Уақытпен күтем сол сәтті, Уақытта бізбен санасар…

0
1716

Ақпенов Мадияр Бекбергенұлы Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылында 1996 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 2002 жылы №4  Тілеміс батыр орта мектебінің 1- сыныбына келіп, 2011 жылы оқуды аяқтады.  2011-2015 жыл аралығында Шымкент қаласындағы Педагогикалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды. 2015-2016 жыл аралығында Өскемен қаласында «Ұлттық Ұлан» №6699 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеді. Қазіргі таңда №4 Тілеміс батыр орта мектебінде ұйымдастырушы педагог болып жұмыс істейді.  Бос уақытында шығармашылық жұмыспен айналысады. Ұстаз-ақын 300-дей шығарманың авторы.

Тәуелсіз таңым арайлы!
Тәуелсіздігім таңдарым менің арайлы,
Тәуелсіз күннің сәулесі кеңге тарайды.
Сол сәуле бізге шырағын жағып үміттің,
Сыйлады шүкір таңдарды бізге арайлы.

Ауасымен тыныстап азат күннің,
Қызығына бөленіп ғажап күннің.
Тәуелсіздік таңымен бірге оянған,
Ұрпағымын еңселі текті жұрттың.

Қыран құсы самғаған көк аспанда,
Нышаны ол ерекше азаттықтың.
Тілім-дінім дәстүрім бар, салтым бар,
Қаймағы бұзылмаған қазақтықтың.

Рухани байлығымды қазынамды,
Ерлікпен жанын қиып сақтағандар.
Тәуелсіздік жолында құрбан болып,
Қара жердің қойнында жатқан жандар.

Азат күннің ақ таңын арман етіп,
Ел жер үшін өз жанын қиған жандар.
Кемел елдің бұлынғыр болашағын,
Жаңартуға жаңа жол тапқан жандар.

Сол жандардың еңбегі мәңгілікке,
Жас ұрпаққа ұмтылмас үлгі болар.
Қыршын кеткен тұлғалар еңбегіне,
Айтылар мақтаулар мен мадақтаулар,
Жазылар қара өлеңмен жыр дастандар.

*****

Тәуелсіздігім қазына байлығымсың,
Күш жігерім айбарлы айбынымсың.
Осы күнді ұрпағына сыйлаған,
Кешегі Қайрат Ербол Сабира Ләззаттарға,
Ризамын Тәуелсіздік ақ таңы үшін!

Тәуелсіздігім құт-береке бақ ырысым,
Тәуелсіз күнім елімнің ертеңгі жалынысың.
Тәуелсіздік жұмыр елдің сарқылмас жыры болған,
Тәуелсіз күндер ғасырлар сарынысың.

Тәуелсіздігім таңдарым менің арайлы,
Өзгелер бізге көз тіге терең қарайды.
Шежірелі тәуелсіздік жолында,
Кемеңгер ел қалдырды артқа талайды.
Тұғырлы елім-ордасын шексіз жайнатты,
Ғұмырлы елім -көгінде құсын сайратты.
Кемеңгер елім- азат күннің ауасымен тыныстап,
Тәуелсіз елім-желбірет көк байрақты!

Ана

Ана деген астары кең ұлы ұғым,
Ана деген сүйіктісі ұлының.
Ана деген аяулы жар,
асыл әже бәрінің,
жалғайтұғын жылдар, ғасыр ғұмырын.

Ақ сүтінен ананың нәр алғанбыз,
Бәрімізде  ана күннен жаралғанбыз.
Шапағаты, мейірімі мол анадан,
Пенде болып өмірге таралғанбыз.

Мейіріммен жылы нұрын шашатын,
Алыс кетсең ұзақ күтіп тосатын,
Әрбір басқан қадамыңды бақылар,
Ана жаны мәңгілікке жасасын!

Ана деген аққан мөлдір бұлағым,
Ана деген сарқылмайтын жыр әнім.
Ана деген біле білсең адамзат,
Қараңғыда жаққан жарық шырағын.

Бағалай біл еңбектерін ананың,
Ана жаны емшісі ғой баланың.
Ана менен бала жаны егіздей,
Екеуіде орны бөлек дара ұғым.

Бауырына еркелеткен асыл жан,
Туғаныма мақтанамын парасатты асылдан.
Бойыңдағы АНА деген махаббат
Мәңгі өшпесін ғасырларға ғасырдан.

Ана жанын қадірлей біл құрметте,
Ана лайық әр уақытта құрметке,
Тәрбиесін өн бойына сіңіріп,
АНА сөзін сақта мәңгі жүректе!

Г- ға
Ақ ұлпа тұнық қарлардан,
Көремін сенің бейнеңді,
Ерекше сезім бойды алып,
Бойымды терең биледі.

Сұлулық көрдім жанардан,
Бұрымды шашы таралған.
Ойымнан бір сәт кетпейді,
Жан бе екен маған жаралған?

Ақ қардай сұлу келбеті,
Дерт болып жанды жаулады.
Тұншыққан бойда пәк сезім,
Жүректен шыға алмады.

Қарақат мөлдір көздері,
Күн көзіндей нұр шашар.
Жүрекпен айтқан сөздері,
Жүрекке мүмкін сыр ашар.

Уақытпен күтем сол сәтті,
Уақытта бізбен санасар.
Достықпен келген сыйластық,
Сезімге мүмкін ұласар.

Қиылған қара қастарын,
Ұқсамайсың өзгелерге басқасың,
Жүз сұлуды қойса егер еркіме,
Таңдамас ем тек өзіңнен басқасын.

Шиедей қызы ерніңнен,
Соғатын ыстық деміңмен,
Жаныңда тұрсам балқимын,
Сондықтан артқа шегінем.

Күміс көмей күлкіңнен
Жүзіңнен сұлу сыр түйем.
Айтуға саған сол сырды,
Қай кезде жаным іркілем?

Қыпша белің бұралған,
Бишісіндей шығыстың.
Тұла бойың ерекше,
Сұлулықтан құралған.

Ақша бұлтпен таласқан,
Аспандай ашық мінезі,
Ақ сүтіндей ананың,
Адал нәзік жүрегі.

Теңіздей терең ақ көңіл,
Иманды, арлы ,ибалы,
Осындай қайсар бір жанға,
Ғашық етті бұл өмір.

Жүрегіңнің төрінде,
Бірақ қана орын бар,
Сол орыннан ерекше мен болайын табылар.
Сен үшін жырым сарқылмас,
Бойлай берсем санамды,
Әттең уақыт жетпейді,
Жазар едім мен мәңгі!

Сырымды жырмен өремін,
Уақытпен жалғыз келемін.
Есіңде сақта мәңгілік
Мен сені жақсы көремін.

Ақ ұлпа тұнық қарлардан,
Көремін сенің бейнеңді,
Өлеңге арқау еттім мен,
Жаныммен шексіз сүйгенді.
Көремін сені таңдардан,
Көремін ұлпа қарлардан,
Өзіңді сүйіп өтемін,
Бес күндік мына жалғаннан!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ