Жалпы медицинаға түсу үшін таңдайтын бейіндік пәндер: химия және биология
2020 жылғы көрсеткіш бойынша жалпы медицина мамандығына бөлінген жалпы грант саны — 2431. Асфендияров университетіне 500 атаулы грант бөлінеді.
Жалпы грантқа түсу үшін минималды балл — 103.
Медицина ғылымының салалары:
— МЕДИЦИНА — адам денсаулығын зерттейтін ғылым;
— СОМАТОЛОГИЯ — адам дене мүшелері мен дене бітімін зерттейтін ғылым;
— ПАТОЛОГИЯ — ауру мүшелерді зерттейтін ғылым;
— НЕВРОПАТОЛОГИЯ — жүйке жүйесінің (ми) ауруларын зерттейтін ғылым;
— СТОМАТОЛОГИЯ (одонтология) — тіс және жақ сүйегін зерттейтін ғылым;
— ТРАВМАТОЛОГИЯ — жарақаттанған мүшелерді зерттейтін ғылым;
— ОРТАПЕДИЯ — тірек-қимыл жүйесін зерттейтін ғылым;
— ДЕРМАТОЛОГИЯ — теріні зерттейтін ғылым;
— ПЕДИАТРИЯ — нәрестелер мен балардың ауруларын зерттейтін ғылым;
— ОНКОЛОГИЯ — дене мүшелерінде пайда болған ісіктерді зерттейтін ғылым;
— ХИРУРГИЯ — дене мүшелерін арнайы медициналық аспаптармен тілу, кесу арқылы емдеуді зерттейтін ғылым және т.б
«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша медицина бакалавры.
Оқу ұзақтығы 6 жылды (5+1) құрайды, ондағы оқудың соңғы 1 жылы – интернатура. Мұнда «Дәрігер» біліктілігін бере отырып, жоғары медициналық білімі бар маман даярлауды көздейді.
5 жыл базалық оқудан кейін бітірушіге «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры» дәрежесі беріледі.
Басқа материалдар:
- Аударма ісі маманын оқытатын университтер
- Журналистика және репортер ісін таңдаған түлек білуі қажет мәлімет
- Талапкер назарына: Социолог деген кім?
- Мұнай газ-ісі мамандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігі
- Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
- SMM маманы деген кім?
- Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
- Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
- Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
- «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
- «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
- 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ