Құс жабдықтарының түрлері

0
1084
Freepik.com

Құсты дұрыс баптап, қолға тез көндіріктірудің бір шарты оған қажетті құрал-жабдықтардың дұрыс жасалуында жатыр. 

Олардың атаулары мынадай: 

Томага — құстың екі көзін саңылау қалдырмай жауып тұратын бас киім.  Томаға былғарыдан қос сай, үш сай немесе төрт сай етіп тігіледі. Құя аяғымен қағып түсірмес үшін оған тамақ бау тағылады.

Балак бау — қолға түскен құстың аяғын қатты қыспайтындай етіп киізден сақина тігеді де, оның сыртын былғарымен қаптайды. Сол былғарыға ұзындығы екі сүйемдей ғана қайыс  таспа немесе шыжым жіп тағып, ұшына жеңіл шығыршық өткізеді. Балақ бау, біріншіден, қолдағы құсты тұқырта ұстап, орнықты отырғызу үшін керек.
Екіншіден, тұғырда мазасыз болмау үшін пайдаланады.
Үшіншіден, желі бауды өткізу үшін қажет.

Жели бау — балақ баудың қос шығыршығынан өткізетін, басында түйін тығырығы бар шыжым жіп. Желі бау құсты шырғаға тартқанда немесе қолға жаңадан түскен бүркітті баулығанда қажет.

Шыжым — құстың қашып кетпеуі үшін жасалған арқан.

Тұғыр — бүркіттің құйрығы жерге тимейтіндей етіп жасалған ағаш сәкі, құсты қондырып қоятын орын. Тұғырды ұстаның шеберлігіне қарай әртүрлі етіп жасай береді.

Ырғақ — асау құсты көндіруге арналған орнықсыз, әткеншек сияқты тербеліп тұратын ырғақты тұғыр.

Құндақ немесе бөлеуді жасау үшін талды бауырлап шабады да, дөңгелете иіп отырып, екі басын біріктіреді. Сонан соң шеңбердің ішіне жиі етіп күлдіреуіш салады. Мұнан әрі пішіп отырып, дөп-дөңгелек көрпеше тігеді. Әдетте, күнімен аңға салынған құстың қуаты азайып, кешкі салқынға шыдамайтын кездері болады. Сондай шақта бүркіттің аяғын  бауырына алғызып, бөлеуге жатқызады.

Бүркіт балдақ немесе қолдық — құсбегінің құс ұстап отырған қолы талмас үшін сүйеп отыратын аша ауыз ағаш. Балдақтың бір жағына бүлдірге тағылады да, ер-тоқымның алдыңғы қапталынан өткен шеттікпен байланыстырады.

Сапты аяқ (жемсауыт) — бүркітке жем салып с беру үшін пайдаланады. Оның қысқа ғана сабы бар, ернеуі жайпақ, сопақша болып келеді.

Түтік немесе шүмек — құстың ішін шаю үшін, су беру үшін тырнаның жілігінен немесе ағаштан бір басын жайпақ ауызды етіп жасайды.

Жемқалта — аңға шыққанда құсты шақыратын жем салынған қалта.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Осыған ұқсас тақырыптар:

  1. Құс жемінің түрлері
  2. Тоқылдақ пен сауысқан туралы мәлімет

  3. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы

  4. Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

  5. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

  6. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  7. Қоқиқаз бен аққу құсы

  8. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  9. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  10. Көксерке мен қортпа балығы

  11. Алабұға және сазан балығы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ