Ағаш өңдеу шеберлігі. Ағаш бояулары

0
1508
Freepik.com

Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар: 

  1. Осы заманғы химиялық әдістерменөндірілетін түрлі-түсті ұнтақ түріндегі және сұйық күйдегі бояулар.
  2. Даяр күйінде кездесетін табиғи бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әртүрлі минералдар мен өсімдік жапырақтары, қабықтары, тамырлары мен жемістерінен алынады. 
  3. Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әртүрлі қоспа қослыып, пайдаланылады. 

Халық шеберлері саз аспаптарын әрлеу үшін жоса тағы басқа табиғи бояуларды пайдаланған. Жоса дегеніміз — қызғылт-сары түсті бояу топырақ. Ағаш бұйымдарды жосамен бояғанда оған қажетінше су қосып, езіп, ағашқа біркелкі етіп жағады да, кептіреді. Содан соң тұзды суға таза киіз немесе шұғадан жасалған былғауышты батырып, сонымен жосаланған ағаш бұйымды жақсылап, ықсыласа, бояу қолға, киімге жұқпайтын болады.

Сол сияқты томарбояу, қына, рауғаш, сары ағаш, т.б  өсімдіктердің тамырын күздежинап, жуып,кептіріп алу керек.  Емен, тал, терек ағашының қабығы,ермен мен жусанның бүрі, жеміс ағаштарының күзде түскен жапырақтары, пияздың қабығы да бояу әзірлеуге жарамды.

Осы аталған бояу жасалатын өсімдіктердің кептірілген тамырын,қабығын, жапырағын ұсақтапалып қайнатады. Басытқы ретінде аздап ас тұзын, ашудас қосады.

Ұзақ қайнаған соң ірімтігінсүзіп алып, бояуды қанжылым кезінде ағашқа былғауышпен жағады. Бояу біркелкі сіңу үшін боялатын ағаш бұйымды алдын ала ылғалдап алған жөн.

Бояу мен түстерді таңдап пайдалану — қазақ халқының этнографиялық тарихымен байланысты символдық мәні болған.

Қазақта кейбір түстердің мынандай символдық мәні бар: көк түс — ашық аспанды, бейбіт өмірді, қызыл түс — оттың, күннің жылуын, ақ түс — ақиқатты, қуанышты, бақытты, қара түс — жерді, жасыл түс —  жастықты, көктемнің шуағын білдірген.

Халық шеберлері затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі мән берген.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа да материалдарды қарап көріңіз:

  1. Құс жемінің түрлері
  2. Құс жабдықтарының түрлері
  3. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы

  4. Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

  5. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ