Жатыс септік жалғаулы есім баяндауыш құратын сабақтас құрмалас сөйлемдер

0
1008
Иллюстрация: Freepik.com

Жер қарада, қыстауға көшіп алды үлгісінде  құрылған конструкцияның құрамындағы бастауышы зат есім – баяндауышы жатыс жалғаулы есім болып қатысқан тұлғаның орны, сипаты анықталмаған.Ол бағыңқы қатарында да, үйірлі мүше қатарында да аталмай жүр.

Біз бұл үлгіде құрылған синтаксистік тұлғаны сабақтас құрмалас сөйлемдер ден таныдық – жер қарада – бағыңқы компонент. Қыстауға көшіп алды – басыңқы компонент.

Жер қарада Жер қара типті сөйлем негізінде құрылған. Есім баяндауыш жатыс септік жалғауыш жалғап, құрмалас сөйлем құруға қатысатын болған. Бұл құрылыстағы құрмалас сөйлем мезгілдік қатынасты білдіреді.

Бас аманда, елге жетіп алайық (Ж.Еділбаев). Е, қарағым, көзім тіріде, ер азаматтың ошағының оты өшпегені, терезесінің шамы сөнбегені мақұл ғой (Ә.Шілтерханов). Қағазбай, ел жата, жер қатқақта, жүріп кетеміз дегенді айтты (Б.Соқпақбаев).

Конструкцияның бағыңқысы бар, жоқ сөздерін баяндауыш етіп жиі қатыстырады.

Ұят барда, иман бар. Даусым барда, елім алдында өнер көрсетейін дедім. Әділдік жоқта, бірлік жоқ.

Бағыңқы компонент Мал өрісте, Қар жаууда сөйлемдерге аналогия ретінде пайда болған.

Мезгілдік  мағынадағы бағыңқы негізінен сабақтас құрмалас сөйлем құрамында жұмсалады. Бірақ бұл тұлғада құрылған дара жұмсалатын сөйлемдер де ар: Ораза, айт тоқтықта.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Шартты рай формалы етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  2. Етістіктің көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  3. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  4. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  5. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  6. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  7. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  8. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер және оның грамматикалық-мағыналық түрлері
  11. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның танылуындағы проблемалар
  12. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалуы
  13. Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  14. -майынша, -ғалы, -гелі формалы көсемше қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  15. Есімшелердің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ