Абылай ханның өмірі мен қайраткерлік жолы (сабақ жоспары)

0
1388

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.

Дамытушылық: Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отырып, оқушыларды қаhарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Типі: Жаңа материалдарды меңгерту.

Әдісі: Топпен жұмыс, ойын элементтері, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, математика.

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстаннның саяси картасы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр хан портреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін бізге:
Көз не үшін керек?
Қол не үшін керек?
Құлақ не үшін керек?

Олай болса:
Білім деген байлық бар.
Соны оқып біліп ал
Еш байлық оған жетпейді.
Қусаң да ол сенен кетпейді.

2. Оқушылармен сәлемдесу, сергіту сәтін орындау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (Сабақ барысында қолданылатын «Қазына аралына барар жол» ойынының элементтерімен таныстыру)

Сыныпты 2 топқа бөлу. I топ «Хандар», II топ «Батырлар»

II. Үй тапсырмасын сұрау. «Жолға дайындық»
Қазынаға барар жолға шығу үшін алдымен біз жүретін жолымыздың қыр-сырын анық біліп алуымыз керек.
Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын.

1. Ауызша сұрау.
2. «Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы» тақырыбы бойынша әңгімелеп беру тапсырылады.
3. Әбілқайыр туралы оқушылардан не білетінін сұрау бес жолды өлеңді жазылуын тексеру.

Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң тақырыпты шолып, қысқаша сабақты
қорытыңдылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне, осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.

III. Жаңа сабақ:
Сабақтың жоспары:

1. Абылайдың өмірі мен қайраткерлік жолы.
2. Абылайдың Шарышпен жекпе-жегі

I. кедергі-«Өткелден өту». Ой қозғау.

Абылай –ол:
Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай-хан, дипломат, батыр т.с.с.

Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға Абылай ханның өмірі туралы және жекпе-жегі туралы қысқаша жазу. (екі топқа беріледі)

II кедергі-«Шөл басу» математикадан шеберлігімізді шыңдаймыз. Тақырыпта кездескен жылдарды математикалық амалдар арқылы шығарып есептейміз.

1715-1680=(Тәуке хан болған уақыт)-35 жыл
3000/2+211=(Абылай хан туылған жыл)-1711 жыл
1000*2-277=(Ақтабан шұбырындының басталған жылы)-1723 жыл
3800/2+91= (ҚР Тәуелсіздігін алған жылы)-1991 жыл

III кедергі — «Қыл көпір» 2 топқа үлестірмелі тапсырмалар беріледі. Әр қайсысы житондармен бағаланып отырады.

Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтар беремін:

1.Әбілмансұрдың ата тегі қайдан шыққан?
2. Әбілмансұрдың «Сабалақ» атану тарихы туралы әңгімелеп беру.
3. «Сабалақ» қалай Абылай атанды?
4. Қосымша деректерді пайдалана отырып, Абылайдың даңқты қолбасшы, кӛреген саясаткер екенін дәлелдейтін мысалдар келтір. (Оқушылардың Абылай туралы қосымша материалдарын сұрап кету.)
5. Абылайдың қасында қазақтың қандай белгілі игі жақсылары топтасты.

Үйге тапсырма: Венн диаграмма:

Бағалау
Бақылау парағымен.

Мадақтау. 

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материал:

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  7. Қонжыққа сыйлық (балабақша жоспары)
  8. Су — тіршілік көзі (балабақша жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ