Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы (сабақ жоспары)

0
1793
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің мазмұнын, идеясын оқушылардың өз бетімен меңгерулеріне жағдай жасау;

ә)дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу;

б)тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге, білімді болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық, оқушыларды топқа бөлу

І.Қызығушылықты ояту
Кіріспе.

«Басқа халықтан кем болмас үшін біз бай, күшті, білімді болуымыз керек.Бай болу үшін кәсіп керек, күшті болу үшін бірлік керек, білімді болу үшін оқу керек,осы керектердің жолында жұмыс істеу керек».

А.Байтұрсынов

ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Білу және түсіну. 

Ыбырай шығармашылығының антологиясы

Ыбырай Алтынсарин:

  • Оқушылыр Ыбырай шығармашылығы бойынша айтады. Оқулық авторы
  • Шешен
  • Жазушы
  • Этнограф
  • ағартушы

«Деректер сөйлейді»

Топқа сандар жазылған қағаздар беріледі.Жазылған жыл тұсына Ыбырай өміріне қатысты деректер жазу керек. Топтар жұмыстарын ауыстырып,интерактивті тақтада көрсетілген дұрыс жауаптармен тексереді.

ІІ.Мағынаны тану.
Қолдану және талдау.

— Балалар, бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай әңгімелерімен» танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не? ( Дәптерлеріне түртіп алу.)

— Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма. Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы.
Шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады

Ыбырай – шағын әңгіме шебері

Ыбырай әңгімелерінен үзінді беріледі. Үзінді бойынша шығармаға сатылай кешенді талдау жүргізіледі.

1)… күн сайын өз бейнетімен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәм тәтті, сіңімді болады екен.

2)Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын.

3)Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым…

4)Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен…

5)… аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең-көптен де құры боласың…

6)Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табалық.

Өзекті мәселе – көрікті ой
Топтық жұмыс.

І топқа – «Мейірімді бала» әңгімесін талдайды
ІІ топқа – «Атымтай Жомарт» әңгімесін талдайды.

Жазушы көтеріп отырған маңызды деген мәселелерді ата. Автор көтеріп отырған маңызды мәселені өз көзқарасыңмен дәлелде.

ІІІ.Толғаныс.
Жинақтау және бағалау.
«Үш жақты күнделік»

Мәтіндегі ең маңызды өзіңізге ұнаған үзінді Өзінің пікірі Лайықты мақал

«Тобықтай ой…» (Ыбырай әңгімелерінен алған тәлім-тәрбием) пікір-сын, ойтолғау, эссе жазу.

Бағалау. Топ мүшелері өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма:

1.“Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер”тақырыбына шығарма жазу.

2. “Қазақ хрестоматиясы” оқулығы туралы қосымша мәлімет

Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Әңгімеде не әсер етті?
Несімен әсер етті?

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ