Жанұя – қамқорым, ата-ана тірегім! (отбасылық сайыс)

0
4107
Иллюстрация: Freepik.com

Түйіндеме: Тәрбие сағатында отбасы тәрбиесі сөз болады. Атап айтқанда, халықтық өнерді үйрене отырып, оны сақтай білу, кейінгі ұрпақты ұлттық бағытта тәрбиелеу. Тәрбие барысында ата-ана мен бала арасындағы қатынастың өзара ынтымаққа, түсіністікке, ортақ бір мүддеге құрылуының маңыздылығының басым екені көрсетіледі.

Классный час посвящен вопросу семейного воспитания. В частности, обучению детей
национальному искусству, сохранению и воспитанию подрастающего поколения национальным традициям. В процессе воспитания важна взаимосвязь и соледарность между родителями и детьми.

The class hour is devoted to the issue of family education, in particular, teaching children to
national art, preserving and educating the younger generation in this direction. In the process of education to be able to show the importance of the relationship between parents and children, solidarity and understanding between us

Мақсаты: Ата — аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт — дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән — би, қолөнер тәрізді
халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы -Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ — бірлік туралы мақал — мәтелдер, әр отбасына арналған слайд — шоу.

Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар»,- дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда
ұйымдастырылып отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық!

Жоспар
1. Таныстыру.
2. Өнер сайысы.
3. Көрініс көрсету.
4. Көңілді аспаздар (аналар сайысы)
5. Сурет салу (әкелер сайысы)
6.Отбасылық ойын.
7.Қорытынды.

Жүргізуші:
Келді міне, бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, — деп әділ-қазыларды таныстырып өту.

1.Таныстыру.
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
(Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді)

2.Өнер сайысы.
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында, — демекші ата — ана мен бала арасындағы өнерлерін тамашалайық. (Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді)

3.Көрініс көрсету.

4.Көңілді аспаздар.(аналардың тағамдары)
Анашым шуақ септің көңіліме
Нұр болып төгілесің өміріме
Ризамын тағдырыма өтсем егер
Сай болып өзің артқан сеніміңе,- дей келе, келесі кезекті
аналар сайысына береміз. Сайыс «Көңілді аспаздар» деп аталады. Аналарымыз үйден әзірлеп келген дәмді тағамының жасалу жолын айтып өтеді.

5.Сурет салу.(әкелер сайысы)
Әкешім асқар тауым, бәйтерегім
Балаңды дәстүрменен мәпеледің
Ержетіп, азамат боп болашақта
Абырой мен алғыстар әкелемін
Жақсылыққа жетелер қыран құстай
Аман- сау жүріңіздер, әкелерім,- дей келе келесі кезекті әкелер сайысына береміз. Сайыстың шарты бойынша сайысқа қатысушы әкелеріміз белгілі бір уақытта кезкелген тақырыпқа сурет салып беруі қажет.

6.Отбасылық ойын.
Отбасыларын эстафеталық мәреге тұрғызу.
1. Шарды екі аяқтың ортасына қойып, межеленген жерге дейін шапшаң барып, берілген есепті шығарып, қайта сол жүріспен орнына келіп, шарды келесі жарыскерге беру.

Қорытынды: Әділ — қазыларға сөз беру

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Тіл сырына саяхат. Артық болмас, білгенің…
  2. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  3. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  4. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  5. Тіл өнері мен сөз құдіреті туралы мақал-мәтелдер
  6. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  7. Қазақ халқының саңлақтары
  8. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы
  9. Ата-ананың парызын, өтеу — сенің қарызың (эссе)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ