«Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» атты 16 желтоқсанға арналған әдеби кеш сценарийі

0
3577

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» атты мерекелік тарихи-әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Флеш галерея

Жүргізуші:

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Дүниені дүрсілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Біз тәуелсіздік туын, қазақтың көкбайрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүниежүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүрсінкілдірген Желтоқсан оқиғасына биыл 23 жыл толып отыр.

«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, азаттық аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Тәуелсіздіктің түптамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақ тыңғажап сезі осындайдан шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түптамыры сонау бабалар ар-намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі  қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан-жарасы жаңғырып, кайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!

Бір минут үнсіздік

Қазақ жастарының аланға шығуы видиоролик

КӨРІНІС

Жүргізуші:

Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды. Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер емес» еді.

Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.

Күй

Көрініс: «Қайраттың жан азабы» соттан қағаз келді, ата-анасы хатты оқып отырғанда шофердің өліміне кінәлі деп ұстап алып кетеді. Ата-анасы бауыры шулап қала береді.

Анасы: Жан балам, сенің кінәсіздігіне күмәнім жоқ.

Інісі: Апа, ағам ақталып шығады күмәнім жоқ. Уайымдамашы, — деп жұбатады.

(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, түрме жыры өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап былай дейді)

Кайрат: Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Кезекші: Заключенный Рысқұлбеков, на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көрейін?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебе покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады.

Тергеуші: Эй, Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң

19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйек пен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

Ләззат: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намысты нышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай.

Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағынның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Сабира Мұхамеджанова  бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1 курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жанынды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

«Желтоқсан желі» видеоролик

Жүргізуші:

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мухтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Көрмедік біз Желтоқсанның жанға батқан жарлығын.

Естімедік есілдердің ел деп айтқан зарлы үнін

Білерім тек олар мәңгі тәуелсіздік жолында,

Тәуекел деп жүрегімен таңдап кеткен тағдырын

Енді біздер солар жайлы жазып жүрміз жыр дастан.

Шүкір, шүкір бақыттымыз көгімізде нұрлы аспан.

Желтоқсанда жәбір көрген ағалардың арқасы.

Ұрпақ үшін ұланғайыр жұмбақ толы сырды ашқан.

Тарихтардың беттерінде сақталатын тұмарлы

Халқымыздың қаһарманы дер едім мен бұларды.

Әттең қазақ тірісінде ардақтамай асылын.

Өлгеннен соң өксей тұғын жаман әдет шығарды.

1986 қайғы жатыр бұл санда

Ұмытпаймын пәк кеудемнен жұлсаң да.

Тірісінде ардақтайық арда туған ұлдарды.

Артық емес бұлар үшін қанша құрмет қылсан да

Біздер екен болашақтың қыраны мен сұңкары

Біздер екен атып жатқан нұр таңы

Біздер екен желтоқсанда жалындаған жастармен

Ұлы Отанда ұлтшыл деген ұлылардың ұрпағы.

Еліміздің жылдар санап атып жатыр қарқыны

Әнұраны, Елтаңбасы желбіреген бар туы.

Тәуелсіздік бізге берген жаратқанның тартуы

Тәуелсіздік Қайраттардың қаныменен жуылған.

Тәуелсіздік Ләззаттардың арыменен буылған

Жылап тұрып Желтоқсанның боздақтарын еске алып.

Құлап тұрып Қазақстан сүйем сенің туыңнан»

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!

Ұқсас материал:

  1. Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
  2. Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы (ашық тәрбие сағаты)
  3. «Желтоқсан шежіресі» атты конференция
  4. Желтоқсанда шындық жатыр шырылдап (сценарий)
  5. Тәуелсіздік туралы
  6. Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!
  7. Азаттығым абыройым мен үшін!
  8. «Тәуелсіздік және Жұбан ақын» (мерекелік сценарий)
  9. Тәуелсіздік тұғыры биіктесін!
  10. Тәуелсіздік — тұғырым

ПІКІР ҚАЛДЫРУ