Аптасына 1 рет болсын фильм көруді әдетке айналдырған абзал. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, оқудан жалыққанда, арасында ми сергітесіз. Екіншіден, фильмнен немесе фильмдегі басты кейіпкерден шабыт алып, кейін оқуға құштарлығыңыз ашылуы мүмкін.
Социальная сеть, 2010
Фильмде Фейсбуктың құрылу тарихы баяндалады. Университет қабырғасында оқитын қарапайым студенттің ЕҢ ЖАС мультимиллионер болуы. Бәрі сіз ойлағандай оңай емес, көріп шығыңыз.
Хокинг, 2004
Атақты астрофизик Стивен Хокинг жайлы биографиялық фильм. Дені сау жап-жас жігіт, кенеттен аурушаң, мүгедек студентке айналады. Бірақ, бұл қорқынышты ауру жас жігіттің мақсатына жетуіне, физикадағы ұлы ашылуларды жасауына кедергі келтіре алмады.
Умница — Уилл Хантинг, 1997
Уилл Хантинг — Бостон университетінде оқитын өте ауыр мінезді ВУНДЕРКИНД.
Уилл әртүрлі қиындықтарға қайта-қайта ұшырай береді. Осылай әртүрлі нәрсеге ұрынып жүріп Уилл сотталып кетеді. Бірақ Уиллға университеттегі математика ғылымдарының профессоры өзі көмектеседі. Кейін екеуі ажырамас досқа айналады.
Игры разума, 2019
Кіші Джон Форбс Нэш — математикалық данышпан, халықаралық танымалдыққа ие болған әйгілі математик зерттеу саласында үлкен ашылу жасап, ғылымда ойып тұрып өз орынын алады. Бірақ сол уақытта, Нэштің еңбегін әйел адам пайдаланып кетіп, оның тағдыры бірден өзгереді.
Страна Чудаков, 2001
Шон Брумдер сёрфингпен айналысып жүріп, жағалаудан Маркус Скиннердің романының көшірмесін тауып алады. Стэнфорд университетінде сабақ беретін ұлы жазушының бұл шығармасы Шонға қатты әсер етеді.
Кітапты оқыған соң, Шон жасушы боламын деген мақсат қояды. Бірақ Стэнфорд университетіне түскелі тұрғанда, Шонның орынына қателесіп, басқа нашар студенті қабылдап қояды. Өте қызықты фильм, көруге кеңес береміз.
Басқа материалдар:
- Ой-өрісті кеңейтетін 235 деректі фильм
- Мотивация беретін топ-5 фильм
- Талапкер назарына: копирайтер деген кім?
- Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
- «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
- Талапкер назарына: логистик, кадастр деген кім?
- «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
- Талапкер назарына: Социолог деген кім?