Вагон параметрлері мен типтері

0
1709
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Вагон паркі жұмысының экономикалық көрсеткіштері вагон типінің дұрыс таңдалуымен анықталады.

Жүк вагонының типін таңдау кезінде тек қана тасымалдау көлемі емес, сондай-ақ, тасымалданатын жүктің қасиеті, таңдалған типтің тиеу-түсіру жұмыстарының кешенді механизациясы үшін жарамдылығы және тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету.

Жүк вагонының қарқындылығын сипаттайтын маңызды параметрлер: жүк көтерімділігі, тара, ось саны, кузов көлемі, еден ауданы және вагон өлшемдері, сонымен қатар, алаған параметрлердің қатынасы: тара коэффициенті, пайдалы көлемі, еденнің пайдалы ауданы, доңғалақ жұбынан рельске түсетін жүктеме, қозғалыстың жоғарғы жылдамдығы.

Жолаушылар вагонының параметрлеріне: жоспарлау типі (вагонның тағайындалуымен анықталады), ось саны, халық саны, тара, экипировка массасы (су, көмір, алынбалы жабдықтар), өлшемдері және қозғалыстың жоғарғы жылдамдығы.

Вагонның жүк көтерімділігі- бұл вагон тасымалдауға рұқсат етілген жүктің ең
үлкен салмағы.

Қума жүктемесі вагонның брутто массасынан күшті оның автотіркегіштің тіркелу
осінен бастап, оның ұзындығына бөлу арқылы табылады:

Меншікті көлемі кузов көлемінің V оның жүккөтерімділігіне P қатынасы бойынша
анықталады: uy=V/P.

Платформалар үшін пайдалы көлемі еден ауданының жүк көтерімділігіне қатынасымен
анықталады. Жолаушылар және жүк вагондары сонымен қатар, желілік өлшемдерімен де (ұзындығы, ені, биіктігі және базасы) сипатталады. Вагонның жалпы ұзындығы тіркелген автотіркеліс арасындағы қашықтықпен анықталады. Кузов пятнигінің орталығы арасындағы қашықтық вагон базасы деп аталады.

Кузовтың ені, биіктігі және ұзындығы бір жағынан берілген сыйымдылығымен, екінші жағынан жылжымалы құрамның габаритімен анықталады.

Тара дегеніміз бос вагонның өз салмағы. Жүк көтерімділік пен тараның қосындысы вагонның брутто массасын береді. Тараның жүк көтерімділікке қатынасы тараның техникалық коэффициенті деп аталады.

Рельстен оське берілетін жүктеме доңғалақ жұбынан рельске түсетін жүктеме деп
аталады. Пайдаланудағы вагондардың көптеген типтері бар болса және зауыттары соны аз болса және ең бастысы ваондарды жөндеу үшін алыс қашықтыққа айдап олрады болдырмау мақсатында бір тектегі вагонды жөндейтін зауытты мамандандыруы мүмкін емес, экономика жағынан тиімсіз.

Вагонның типін жөндеуге зауыттарды мамандандыруға шешім қабылданды, соныме қатар вагондардың жүріс көлігінің кузовының бір типтігін және климаттық жағдайлары мен вагон асты генераторларының берліс типтерін бірге теміржодың жүк тасу мүмкіндігін арттыруға болады.

Вагонның техникалық-экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткішіне оның өз салмағының коэффициенті жатады.К-Т/Р, мұнда Т-вагонның өз массасы,т; Р-оның жүк көтерімділгі. Бұл коэффициент вагонның өз массасының оның көтерімділігінің әр тоннасына келетін бөлігін көрсетеді.Сондықтан вагонның өз салмағының коэффициенті неғұрлым аз болса,соғұрлым вагон тиімді.

Теміржолдың үстіңгі құрылымы мен жасанды құрылыстарымен вагондардың әсері қос
доңғалақтарынан рельстерге берілетін бір қума метр жолға берілетін күшімен сипатталады, яғни ол біліктен бір қума метр жолға берілетін қысымы.Қос доңғалақтан рельске әсер ететін күш жүк вагондары үшін 228 кН шектелген.

Шекті күш жасанды құрылыстарының беріктілігімен анықталады,және вагондардың негізгі түрлері үшін 1м жолға 88кН болады.Вагонның қума метрлік салмағын көбейту үшін жылжымалы құрам габаритіне сәйкес оның ішкі биіктігі мен енін барынша үлкейту. Вагонның енін белгілегенде оның шанағының жол бұрылысында
көлденеңнен шығу мөлшері және жүктердің, контейнерлердің орналасу жағдайы ескеріледі.

Жартылай вагон атмосфералық ылғалдан сақтауды талап етпейтін температурасы +100°С аспайтын жаппай агрессивті емес, үйілмелі, ұсақ емес, атқарылма, сонымен қатар температурасы +100°С аспайтын тиеу және бекіту ережелерінің талаптарына сәйкес үйілген және дана жүктерді тасымалдауға арналған.

Бақылау сұрақтары:

1. Тара дегеніміз не?
2. Вагон базасы
3. Вагонның жүк көтерімділігі

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:

  1. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  2. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  3. «Білімді информатик» сайысы
  4. Жасанды интеллект деген не?
  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  7. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ