Тіл тағдыры — ел тағдыры (әдеби ойын-сайысы)

0
3353
Иллюстрация: Freepik.com

 

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі». «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
1 жүргізуші: Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал, жабусыз.

Қазақ осы ағыл-тегіл, көл көсір.

Қaзaқ осы «Өнерлі алды — тіл» дейтін…

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, — деп ақын Қадыр Мырзаәлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтын астында татулықта, сыйластықта, өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.

2 жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ендігі кезекте сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлер жауап берулеріне байланысты 5 ұпаймен бағаланады.

Сұрақтар қазақ тілі, әдебиеті пәндері бойынша қойылады.

1 кезең. Таныстыру

2 кезең. Бәйге (сұрақтарға жауап беру)

3 кезең. Мақал-мәтелдер

4 кезең. Жорға

5 кезең. Кім зерек?

1 жүргізуші: Сонымен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Беташарын сайысымыздың бастайық.

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін.

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

 

1 кезең. Таныстыру

«Қыран»

Қыран құстай самғаймыз.

Біліп шыңын щарлаймыз.

Адаспай даналардың жолын ұстап,

Өрлейміз өркениет өріне біз

  «Тұлпар»

Білім шыңына өрлейміз басып алға.

Бөгеліс жоқ ер қанаты «Тұлпарға».

Бойдағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан келдік бүгін додаға

2 жүргізуші: 2 кезең. «Бәйге»

Бұл бөлімде сайыскерлер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап – 5 ұпай.

1.     Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)

2.     Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

3.     Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

4.     Қазақ әдебиетінде қанша әріп бар? (42)

5.     Қазақстан Республикасының рәміздері (ту, елтаңба, әнұран)

6.     100 жасаған ақын (Жамбыл)

7.     Бие сүтінен жасалатын емдік сусын (қымыз)

8.     Қазақ тілі қай халықтың ана тілі? (қазақ халқының)

9.     Киіз үйдің төбесі (шаңырақ)

10.  Әнұранның әнін кім жазған? (Шәмші Қалдаяқов)

11.  Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын қалай аталады? (шұбат, қымыран)

1 жүргізуші: 1.     Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз? (архаизм)

2.     Лексикалық мағынасы бойынша қарама-қарсылықты сөз қалай аталады? (антоним)

3.     Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? (42)

4.     Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)

5.     Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (он екі)

6.     Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (үш: ашық, бітеу, тұйық)

7.     Күрделі сөздер неше түрге бөлінеді? (төрт түрге: қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз)

8.     Ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздерді қалай атаймыз? (неологизм – жаңа сөздер)

9.     Жалғаудың неше түрі бар? (төрт түрі бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік)

10.  Сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады? (түбір)

11.  Зат есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді? (Екіге бөлінеді: негізгі зат есім, туында зат есім)

2 жүргізуші: 3 кезең. Мақал-мәтел «Сөз мәйегі — мақал», келесі кезекті мақал-мәтелге береміз

1.     Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

2.     Отан оттан да ыстық

3.     Айтылған сөз атылған оқпен тең

4.     Өнер алды – қызыл тіл

5.     Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

 

6.     Ел іші — алтын бесік

Жақсы байқап сөйлер.

Жаман шайқап сөйлер.

 

Жүзден біреу —  шешен.

Мыңнан біреу – көсем

 

Үлгілі сөз білмеген

Надандықтың белгісі

Біреудің сөзі әдемі,

Біреудің көзі әдемі.

 

Қызыл тілдің қадірін

Тоқтағанда білерсің

1 жүргізуші: 4 кезең. «Жорға»

Бұған ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады. Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді.

Бірінші сайыскерге сұрақ

1.     «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

2.     Қазақ тілінде неше септік бар? (жеті)

3.     Абайдың шың аты кім? (Ибраһим)

4.     Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі бар? (үш)

5.     «Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

6.     «Төбе шашы тік тұру» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (қорқу)

7.     «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы? (Абай)

8.     Одағайдың неше түрі бар? (үш  түрі: жекіру, көңіл-күй, шақыру)

9.     «Даудың басы. Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы кім? (Бейімбет Майлин)

10.  Сын есімнің сұрақтарын ата (Қандай? Қай?)

2 жүргізуші: Екінші сайыскерге сұрақ:

1.     Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

2.     Сүйінбайдың шәкірті кім? (Жамбыл)

3.     Зат есімнің сұрақтарын ата? (Кім? Не?)

4.     Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаулы мүшесі бар? (екі)

5.     «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім (Абай)

6.     «Қас пен көздің арасында» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (жылдам, лезде)

7.     Сөмкеге бақа салатын қай кейіпкер? (Қожа, Қожаберген Қадыров)

8.     Етістіктің сұрақтарын ата (Қайтті? Қайтеді? Не істеді?)

9.     Қай жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді? (1989 жылы)

10.  Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (екіге бөлінеді: дара сын есім,  күрделі сын есім)

1 Жүргізуші: 5 кезең. «Кім зерек?»

Бұл кезеңде әр топқа өлең үзінділері беріледі. Ол қай өлеңнің үзіндісі екенін және өлеңді кім жазғанын айту керек.

           Жамбыл

«Ленинградтық өренім»

Жасағам жоқ өмірді

Жау сойқанын көргелі.

Нева алабын қорғандар

Ленинградтың ерлері

2 жүргізуші:               Абай

«Ғылым таппай мақтанба»

Тілеуің, өмірін алдында

Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

1 жүргізуші:     Ыбырай Алтынсарин

«Кел, балалар, оқылық»

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенін алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

2 жүргізуші:               Сұлтанмахмұт

            «Мен қазақпын»

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын.

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім қазақ.

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

1 жүргізуші: Сайыстың қорытындысы шығарылып, ойын жеңімпаздары марапатталады
2 жүргізуші: Ана тілің – арың бұл.

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, — деп Қадыр ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтейік. Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі

 Басқа материалдар: 

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы
  9. «Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты мәнерлеп оқу сайысы
  10. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты интеллектуалдық ойын сайысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ