Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

0
2234
Иллюстрация: Freepik.com

Тозған қазды

Топтанған қарға алады.

***     ***

Теңге – тиыннан,

Ынтымақ – ұйымнан.

***     ***

Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем болар.

***     ***

Көнектен шошынған бие оңбас,

Көптен бөлінген үй оңбас.

***     ***

Қырық кісі – бір жақ,

Қыңыр кісі – бір жақ.

***     ***

Көптеген жау алады,

Көмектескен дау алады.

***     ***

Күшенген жеңбейді,

Күші көп жеңеді.

***     ***

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш – орман.

***     ***

Аздың азаншысы болғанша,

Көптің қазаншысы бол.

***     ***

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

***     ***

Тоқтығында жараспаған,

Аштығында қараспайды.

***     ***

Қосылғанның қол ұзын,

Қос керуеннің жолы ұзын.

***     ***

Ынтымақ жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді.

***     ***

Ынтымақсыз елді ұрысы билейді,

Ынтымақты елді дұрысы билейді.

***     ***

Бір кісінікі – мақұл,

Екі кісінікі – ақыл.

Тірлік басқа болса да,

Тілек бір.

Саусақ басқа болса да,

Білек бір.

***     ***

Ит пен ит ырылдасса,

Тамағының тоқтығы.

Жігіт пен жігіт қырындасса,

Ынтымағының жоқтығын.

***     ***

Жері азған елді тоқшылық болмайды,

Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды.

***     ***

Берекені көктен тілеме,

Бірлігі мол көптен тіле.

***     ***

Бірікке бітіреді,

Ұйымдасқан ұтады.

***     ***

Саусақ ашылса – қылдырық,

Жұмылса – жұдырық.

***     ***

Бас жарылса, бөрік ішінде.

Қол сынса, жең ішінде.

***     ***

Бірлігі күшті ел азбайды,

Пішуі кең көйлек тозбайды.

***     ***

Көңілің тарпаған іске қол ұрма.

***     ***

Басқа материал:

  1. Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
  2. Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ