«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысының жоспары

0
1591
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Жас мамандардың білім көкжиегін ақпараттық технологиялармен байланыстыра отырып, шығармашылығын дамыту;

Тәуелсіздік Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз өлкесінен басталады.

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей келе Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Жүргізуші:

— Армысыздар құрметті бүгінгі сайыстың талапкерлері, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арнап ұйымдастырылып отырған «Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысына қош келіпсіздер!

Тәуелсіздігіміздің туын желбіретіп, өзге елдермен тереземізді теңестіретін ол – білім. Сол білім арқылы егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, бұл ақпараттық технологияларды жан – жақты меңгерген ұстаздардың жемісі.

Жүргізуші:

— ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Осы мақсатта Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Жас маман және ақпараттық технология» сайысы ұйымдастырылып отыр.

Жүргізуші:  Ендеше бүгін сайысқа түскелі отырған жас мамандарды ортаға шақырайық.

Қара қылды қақ жарып бүгінгі сайыстың әділ шешімін беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Бағдарламада:
Электронды портфолио.
Microsoft еxcel
Power point
Microsoft word
Өз өнерін көрсету.
Мұғалім портфолиосы.

2.Білгенге: Білім байлық – бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай – деп Омар Шораяқұлы жырлағандай білгенін ортаға салар кез келген тәрізді. Ендеше, келесі бөліміміз — Microsoft еxcel.
Microsoft еxcel – электрондық кестемен жұмыс жасау программасы. Бұл бөлімде әр жас маман қолына берілген тапсырма бойынша Еxcel – де диаграмма құруы қажет. Диаграмма таңдау ерікті.

3.Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,

Тәуекел, күреске түс бар – дағы жең.
Дүниеде барлығыңды кім біледі,
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен! – деген жолдарынан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың адамзат баласына , яғни жастарға үлкен бір күш пен жігер бере жырлағанын айқын көруге болады.Олай болса, тәуекел етіп, жігеріңді жиып, нағыз тартысқа түсетін сәт —

Power paint программасы

Power point – программасы презентациялар мен анимациялар жиынтығы. Мұнда әрбір сайыскер өз қалауынша презентациялар жасау қажет. Уақыт шектеулі 7 мин.

4. Мағжан Жұмабаев:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін — деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді Microsoft word программасы бойынша сайысқа түседі.

Microsoft word – мәтіндік редактор программасы. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерге берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Уақыт шектеулі

Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын ең соңғы шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.

Қорытынды:

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.

Ұқсас материалдар:

  1. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  2. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  5. Жас маманға әдістемелік кеңес
  6. «Жарқын елдің шамшырағы — жас маман» (эссе)
  7. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ