Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шаруалар көтерілісінің негізгі себептері мен қозғаушы күші,
көтерілістің барысы, жеңілуі, тарихи маңызы және көтеріліске басшылық жасаған батырлармен танысу.
Тәрбиелік: Мәдени, адамгершілік тәрбие бере отырып, басқа көзқарастарды сыйлауға, өз білімі мен жолдастарының біліміне сыни тұрғыдан қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тарихи фактілерді саралай білу, шығармашылықпен жұмыс істеу, сыни ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, кубизм, бес жолды өлең стратегиялары, сұрақжауап
- Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі (реферат)
- Отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсері (сабақ жоспары)
Сабақтың ұйымдастырылу формасы: Жеке, жұппен, топпен, жалпы сыныппен.
Сабақтың көрнекілігі: Портреттер, көтерілістің кезеңдері жазылған плакат, сызба, дайын мәтін, кесте, слайд, бағалау парақшалары.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, бейнелеу.
Сабақтың негізгі кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі /3 мин/.
2. Қызығушылықты ояту. /5 мин/.
3. Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат) / 30 мин /
4. Толғаныс /5 мин/
5. Бағалау /2 мин/
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды түгендеу, себебін анықтау. Оқулық, дәптер, күнделік, қалам, қарындаш, сызғыш, сыртқы киім тазалығын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) оқушыларды алты топқа бөліп отырғызу.(міндетті түрде оқушылар жұптасып отыру керек мысалы, 4,6,8 оқушы)
Сабақтың жоспары:
1. Миға шабуыл стратегиясы.
2. Кубизм стратегиясы
3. Бес жолды өлең.
1. Қызығушылықты ояту кезеңі. Миға шабуыл.
Кешегі өткен Исатай
Жауды көрсе састы ма?
Одан қорқып қашты ма?
Қанша батыр өтсе де
Бір қазақтың ерлігі
Махамбеттен асты ма?
Ал, енді, оқушылар біз осы тыңдаған өлең жолдары жайлы қандай түйінді мәселені, тақырыпты ашамыз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың Исатай мен Махамбет жайлы білетін ойлары түгел айтылып, тыңдалады.
Иә, дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».
a. тақырып көлемінде білетіндерін әр оқушы дәптерге жазып шығады.
b. тақырып көлемінде жазғандарын бірінші жұппен, екінші топпен, толықтырады
c. әр топтан лидер шығып сөз алады.
2. Мағынаны ажырату сатысы. Кубизм стратегиясы.
Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс жайлы жақсы қорғаған топ төмендегі тапсырмалардан біреуін таңдап алады, ал қалған топтарға кубик тасталып тапсырмалар бөліп беріледі
1. Суреттеу. Исатай мен Махамбеттің бейнесі.
2. Салыстыру. Исатай мен Махамбет бастаған кӛтеріліспен Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ұқсастығы, ерекшелігі.
3. Талдау. Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қалай болды, неден басталды, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін.
4. Таңдау. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасында шаруалар бастаған көтеріліс не ойлауға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту.
5. Қолдану. Исатай, Махамбет, Жәңгір хан образдары? Неге? .
6. Бағалау «Жәңгір хан патшаның сойылын соғып, қара басын ойлаған қанаушы – феодал ма, әлде халқының қамын ойлаған, елі үшін еңбек еткен халқының ұлы, мақтанышы ма? Баға бер.
Тапсырманың шарты: әр топ таратылып берілген мәтінді пайдалана отырып, бірден берілген тапсырманы әр қайсысы бірінші өзі дәптерге жазады, екінші жұппен алмасады, үшінші топпен бөліседі. Араларынан лидер шығарып, қорғатады.
3. Толғаныс кезеңі: «Бес жолды өлең» стратегиясы.
1-жол. 1 сөз. тақырыпты сипаттайтын мәтінге қатысты 1 зат есім.
2-жол. 2 сөз. мәтін мағынасын ашатын, сапасын көрсететін, негізгі мәселені сипаттайтын 2 сын есім.
3-жол. 3 сөз. мәтіндегі тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін 3 етістік.
4-жол. 4 сөзден тұратын мәтінге, тақырыпқа қатысты, тақырыпты ашатын, сезім көзқарасты білдіретін бір сөйлем.
5-жол. 1 сөз – мәтінді, тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним сөз.
Мысалы:
Батыр ер жүрек батыл
бастады рухтандырды басқарды
өзі өлседе аты өлмейді
Ер
Исатай мен Махамбет
Өкіне ме екен өлдім деп! – күйші Құрманғазы айтқандай, аталарымыздың атын өшірмей, кейінгі ұрпаққа, алғы күндерге ашық та, ақ жарқын жүзбен қарай алатындай қызмет жасау – бәріміздің парызымыз! – дей келе қандай ортақ пікірге келеміз?
Сабақты аяқтау (бір пікірге келу)
а) ХІХғ. 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.
ә) Отаршылдыққа қарсы бағытталды.
б) Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
Жатқанда елің еркін, азат болып,
Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып.
Халқыңның тарихын біл, жұртын таны,
Сонда сен көгерерсің қазақ болып – дей келе сабағымды қорытындылаймын.
4. Бағалау
Бағалау парақшасы.
№ | Оқушының аты — жөні | Өзін-өзі бағалауы | Топтың өзін-өзі бағалауы | Мұғалімнің бағалауы | Жалпы бағалау |
Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы
Басқа материалдар:
- Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
- “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
- Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
- Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
- Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
- Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
- Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
- Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
-
Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)