарий жазумен айналысқан. Кейін «Көкбалақтың өлімі», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды сценарийлерді дүниеге келтіреді. Қаламгердің жазған сценарийі бойынша режиссер Досхан Жолжақсынов «Біржан сал», «Құнанбай» атты фильмдерді түсірді. «Еуразия» кинофестивалінде «Құнанбай» фильмінің сценарийі «Тұлпар» сыйлығымен марапатталса, «Жезтырнақ» сценарийі Корея Республикасы жариялаған сценарийлер бәйгесінде жүлдеге ие болды.

Т.Әсемқұлов көне түркі мифологиясын зерттеген. Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» т.б. әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс», «Тәттімбет сері» романдары, бес  томдық шығармалар жинағы, сондай-ақ қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет,  мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген.

Аударма саласына да атсалысып, Қ.Рысбекұлының «Берікқазы» деректі
повесін, А.Есмахановтың «Қазақтың кілемдері» альбомын, француз жазушысы Проспер Мерименің «Маттео Фальконе», серб жазушысы Иво Андричтің
«Дринадағы көпір», жапон жазушысы Кобэ Абэнің «Жат әлпет» т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Кезінде «Сорос Қазақстан қорының» жүлдесін жеңіп алған автордың автобиографиялық «Талтүс» романы АҚШ-тың Индиана университетіне қарасты
Three String Books баспасында «A Life At Noon» атауымен ағылшын тілінде
басылып, шетел оқырмандарының ыстық ықыласына ие болды. Оған оқырмандардың бірі Тимоти Уолштың: «Талтүсті» жаңа ғана аяқтадым.

Шынымен,керемет роман екен, шедевр (аудармасы да ғажап)! Әсемқұлов Батыс көбірек  білетіндей жазушы екен. Мен қателеспесем, Айтматовпен пара-пар»,– деген
әлеуметтік желідегі сөзі дәлел.

Талас­бек Әсем­құ­лов күй­ші­лік өнер­ге қан­дай үлес қос­ты?

1973 жылы Таласбектің құрастыруымен «Байжігіт күйлері» атты жеке
гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. Бұдан бөлек «Мәңгілік сарын» антологиясына 14-ке жуық, «Қазақтың мың күйі» антологиясына
30-дан астам күйі енді. 2010 жылы Парижден «Тәттімбеттің мұрасы» CD-дискісі, ал 2015 жылы 73 күй қамтылған «Талтүс» CD-албомы шыққан.

Таласбек Әсемқұлов 1982 жылы «Сазген» ансамблінің құрамында
гастрольдік сапармен Югославияға барған, 2004 жылы Францияда болған
Әлемдік музыкалық мәдениет фестиваліне қатысқан.

Күйші, жазушы, зерттеуші, сыншы, кинодраматург – Таласбек Әсемқұлов
әдебиет, музыка, бейнелеу, кино, дәстүрлі өнер, тарих, этнография, мифология
салаларында қайталанбас терең әрі мазмұнды еңбектер қалдырған.

Қаламгер білім алған Айғыз ауылының орта мектебіндегі музей ішінен
жазушыға арналған бұрыш ашылды. Ал 1980 туған осы мектептің түлектері
үздік оқитын оқушыларға Таласбек Әсемқұлов атында стипендия тағайындады.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:

  1. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

  2. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  7. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  8. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  9. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ