1. Ашулану: жүрек және бауыр
Ашулану – күдер үзу, ауырсыну, ашулануға және қауіпке жауап ретінде пайда болатын күшті эмоция. Егер сіз бірден әрекет етіп, оны дұрыс білдірсеңіз, ашулану денсаулыққа пайдалы болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда ашулану біздің денсаулығымызды бұзады. Атап айтқанда, ашулану адамның логикалық қабілетіне әсер етеді және жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупін арттырады.
Ашулану қан тамырларының тарылуына, жүрек соғысының жиілігінің жоғарылауына, қан қысымына және жиі тыныстауға әкеп соқтырады. Ал көп ашуланғаннан артерия қабырғалары тозып, жыртылады. 2015 жылғы зерттеу көрсеткендей, инфаркт қаупі қатты ашуланғаннан кейінгі екі сағат ішінде 8,5 есеге артады екен. Ашулану сонымен қатар цитокиндердің (қабынуды тудыратын молекулалар) деңгейін жоғарылатады, бұл артрит, қант диабеті және қатерлі ісік қаупін арттырады.
2. Мазасыздық: асқазан және көкбауыр
Созылмалы мазасыздық денсаулыққа қатысты бірқатар проблемаларға әкеледі. Көкбауырға кері әсер етіп, асқазанды әлсіретеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мазасыздық жүрек айну, диарея, асқазан ауруларына ұшыратады. Сондай-ақ, қатты мазасыздық біздің жеке өміріміз бен қоғаммен қарым-қатынасымызға зиянын тигізеді, ұйқыны бұзады және денсаулыққа салғырт қарауымызға әсер етеді.
3. Қайғы, мұң: өкпе
Қайғы, мұң сияқты эмоциялар өкпені әлсіретеді, тез шаршатып, тыныс алуды қиындатады. Бұл тыныс алудың табиғи ағынын бұзады, өкпе мен бронхты тарылтады. Егер көңіл күйіңіз болмай, мұңға батып жүрсеңіз ауаның өкпеге келуі және шығарылуы қиындайды, ол астма мен бронх ауруларына әкелуі мүмкін.
Депрессия мен меланхолия теріні бұзады, қандағы оттегі мөлшері төмендеп, іш қатуы мәселелерімен бетпе-бет келесіз. Күйзелісте жүрген немесе соған бейім адамдар оп-оңай артық салмақ жинайды немесе жоғалтады. Әрі олар есірткі және басқа да зиянды заттарға әуестеніп кетуі, тәуелденуі де оңай. Егер сіз қайғырып жүрген болсаңыз, көз жасыңызды еріксіз тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені осылай ғана Сіз бұл эмоцияларды сыртқа шығара аласыз.
4. Стресс: жүрек және ми
Стресс әр адамның бастан кешіретін халі және оған әркім әр түрлі жауап қатады. Аздаған стресс денсаулыққа пайдалы, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Алайда, егер стресс тым көп болса, бұл жоғары қан қысымына, астмаға, асқазан жарасына және тітіркенген ішек синдромына әкелуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, стресс жүрек ауруларының пайда болуының негізгі себептерінің бір.
Ол қан қысымын және холестерин деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар темекі шегу, физикалық белсенділіктің болмауы және артық тамақтану сияқты жаман әдеттерге есік ашады. Ал аталған факторлар қан тамырларының қабырғаларына зақым келтіріп, жүрек ауруларына әкеледі.
5. Жалғыздық: жүрек
Адам жалғыз қалғанда ми күйзеліс тудыратын кортизол сияқты стресс гормондарын шығарады. Бұл өз кезегінде қан қысымына және ұйқының сапасына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, жалғыздық психикалық аурудың пайда болу ықтималдығын, сонымен қатар жүректің коронарлық ауруы мен инсульт қаупін арттырады. Жалғыздық иммундық жүйеге де теріс әсер етеді. Жалғыз адамдарда стреске жауап ретінде қабыну жиі кездеседі, бұл иммундық жүйені әлсіретеді.
6. Қорқыныш: бүйрекүсті безі мен бүйрек
Қорқыныш біздің бүйректерімізді, бүйрекүсті бездерімізді және репродуктивті жүйемізді қажытатын мазасыздыққа әкеледі. Бәрінен бұрын қорқыныш бүйректе жиі зәр шығару түрінде көрініс береді, басқа да бүйрек проблемаларын «оятады». Сондай-ақ, қорқыныш бүйрек үсті бездерінің денеге зиянды әсер ететін стресс гормондарын көбірек бөлуіне әсер етеді.
7. Шок: бүйрек және жүрек
Кенеттен болған қатты соққы біздің денсаулығымызға, әсіресе бүйрек пен жүрекке зиянын тигізуі мүмкін. Травматикалық реакция бүйрекке түсетін адреналиннің көп мөлшерін өндіруге әкеледі. Бұл жүрек соғысының жиілеуіне, ұйқысыздыққа, стресс пен мазасыздыққа әкеледі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Шок тіпті эмоцияларға жауап беретін ми бөлімінің құрылымын да өзгерте алады.
Эмоционалдық соққының физикалық салдарына энергияның құлдырауы, терінің бозаруы, тыныс алудың қиындауы, жүректің жиі қағуы, ұйқы және ас қорытудың бұзылуы, жыныстық дисфункция және басқа да созылмалы аурулар жатады.
8. Жек көру: бауыр мен жүрек
Бұл эмоция жоғары қан қысымының пайда болу қаупін арттырады. Сондай-ақ, ашуланшақ адамдар мінезі салмақты жандарға қарағанда ағзадағы барлық жасушаларының тезірек қартаюына бейімдірек келеді. Жек көру, жақтырмау сезімдері бауырға да зиян. Бір сөзбен айтқанда, сіз бауыр мен өт қабына зиян келтіретін токсиндері бар лас ауамен тыныстағандай боласыз.
9. Қызғаныш пен көре алмау: ми, өт қабы және бауыр
Өздеріңіз білетіндей, қызғаныш ойлауды баяулатады және нақтылықтан, салқынқандылықтан айырады. Сонымен қатар, қызғаныш стресс, мазасыздық және күйзеліс белгілерін тудырады, бұл қандағы адреналин мен норепинефриннің шамадан тыс өндірілуіне әкеледі. Қызғаныш өт қабына теріс әсер етеді және бауырдағы қанның тоқырауына әкеледі. Осылайша иммундық жүйе әлсіреп, ұйқысыздық, қан қысымының жоғарылауы, холестериннің жоғарылауы және ас қорытудың нашарлауы сияқты мәселелерге тап боласыз.
10. Дабыл (тревога) асқазан, көкбауыр, ұйқы безі
Мазасыздық – өміріміздің қалыпты бөлігі. Мазасыздық тыныс алу мен жүрек соғуын күшейтіп, мидағы концентрация мен қан ағымын арттырады, яғни денсаулыққа пайдалы. Алайда, беймазалық өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналған кезде, бұл физикалық және психикалық денсаулыққа зиянды әсер етеді.
Асқазан-ішек аурулары да көбінесе осы беймазалықпен тығыз байланысты. Асқазанға, көкбауырға және ұйқы безіне кері әсер етеді, ас қорыту, іш қату, ойық жара сияқты келеңсіздіктерге әкеледі, созылмалы аурулардың даму қаупі бірнеше есеге артып кетеді.