Жаңа жылға арналған сценарий

0
14923

1-Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар!  «Құлыншақ» және «Шұғыла» тобынының балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

2-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Ұлмерей: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!

Жасұлан: Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Раяна: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Інжу:   Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.

Екі шеңбер болып, шыршаны айналып, көңілді әуенге билеу.

Хор:   «Елочка»

1-Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.

Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

Мұстафа: Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер

Аягөз: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған

Әділжан:  Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?

Ақтілек:  Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

2Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр.

Көңілді әуенмен. Сиқыршы келеді.

1-Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Сиқыршы! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол!

Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге, шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін.

Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді, шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлейміз. (Балалар үрлейді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.

Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.

Қоян мен қасқыр келеді. Қап, бәлем музыкасымен.Қоянның қолында құмыра болады.Аяз атаның киімін киеді,.ал, қасқыр ақшақар киімін киеді.

2.Жүргізуші: Балалар, бұл кейіпкерлер қай мульфильмнен? Естерімізге түсірейікші.
Қоян: Салеметсіздерме балалар!.Жаңа жылдарың құтты болсын!.Жаңа сендердің балалабақшаларыңа келе жатқан да мына құмыраны тауып алдым.(Екеуі таласады).

Құмыраны жерге түсіріп алады.

Ішінен мыстан кемпір шығады.
Мыстан:
Мен шықтымау ақыры, мына қараңғы жерден. Мені сиқыршы сиқырлап тастап еді.

Мына шыршаның әдемісін ай.Үйіме алып кетсем бе екен.

Сиқыршы:Мыстан, енді сені қазір тағы да сиқырлап тастаймын.Балалардың мерекесіне кедергі келтірме.Одан да біз бен бірге жаңа жылды қарсы, ал, балалардың өнерін тамашала.

Мыстан:Менің бір шартым бар, мен сендерге жұмбақ айтамын жауабын тапсаңдар мен де қаламын, ал егер таба алмасаңдар шырша менікі.

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)
  2. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.( аяз)

Жұмбақ шешіледі.Мыстан кемпір қалады.

1-жүргізуші:Балалар, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?.

Сиқыршы: .Мүмкін, адасып кеткен шығар.Біз Аяз атаны іздеп келейік.

Қоян,  қасқыр, Сиқыршы кетеді.

2-жүргізуші.Мыстан әже, сізбен бірге, балалар ойын ойнағысы келіп отыр.Қалай қарайсыз!.

Ойын: «Байпақ». 2ойыншы 2 сыңарды бөліп алады, біреуі оң, екіншісі сол аяғынікін киеді, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет (балалар, ата аналармен).

Мыстан: Неткен күшті, ақылды балалар, сендер шаршамадыңдар ма?, мен  шаршадым, мен енді қайтайын, жақсы тілегін айтып кетеді.

1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2-жүргізуші:
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Бишілерге кезек береміз.

Би:  «Ай мен жұлдыздар

1-Жүргізуші:Балалар, Аяз атаны шақырайықшы мүмкін естіп қалар.

Балалар: Аяз ата-3 рет

Аяз Ата мен Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).Орманда адасып жүр едік.Мына жұлдыздар мен айдың жарығының көмегімен сендер жіберген қоян мен қасқырдың арқасында сендерге де жеттік ау.
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар:Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Ит  жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.

Хор: «Аяз ата»

Арша: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл,
Ата-әже, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл.

Қонысбек: Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың

Надежда: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.

Маңдайлы: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.

Ән: «Шыршаға бардық»  Арша, Жансель

2-Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

Би: «Аққала»

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Әмина: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарап жылыстап.

Нұрсая: Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.

Санжар: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

Данияр: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.

Ақшақар: Қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер!Енді балалар ата-аналарымызбен ойын ойнап серігіп алайық.

Ойын:   «Қырықаяқ»      

Ойын шарты:5 бала 5 анасы шығады.  2 топқа бөлініп ойнайды

Аяз ата: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Сиқыршы сиқырлап тастамадыма екен! Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме!

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1-жүргізуші: Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық  Ит жылын
Ұзатып сап Тауықты
Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды  қошеметпен қарсы алайық!

Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Ит» , «Тауық» кіреді)

Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!.

2-жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.

Құрметті достар!  Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық.  (тауық кетеді).                                                                                                                                                                      

Ит: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.

Мен Жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
— Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жылы сөздер жазылған жүрекшелер шашылады),

1-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың -ендігі кезекті, балалардың тақпақтарына берейік.

Томирис: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Айнара: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.

Дарын: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз.

Бағдат:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға

Жансель:Аяз келді,  қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты

Мейіржан: Жапалақтап ақшақар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Інжу Н:Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Хор: «Жаңа жыл»

Сыйлықтар таратылады

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім!  (таратып береді).  Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.

Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар.

1-жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды.  Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа 2018 жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт, қуаныш нұры жаусын!.

2-жүргізуші: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.

Бірге: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Дереккөз: Sabaqtar.kz

Ұқсас материал:

  1. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  2. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  3. Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты. (сценарий)
  4. «Кош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік сценарий
  5. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  6. «Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылға арналған сценарий


ПІКІР ҚАЛДЫРУ