Жоғары деңгейлі программалау жүйесі — Turbo Pascal

0
1560
Freepik.com

Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атаған.

Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі — Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті.

Тілдің алфабиті

Кез-келген тілді үйрену оның алфабитінен басталады. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфабиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфабиті мына символдардан тұрады:

  1. Латын алфабитінің бас және кіші әріптері;
  2. орыс, қазақ алфабитінің әріптері программада түсіндірме мәндерді жазуда пайдаланылады;
  3. Араб цифрлары 0-9;
  4. Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:
  5. Айыру белілері: _ (бос орын), “.”, “,”, “;”, “:”, (), [], “’-дәйекше“, “#-тор“;
  6. Арифметикалық амалдар таңбалары: +, -, *, /, div (бүтін бөлу), mod (бүтін қалдықты анықтау);
  7. Қатынас таңбалары: , =, :=, , =;

1.1.-кесте Паскаль тіліндегі тыныс белгілер

Белгі Қолданылуы

{ } Программаға түсініктеме беруде
(* *) Программаға түсініктеме беруде
[ ] Массив өлшемін белгілеуде
(. . ) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
‘ Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеуде
:= Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператор арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
.. Диапазон типін беруде
. Программа соңында
^ Көрсеткіш типін анықтауда
@ Айнымалылар адерсін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компилятор мәліметін белгілеуде

3. Қызметші сөздер

Pascal тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Pascal-дың қызметші сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс-әрекетті баяндайды.
Мысалы: Progarm – сөзі программаның тақырыбын, begin – программаның басын, end – программаның соңын сипаттауға пайдаланылады.

Белгі Қолданылуы
{ } Программаға түсініктеме беруде
(* *) Программаға түсініктеме беруде
[ ] Массив өлшемін белгілеуде
(. . ) Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
Символдар мен жолдық тұрақтыларды белгілеуде
:= Айнымалы мәнін меншіктеуде
; Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператор арасына)
= Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
, Тізім элементтерінің арасын айыруда
.. Диапазон типін беруде
. Программа соңында
^ Көрсеткіш типін анықтауда
@ Айнымалылар адерсін, қосалқы программаны белгілеуде
# Символды оның коды бойынша белгілеуде
$ Компилятор мәліметін белгілеуде

 

3. Қызметші сөздер

Pascal тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Pascal-дың қызметші сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс-әрекетті баяндайды.

Мысалы: Progarm – сөзі программаның тақырыбын, begin – программаның басын, end – программаның соңын сипаттауға пайдаланылады.

Қызметші сөз Мағынасы Қызметші сөз Мағынасы
Abcolute абсолюттік Label белгі
And және Library библиотека
Array массив Mod бүтін қалдық
Asm ассемблер Nit бос ссылка
Begin басы Not терістеу
Case таңдау Object объект
Const тұрақты Of тип анықтау
Constructor конструктор Or немесе
Destructor деструктор Packed жинақталған
Div бүтін бөлу Procedure процедура
Do орында Program программа
Downto кеміту Record жазба
Else әтпесе Repeat қайталау
End соңы Set көпшелеу
Export экспорт String жол
External сыртқы Then онда
File файл To дейін
For үшін Type тип
Function функция
Forward оздыру Until соған дейін
Goto көшу Uses пайдалану
If егер Var айнымалы
In құрамында While әзір
InLine негізгі With жазба басы
Interface интерфейс Xor немесе кері
Interrupt үзу
4. Идентификатор

Pascal тілінде атауды идентификатор деп атайды, яғни, идентификатор программаның кез-келген элементтіне (айнымалылар, тұрақтылар, функциялар, файлдар, жиындар, т.б.) берілген атау. Олар стандартты және пайдаланушылар идентификаторы болып екіге бөлінеді.

Стандартты функциялар, қызметші сөздер, т.с.с. стандартты объектілер атаулары стандартты идентификатор тобына жатады. Олардың көпшілігі алдын ала орындалатын операция немесе белгіленген элемент туралы мағлұмат беріп тұрады. Мысалы: Real (нақты сан), Writeln (шығару), Begin (басы), End (соңы).
Пайдаланушылар идентификаторы ретінде әріптер мен цифрлар тізбегі алынады. Программалаушы идентификатордың төмендегі жазылу ережелерін білуі қажет:

  • идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен цифрлардан тұрады;
  • Оның құрамында орыс алфабитінің әріптері, арнайы символдар, , әсіресе бос орын болмауы қажет;
  • қызметші сөздер пайдаланушылар идентификаторы бола алмайды;
  • Идентификатордың максималь ұзындығы –127 символ болғанымен, оның тек 63 символы ғана оқылады.

Идентификатор қысқа, әрі түсінікті болғаны дұрыс. Себебі, оның мағынасы болмағаны қателік туғызбаса да, белгіленген программа элементті туралы мәлімет беруі тиімді екенін ескерген жөн. Мысалы, metka12, blok, window1, т.с.с.
Бір программада бірнеше объектіге бір ғана атау беруге болмайды. Бұл шарт орындалмаған жағдайда экранда төмендегідей хабарлама шығады: Error 4: Duplicate identifier (Қате 4: Қайталанған идентификатор).

Идентификатор тағайындауда программалаушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер:
3А — цифрдан басталған;
Nomer.Do — құрамында нүкте бар;
Blok# — арнайы символ қойылған;
My Program — құрамында бос орын бар;
Mod — қызметші сөз қолданылған.

5. Берілгендер типтерінің классификациясы

Программаның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып табылады. Программа құру барысында, программалаушы олардың типтерін алдын-ала анықтауы қажет. Айнымалылар мен тұрақтылардың типтері – олардың мәндерін және оларға қолданылатын әртүрлі өңдеу амалдарын белгілейтін – басты көрсеткіш.
Pascal-да берілгендердің типтерін екі үлкен топтарға жіктеуге болады:

  • Қарапайым типтер (скалярлық);
  • Құрылымдық типтер (структуралық)
Бүтін тип

Паскаль тілінің стандартында бүтін типтің Integer бір ғана түрі анықталса, Turbo Pascal-да стандартты бүтін типтің бес түрі бар: Shortint, Integer, Longint, Byte, Word

Логикалық тип

Паскальда стандартты логикалық тип –boolean (көлемі 1 байт). Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль есіміне байланысты Boolean деп аталады. Логикалық типтегі элемент тек екі мәнді қабыладай алады: true(ақиқат), false (жалған). Логикалық типтің мәні true болғанда 1 санына, false болғанда 0 санына тең болады.

Логикалық типтегі берілгендер программада шартты тексеруде қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: >, =, , = арқылы жазылады. Мысалы, 12 Логикалық типтегі берілгендерге логикалық амалдар қолданамыз. Логикалық амалдар арқылы логикалық өрнектер ұйымдастыруға болады. Логикалық өрнектің нәтижесі әрқашанда екі мәннің true, false біріне тең болады.

Символдық тип

Символдық (литерлік) тип Char ASCII (American Standart Code for Information Interchange) кодының барлық түріне сәйкес келетін символдарды анықтайды. Char типтегі көрсеткіштердің кодын ORD функциясымен алуға болады. Осы кодтары арқылы символдық типтегі көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыруға болады.
Белгілі бір іс-әрекетті атқаратын, басқарушы символдарға 0-ден 31-ге дейінгі код тағайындалған. Символдық тип айнымалылар мәні ‘(дәйекше) таңбасына алынады. Мысалы: ‘A’, ‘$’, ‘2’, т.с.с.
Символдық типтің кеңейтілген түсінігі жолдық тип String болып табылады.

Нақты тип

Паскальдың стандартында нақты типтің бір ғана түрі Real анықталса, Turbo Pascal-да нақты типтің 5 түрі қолданылады: Real, Single, Double, Extended, Comp
Мұндағы Single, Double, Extended, Comp типтерін компьютердің жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі бұл нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны жөн.

Нақты типтегі сандарды жазудың екі тәсілі бар: әдеттегідей және экспоненциал.
Өте үлкен және өте кіші нақты сандарды жазуда 10 санының дәрежесін қолданған ыңғайлы (12*10-16, 3*108). Осындай сандарды экспоненциал түрге келтіру үшін 10-ның орнына Е символы және дәреже көрсеткіші жазылады.
12*10-16 12Е-16
3*108 3Е+8
Кез-келген нақты типтегі сан компьютер жадысында экспоненциал түрде сақталынады. Программа нәтижесі нақты сан болса, бұл сан экранға экспоненциал түрде шығады.
Turbo Pascal-дағы негізгі ұғымдар.

1. Программаға сипаттама. Берілгендер. Нәтиже.

Программа-берілген есептің шешілу жолын анықтайтын алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы.
Программаның негізгі сипаттамасы:

  • алынған нәтиженің дұрыстығы;
  • орындалу уақыты;
  • жадыдағы алатын орны немесе көлемі.

Кез келген программаның басты қызметі-берілгендерді өңдеу болып табылады. Программаның басында өңделуге берілген мәліметтер – алғашқы берілгендер деп аталады. Алғашқы берілгендерді пернетақта көмегімен енгізуге болады. Кейбір жағдайда алғашқы берілгендерді программа дискідегі файлдардан да оқи алады.
Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделіп, нәтижеге айналады. Алынған нәтиженің нақты әрі дұрыс болуы – программаның басты сипаттамасы болып табылады.

2.Тұрақтылар.

Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықтал,ан және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.
Turbo Pascal-да тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық тұрақты деп аталса, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.

Айнымалылар.

Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама – айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болу үшін оны компьютердің аты аталған (идентификаторы) ұяшығы деп қарастырайық. Мысалы: c:=2 яғни, с атаулы ұяшыққа 2 саны орналастырылды дейік. c:=c+4 амалы орындалғаннан кейін с ұяшығындағы 2 санына 4 қосылып, c:=6 болады. Ұяшыққа жазылған соңғы мәлімет бастапқы мәліметтерді өшіріп отырады. Мысалдан көргеніміздей, әр түрлі өңделуден кейін ұяшық ішіндегі мәлімет өзгереді. Ал ұяшық, яғни айнымалы атауы сол қалпында қалады. Айнымалының соңғы мәні ағымдағы мән деп аталса, айнымалы әр уақытта бір ағымдағы мәнге ие болады.

Стандартты функциялар.

Паскаль тілінің стандартына қарағанда Turbo Pascal-да стандартты функциялар саны көбейген. Жолдармен, көрсеткіштермен және адрестермен жұмыс істейтін стандартты функциялар қызмте туралы кейінгі тарауларда айтылады. Ал, стандартты арифметикалық функцияларға тоқталар болсақ олар мына ережелер бойынша жазылады:

  • Стандартты функция атауы латын алфабиті әріптерімен жазылады;
  • Функция атауы алты әріптен аспауы қажет;
  • Аргументі жай жақшаға алынады;
  • Функция аргументі бірнешеу болса, олардың арасына үтір таңбасы қойылады;
  • Тригонометриялық функция аргументтері радиан өлшемісен беріледі.

Градуспен берілген аргументі радианға аудару үшін төмендегі теңдікті пайдаланамыз:
Паскаль тіліндегі арифметикалық функциялар мәні тек нақты және бүтін типті болады.

Ұқсас материалдар:

  1. Информатикадан глоссарий тізімі. 3D панорама, дендрит, синапс деген не?
  2. Информатикадан тест тапсырмалары
  3. Жасанды интеллект деген не?
  4. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  5. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  6. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы
  7. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  8. «Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ