Жаңа жылым, қош келдің!

0
2382

Залдың ортасындағы жасыл  шырша  алуан  түрлі  ойыншықтармен әсем  безендірілген.  Балалар  музыка   әуенімен  қол  ұстасып  залға   келеді  шыршаны   айналып  жүріп  қызықтайды.

Музыка әуенімен  Ұлпақар шығады.

Ұлпақар:  (Жаң  жағына  қарап)

Жаңа  жыл  мерекесін  тойлауға  қазір маған « Балапан»  тобының  балалары    қонаққа  келеді (әндетіп  жүріп   шыршаны  безіндіреді).

Апайлар және  балалар: Әуен  жетегінде  залға  кіреді. (Шыршаны  бір айналып шығады)

Ұлпақар:  О, жарандар,  жарандар,

Қызықтан қалмандар!

Келді  бізгне  қонаққа

Ормандағы бар  жарандар.

Қандай   тату  өздері,

Күлімдейді көздері.

Түлкі:  

Армысындар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа  жылда  жұп  жазбай,

Бірге  қарсы  алайық!

Қоян:

Келді  тағы  жаңа  жыл

Қуантумен  біздерді.

Құтты  болсын  қуаныш,

Құттықтаймыз  сіздерді

Түлкі :  Қымбатты  қонақтар, ата-аналар,  балабақша  ұжымы,  балалар!

Сіздерді  жаңа  жыл  мерекелеріңізбен  құттықтаймыз.   Өмірлеріңізге  шаттық   дендеріңізге  саулық,  отбасыларыңызға  ынтымақ, бірлік тілейміз.  Бүгінгі  «Балапан »тобының  «Жаңа  жылым  қош  келдің» атты  ертеңгілігіне  қош   келдіңіздер!

Қоян:   

Әсем    кештің  ажары

Әсем  бисіз кірмейді.

Кіп-кішкентай  бишілер.

Гномдар  биін  билейді.

(Алихан ,Асанәлі, Бекзат, Мирас, Аидос.)

(Гауһар,Әдемі,Аяна, Жаннұр,  Жанерке.)

Түлкі: Балалар   мерекеміз қызықты болу үшін  ортамызға кімдер  жетіспейді?

Балалар: Аяз ата,  Ақша қар.

Қоян: Әрине, олай болса бәріміз бірге  шақырайық Аяз ата Ақша  қар  3рет

(Әуен   жетегінде) шанамен  келеді.

Түлкімен  қоян: Алақай, алақай!Аяз  ата,  Ақшақар  біздің  шыршамызға келді (Амандасамыз  барлығымыз) Сәлеметсіз  бе   Аяз  ата,  Ақшақар

Аяз  ата:

Ау амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба  қыздарым,

Қандай  жарқын  жуздерің,

Қандаи  әсем  жырларың

Асулармен  алысқан,

Асау   желмен  жарысқан,

Аталалын  сендерге  шарашап келді  алыстан.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен  ақшақармын, сендерге  қысқы  ертегіден келдім .

Мен аққардан.  Күмістен  жасалғанмын.

Менің достарым –боран, асау жел,мен бәріне жақсылық  тілеймін»

Балалар біз  сендердің хаттарыңды  алдық.

Аяз ата:

Балалар  киімдерің қандай  әдемі шыршада әсем  безендірілген екен,бәріміз  бірге  шапалақтайық .

Мен мынау сиқырлы  таяғыммен  шыршаның    шамдарын  жарқыратып жіберейін.               

Қуант бізді  танырқат,

Шамдарынды  жарқырат!

 Жаннұр :  Сәлем  достар,  аман ба?

Нұр  берді шырша  аланға

Жылға жылу шашайық

Тойлап көніл   ашайық.

Ән:  «Шырша  әні»

1. Аппақ   аппақ  жапалақтап

Қар  жауады  тынбастан.

Қалың  орман   қар  жамылған

Маужырайды  түргі  аспан.

  1. Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен  табысқан.

О, алақай,  аяз  ата

Келе  жатыралыстан.

3. Кел  билейік  үйренейік

Ол  келгенше   жаңа  жыл

Кұтты  болсын  ,құтты  болсын,

Құтты  болсы  жаңа  жыл!

Түлкі : Аяз  ата  мына  шырша түбінде  отырып  балалардың  өнерін  тамашалаңыз.

Қоян:

Үйренеміз  өнер  біз,

Шетімізден  шеберміз.

Аяз  ата  өзіңізге

Ән  де  салып береміз.

Жеке  ән: «Ертегілер» (Әдемі)

Ғажайып  түс  көрдім,

Таң   ата  мен  бүгін,

Ертегі  әлемнің  қызығында  жүрдім,

Нұрына  шомылдым бүгін.

Жұлдыз, айы  көркем,

Әдемі еді неткен,

Құстары  сөйлейді,

Бұлттары  тербейді,

Мен  оянып кеттім,  әттең!

К/сы

Ертегілер, ертегілер

Неге  меніертпедіңдер

Әлемдеріңнің  ғажап күйін  шертпедіңдер  сендер?

Ертегілер, ертегілер,

Неге  мені  ертпедіңдер,

Әлемдеріңнің  ғажап күйін  шертпедіңдер  сендер?

Гүл  тердім бұлттардан,

Әр  гүлде бір  арман,

Таусылмайтын тәтті,

Сыя келіп  жатты

Жанбіткеннің  бәрі  маған.

Тақпақтар :

Нұрғанибек: Көрдінбе Аяз-атаны,

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Қызыл екен шапаны

Ерайым: Тамаша ,  тамаша

Шыршамыз  тұр  жараса

Басында  әсем  жұлдызы

Көз  тоймайды  қараса.

 Аяз  ата:   Бәрекелді  қарақтарым өнерлерін  өсе берсін!

Ақшақар : Балалар шыршаның  көңілін  көтеріп  ойын  ойнасақ  қайтеді

Музыка  жетегінде  ойын  «Мысықпен  тышқан.»

 Түлкі :   Жаңа  жылдық  бұл  тойда

Көрсетейык  өнер  біз.

 Тақпақ  айтып ,ән  салсақ

Риза  болар  жылан  жылы.

Музыка    әуенімен   жылан  жылы    келеді.

Қоян :Шынымен, балалар біз бір  жасқа  үлкейдік .

Жылан: Бір жыл  бой  сендермен

Бірге жүрдім, ойнадым

Енді  міне  балалар,

Кезек  келді  қоштасар

 Түлкі: Жылан жылы  жаңа  жылға орнын  сыйлағысы  келіп   тұрған  болар.

Олай  болса  жылан  жылына өз  тілектерімізді  жеткізейік.

Тақпақтар.

АЖАР: Жасыл желек жамылған,

Асыл мойншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

БЕКСУЛТАН: Жаңа  жылды  біз  тойлап,

Шаттанамыз  бәріміз

Кел  жаңа  жыл  біздерге.

Сайықмазақ: музыка әуенімен(Самакатпен  кіреді)

О ,О, мен қандай  әдемі  шырша  мерекесіне  келіп  қалдым.

Балалар сендер сиқыр  жақсы  көресіндерме?

Ендеше  мен  сендерге өз сиқырымды  көрсетіп  кетейің.

Жылан  жылы да  тамашаласын

«Ән»: Ақша қар

  1. Уақытты мол бөлеміз

Қыс қызығын көреміз

Сары аязда шындалып

Шымыр болар денеміз

Қ-сы

Аппақ, аппақ дала

Аппақ ауыл қала

Жапалақтап ақша қар

Жауа берсін жауа

Көңіліміз қаласа

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз

Қыстың  күні  тамаша, тамаша !

  1. Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ  күмісін төхгеді.

Жылан : Рахмет, балалр!  Мен сендерді  ұмытпаймын,  сендерге  сенемін»  Мен сендермен  қоштасатын  кез  келді.  Сау  болындар! Жақсылап  жаңа  жылды қарсы  алыңдар!

Балалар: Сау  болыныз!

Ақшақар :Аяз ата  мен бір  дыбыс  естіп   тұрмың:  бұл не  екен

Аяз ата: Қызым ау, бұл жылқының  тұяғының  дүбірі  емес пе!

Музыка  жетегінде:(тұяқ дыбысын қосады)

Қоян:  Жыл келді   шапқылап,

Қане  қарсы  алайық  жақсылап.

Музыка әуенімен (жылқы  жылы  кіреді)

Мен жаңа  жылмын,

Мен  жаңа  нұрмын

Нұрымды   да  себейін.

Жылымды  да  төгейін.

Балалар: Қош  келдің  жаңа жыл! Хормен

Б Айым :    Келді  міне  Жаңа  жыл  аппақ  болып,

Ән  салып  жұмбақ  болып  тақпақ  болып.

Қонысын  құтты  болсын  Жана жыл.

Қоныпсын  қатарыма  ақ  үй  болып.

Айгерім: Жүзімізде күлкі ойнаш,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Түлкі:   Қане , орман  тұрғындары, тұрындар ,билендер  енжарлықты қуындар

Жаңа  жылға  би  билеп  беріңдер.

Би :«Арива»

Ақшақар :Ата,  балалар  қандай  тамаша.  Осы  өнерлеріне сыйлықтар  бермейміз  бе.

Аяз  ата: Әрине  береміз  балалар ақылды , өнерліекнсіндер біздің  сыйлығымызға риза болыңдар.

Түлкімен  Қоян:

Аппақ    қардай   көңіліміз пәк   болсын,

Аппақ қардай   арымыз  ақ  болсын!

Жаңа  жылға  жаңа  қадам басай ық

Жаңа  жылдарыңыз  құтты  болсын!

Қош –сау болыңдар!

Дереккөз: Sabaqtar.kz

Ұқсас материал:

  1. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  2. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  3. Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты. (сценарий)
  4. «Кош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік сценарий
  5. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  6. «Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылға арналған сценарий
  7. Жаңа жылға арналған сценарий

ПІКІР ҚАЛДЫРУ