Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз

0
1226
Иллюстрация: Freepik.com

Қасым шығармашылығы-қазақ поэзиясының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлендерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомартық сезімді терең көрсетті.

Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. Сондай көрнекті шығармаларының бірі «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының үздік жетістігі болып табылатын бұл туындығы жас ақын Абдолла шығармада намысқой, Отансүйгіш, батыр, қайсар тұлға ретінде суреттеледі.

Дәл осы батыр бейнесін шығармада Абдолла жау әскерінен саспай, жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, ауыл үшін сұрапыл ұрысқа ерлікпен қатысқанын байқай аламыз. Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев «Жау қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі» — батырлықтың асқар шыңындай секілді.

Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады»- деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын обрызды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады.

Ерлік салт пен антына берік жауынгер кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толығы түседі. Ұлы Отан соғысының қызу кезінде жазылған бұл поэма сол кездің өзінде-ақ жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, ашыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес.

Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезіміммен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты»- деп жазған.

Шығарманың басты идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жерінде деген сүйіспеншілік. Абдолла есімі-нағыз батыр бейнесі ретінде ұрпақ жүрегінде мәңгі қалмақ. «Ақының адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»- деп Тахаиу Ахтанов атамыз айтқандай Қасым дәл осы туындысымен бірге біздің арамызда.

Міне, осынау қаң майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпаққа қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау болашақ ұрпқтың қолындаекенін ұмытпайық!

Ұқсас материал: 

  1. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
  2. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
  3. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  4. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  5. М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңы
  6. М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
  7. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  8. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  9. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  10. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ