Мен және менің отбасым (сабақ жоспары)

0
3606
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға отбасы туралы ұғым бере отырып,отбасындағы һзінің орнын түсінуге жағдай жасау; отбасы қамқорлығымен қатар сол ортада өзінің де еңбек етуі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуі,әдепті сөздер мен өнегелі істер істеуі керектігін ұғындыру.

ә) Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің дамуына жан-жақты жақсы сөздер арқылы тәрбиелеу.

б) Адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын түсінуіне мүмкіндік туғызу.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Көрнекілігі: бейнетаспа, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

«Біз бір отбасымыз…» тренинг
Домалақтанған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын тілек айту арқылы шаңырақ жасайды.

Миға шабуыл
— Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.

1. Не тәтті? (Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)
3. Не қатты? (Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? (Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)

5. Не қымбат? (Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт — береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)

Бақылау күнделігімен жұмыс
Бүгінгі ауа райы қандай? (бүгінгі ауа райына сипаттама жазу)

II. Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін  Отаннан кейінгі қасиетті ұғым — отбасы болса керек. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған.

Балалар, бір әулеттен тараған бірнеше ұрпақтың бірге тұруын «үйелменді отбасы»-деп
атайды. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек. Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасындағы адамдар бәрі бірін — бірі жақсы көреді және қамқор болады.

Бой жазу жаттығуы.
Ата — ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
— Бүгінгі жаңа сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ол үшін топтарға бөлініп алуымыз керек.
(оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру)

— Қазір сабағымызда топпен жұмыс жүргіземіз,топпенен таныстырып өтейін.

І — ші топ « Қамқоршы» тобы.
Топ басшысы: Ділдахан Жандос,

ІІ — ші топ «Жәрдемші» тобы.
Топ басшысы: Бауыржан Айнұр.

ІІІ — ші топ «Көмекші» тобы.
Топ басшысы: Темірғали Диана.

Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру керек.

— Осы кезде есік қағылады.
— Балалар, бізге атамызда келіп қалған екен, төрлетіңіз!

Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны.
Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет — ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер — кішіге ақылшы, кішіге – көмекші).
4. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата — анасына)
5. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)

6. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 — бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
7. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
8. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
— Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.(мағынасын түсіндіру)

«Отбасы» атты бейнетаспа көрсетіледі.

Өзекті жағдаят.
— Егер сен ренішті, келеусіз, жағдайға тап болсаң, кімге барып айтасың? Неге?
— Біздің елімізде аталарды қандай наградалармен марапаттайды.
— Атаның қолын, жүрегін алтынға теңейді? Неге?
— Отбасы мүшелерінің бір – біріне қамқорлығы туралы не айтуға болады?
— Отбасында өзіңнен кішілермен қандай қарым – қатынаста боласыздар?

Топтық жұмыс

І топ « Қамқоршы» тобы:
Берілген сөздерді қатыстырып «Отбасы» тақырыбында әңгіме құрастыру.

ІІ топ «Жәрдемші» тобы: Отбасы жайында мақал – мәтелдер жазу, мағынасын түсіндіру.

ІІІ топ «Көмекші» тобы:
«Сенің ойыңша отбасы қандай болу керек?» тақырыбында сурет салу.

ІІІ.Қорытындылау. Оқушылардың қолдарына парақ қағаздар беріледі.Сол қағаздарға өз ойларын жазып төмендегі бөліктерге жапсырады.

Не білдім? Не білгім келеді?
   

ІҮ.Бағалау.
Топ басшыларының қолдарындағы бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланады.

Ү.Үйге тапсырма. «Менің отбасымдағы сыйластық» тақырыбында эссе жазу.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  5. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  6. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  7. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  8. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  9. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  10. Қазақ халқының ұлттық ойындары (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ