Жәндіктер туралы қызықты дерек

0
2319
Иллюстрация: Freepik.com

— Әлемде аралардың 20 мыңға жуық түрі бар. 500 гр бал жинау үшін аралар 2 миллионнан аса гүлден нектар жинайды.

— Әлемде құмырсқаның 8800-ге жуық түрі бар, сондай-ақ құмырсқалар — ешқашан ұйықтамайтын жәндіктер.

— Құмырсқа 2 апта бойы су астында өмір сүре алады. Сондай-ақ өз денесінен 50 есе ауыр салмақты көтере алады.

— Тарақанның ұрғашысы жылына 2 миллион жұмыртқа жұмыртқалайды. Тарақан 9 күн бойы өзінің басынсыз өмір сүре алады.

— Әлемде өрмекшінің 35 мың түрі бар.

— Қоңыздардың 400 мың түрі бар.

— Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км-ді құрайды.

— Шегірткелер өз денесінен 40 есеге дейін ұзаққа секіре алады. Қара шегірткенің құлақтары алдыңғы аяқтарында орналасқан.

— Шегірткенің қаны ақ болады.

— Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.

— Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.

— Бүргелер өз денесінен 100 есе ұзын жерге секіре алады.

— Дәуіт — басын бұра алатын жалғыз жәндік. Аталық дәуіт аналық дәуітті 11-12 шақырымнан сезе алады.

— Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.

Басқа материал:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ