«Қы­зыл кі­тап» поэмасының идеясы мен мазмұны

0
26257

Қа­дыр Мыр­за Әлі – ұлт ақы­ны. Қа­зақ де­ген те­гі мық­ты, та­ри­хы бай, тағ­ды­ры күр­делі, түй­сі­гі мың қат­пар, қал­та­рыс­ты, ас­тар­лы, тыс­ты, ала­пат тіл­ді, қа­бі­лет­ті қа­һар­ман,  қай­сар ха­лық­тың тұң­ғиы­ғы­на бой­лап, кең­ді­гі­не ке­піл боп, бі­ті­мі­мен бі­те қай­на­сып, ұлылы­ғын, ру­хын, ар-ұя­тын, үмі­тін ба­рын­ша әс­пет­тей оты­рып, кем­ші­ннің мі­нін, қай­ғы­сын,  со­рын аза­мат­тық тұр­ғы­да қа­зып ай­та ал­ған, сын­шыл да ой­шыл ақын.

Күләш Ахметова

Неге ауылдың лайладым бұлағын?
Неге аттым тауешкінің лағын?

Қадыр Мырзалиев

Оның қа­ла­мы­нан ту­ған ер­те­гі­лер мен бал­ла­да­лар, сю­жет­ті өлең­дер мен пей­заждар, мы­сал­дар мен ма­зақ­та­ма­лар, жа­ңы­лт­паш­тар мен жұм­бақ­тар, са­на­мақ­тар мен  диа­лог­тер қа­зақ ба­ла­лар әде­бие­ті­нің клас­си­ка­сы­на қо­сы­лып, сә­би оқу­шы­ның ру­хани тә­бе­тін ашып, ой-са­на­сын оя­тар хрес­то­ма­тия­лық үл­гі­лер­ге ай­нал­ды.

Әбіш Кекілбаев

Білгенге маржан. Орал қа­ла­сын­да Қа­дыр Мыр­за­лиев атын­да­ғы Өнер жә­не мә­де­ни­ет ор­та­лы­ғы  ор­на­лас­қан. Ор­та­лық­та түр­лі ша­ра­лар мен әде­би-мә­де­ни кеш­тер­ді өт­кі­зу­ге ар­нал­ған  кон­церт, кон­фе­рен­ция зал­да­ры, ам­фи­театр жә­не кі­тап­ха­на бар. Ор­та­лық зал­дар  за­ма­науи тех­ни­ка құ­рал­да­ры­мен қам­тыл­ған.
Ғи­ма­рат ал­дын­дағы үл­кен LED эк­ран­да қаламгердің афо­ри­зм­де­рі жа­зыл­ған жә­не
фо­то­су­рет­те­рі­нен жа­сал­ған бей­неро­лик көр­се­ті­ліп тұ­ра­ды. Сон­дай-ақ мұн­да ке­лу­ші­лер
қа­лам­гер­дің пай­да­лан­ған зат­та­ры жә­не же­ке кі­тап­ха­на қо­рын та­ма­ша­лай ала­ды.

*******

Қадыр Мырзалиевтің тақырыптарының бірі – табиғатты жырға қосу. Ақын табиғат сұлулығын «Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде  жайлауы» атты өлеңдерінде ерекше бір сыршылдықпен жырлайды. Ал «Мүйізтұмсық немесе  миллионның тағдыры» немесе «Қызыл кітап»  шығармаларында экология мәселесін көтерді. «Адам өрісі кеңіген сайын  аң-құстың өрісі тарыла түседі» деп ақынның өзі айтқандай, адам баласы өзінің  де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндады.  Поэмадағы лирикалық кейіпкер табиғатты жойып алудан қорқады:

Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды,
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды

Шошып кетем
Шаншығалы жатқандай дәу жайынды!
Ақын өзінің азаматтық үнін, көкейкесті ойын былай білдіреді:
…Аяймын мен анасыз,
Атасызды,
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.

Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық! –
деп, күйіне отырып, кешірім сұрайды:
Кешіре гөр біздерді,
Әулие көл!
Кешіре гөр біздерді,
Қыр киелі!

Автор табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшараралық мәселе ретінде қарастырып, оқырманды Америкаға да, Африкаға да,  Еуропаға да апарады, бір кездерде мұнда адам саудасы болғанын да айтады.

Кейбір халықтың жойылып кеткенінен шошынады. Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды.

Поэманы не себепті «Қызыл кітап» деп атағанын аңғартады:
…Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
… Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Ақын саналы адам болғандықтан, табиғатты қорғау парызымыз екенін
айта келе:

Орнында ма санамыз?
Күшіміз де?!
Мамонт құсап
Жігіттік,
Азаматтық
Қалған жоқ па көміліп ішімізде?! –
деп ойлануға шақырады. Ата-баба салтын ұмытпау керектігін есімізге салады:
Жақсылықтың алдында бас иетін
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса, не болмақ перзенттерін?
Ер жоғалтса, не болмақ қасиетін?!

Табиғат пен адам арасындағы үндестік, қоршаған ортаны қорғаудың
маңыздылығын поэмада былайша түйіндейді:
Одан көріп,
Ақыры бұдан көріп,
Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ