Жеке тұлғаның даралығын дамыту тәсілдерінің оқу-тәрбие процесінде қолданылуы

0
701
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Өзін оқыту үшін жауапты және қазіргі замандағы білім берудің барлық жағдайларына бейімдене алатын толық дамыған тұлға қалыптастыру.

Міндеті:Білім берудің сапасын арттыру,шығармашылық жеке тұлғаның табысты дамуына ықпал ететін,оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін зерттеу.

Жеке тұлғының даралығын дамыту –жаңа атау болғанымен,оның Шаталов,Лысенкова және тағы басқалардың педагогикаларынан аса айырмашылығы жоқ. Іс-әрекетердің арнайы реттілігі де жоқ.Жеке тұлғаның даралығын дамытудың негізі-дәстүрлі сабақтар мен оқытудың күнделікті мазмұны көлемінде жеке тұлғаның даралығын дамыту мүмкіндіктеріне анализ жасау.

Күнделікті сабақта тақырып төңірегінде басқару субъектісі-мұғалім. Ал объектсі кім?

Бұл әрине жеке тұлға болуы керек тәрізді. Бірақ олай емес. Жеке тұлға педагогикалық басқару объектісі бола алмайды,өйткені жеке тұлға ішкі және сыртқы күштер әсерімен өсіп дамиды,жетіледі.Сондықтан басқару объектісі жеке тұлғаның даралығы емес,жеке тұлғаның дамитын жағдайлары мен мүмкіндіктері.

Егер адамның өзінің талпыныстарын,бағыт-бағдарын оқу барысында өзгертуге қажеттілігі болса, бұл жерде жеке тұлғаның даралығын дамыту орын алады. Бұл дегеніміз,жеке тұлғаның даралығын дамыту ең алдымен жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға қажеттілігін күшейту деген сөз.

Мұғалім қоғам тәжірибесі көрсететін оқыту мен оқушы тәжірибесі көрсететін оқу бірлескен педагогикалық технологияны өзі жасайды.

Педагогикалық технологияның мазмұны,әдістері мен тәсілдері ең алдымен әр оқушының субъектілік тәжірибесін ашып,қолдануға бағытталуы қажет,тұтас оқыту жұмысын ұйымдастыру арқылы танудың өзіне маңызды тәсілдерінің пайда болуына көмектесуі қажет.

Осыдан мақсат туады: Оқушының қажеттілігін дамытуда педагогикалық көмек көрсету.

  • өзін-өзі танып білуге,өзінің «мен»-іне,өзінің мүмкіндіктерін,өзінің қызметінің қорытындысына қажеттілік-«Өзінді танып біл»бағытында көрсетілген(өзін оқу қызметінің субъектісі ретінде тану:мен жасай аламын ба?бұған әлім келмесе?не жасай аламын деген сұрақтарға жауап)
  • өзін-өзі анықтауға қажеттілік-өзін дамыту мақсатында жұмыс түрін,ұстанамын,қатынасын,таңдауға қажеттілік –«Өзінді таңда» бағытында оқу мақсаттарын,міндетін,тапсырмаларын және оқу жұмысының түрлерін өз бетінше түсініп таңдау:бұл бағытта да мақсатыма жетемін деген сенім.
  • өзінің шығармашылық,өзінің ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру ретінде өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілік-«Өзінді айқында» бағытында көрсетілген.
  • басқа адамдармен бірлесіп дамуға,басқа адамның дамуы арқылы өзін дамытуға қажеттілік-«Бірлесіп әрекет ет»бағытында көрсетілген(оқушының өзін басқа адамдарды дамыту көзі деп,ал басқаларды өз дамуыныңкөзі деп қабылдауа)
  • өзін-өзі реттеуге,өзінің физиологиялық және психологиялық жағдайын реттеуге,өзін-өзі бағалауын реттеуге қажеттілік-«Өзіңді өзің үшін өзгерт»бағытында.

Өзін-өзі тану мүмкіндіктерін туғызуда қолданылатын тәсілдер.Мысалы,берілген тақырып бойынша білімдік картасын жасау арқылы оқушылар өздерінің алдағы жұмыстарын болжап алады.

Не білемін? Не білгім келеді?

 

Тағы бір мысал-Етістік шақтарын қайталауда мұғалім оқушыларға тестік тапсырмаларды береді.Орындалған жұмысты үлгі бойынша тексеріп,өздерін бағалау ұсынылады.Бағалау барысында оқу жұмысы деңгейін ерікті таңдау мүмкіндіктеріне ие болады:грамматикалық тақырыпты меңгерулеріне қарай топтарда таңдаулары бойынша «Тілектер тізімін»(Бұйрық рай), «Кері кеңестер»(Қалау рай), «Қорқынышты оқиғалар»(Шартты рай)ойлап құрастырады.

Өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін жасау(оқу материалы оқушы тапсырмаларды орындауда таңдауға мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылуы қажет,әрине «оңай-қиын»деген түсінікте емес,материалын түсінуге маңыздылығы жағынан,әр тапсырманың сөздік,графикалық,көрнекілік шешімі болуы қажет,ал оқушы солардың ішінен таңдайды,әсіресе жоғары сыныптарда).

Мысалы,Балалар дүкеннен азық-түліктер сатып алды.Олар үйге келген соң мұғалім оларға:Сатып алған тағамдарыңнан бутерброд жасаңдар.Топтарға бірігіңдер,жасаған бутербродтарыңның жарнамасын жасаңдар.

Бұл бағытта оқушыларға тағы да басқа көптеген тапсырмалар беріге болады.Мысалы,9 сыныпта «Отбасы» тақырыбын өткенде мынадай жағдайды қарастыруға болады. Көріспегендеріне 15 жыл болған екі құрбы кездеседі.Оқушыларға Сараның әңгімесі мәтін ретінде беріледі.Оқушылар мәтінді оқып аударады.Содан соң оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынылады.

  1. Сараның өзінің отбасы туралы әңгімесін қайталап айтып бер.
  2. Сараның құрбысы Майраның атынан соңғы 15 жыл ішінде өміріндегі өзгерістер туралы әңгімелеп бер.
  3. Екі құрбының достығы туралы әңгімеле.

Осы тапсырмаларды таңдау барсында топтар пайда болады. Өз бетімен жұмыс қиындықтары туған жағдайда оқушыларға топпен жұмыс жасау мүмкіндіктері пайда болады.

Өзін-өзі жүзеге асыруға тапсырмалар-мазмұнында шығармашылықты талап ететін тапсырмалар.

Өзін өзгертуге,жетілдіруге және дамытуға талпынысын дамыту — «Өзіңді өзің үшін өзгерт».Мұндай тапсырмалар-өте қиын қадам.Мұнда ең басты принцип-жұмысты орындаудың еріктілігі,жұмыстың бағамен бағаланбауы.

Әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастыруы, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруы керек. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп.

Ұқсас материал: 

  1. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі
  2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
  3. Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе, белгілері мен сапа-қасиеттері
  4. Тәрбие теориясы. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Оның міндеттері мен қызметтері.
  5. Терминге қойылатын талаптар
  6. Көркем троптар, олардың түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ