Айтыс өнерінің мәні

0
2377
Иллюстрация: Freepik.com

Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол кездегі ел өмірінің көркем шежіресі деуге де болар еді. 

«Айтыс» — қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген. Бізде екі адамның бетпе – бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысу менде, қолма — қол шығарып айтылатын өлеңмен болуыда мүмкін.

Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын – сауық, үлкен жиын, ас – тойларда өтетін болған.

Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би, абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір қақы жоқ.

Екі жақта «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап қайтарады» деген ұлағатты птинципті ұстанады.

Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мейлінше ол дамыған. Бұл кездегі жазу – сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет – ғұрып, салт – санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жаныр оларда дәл біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.

«Айтыс жанрының XVIII ғасырда даму қалыптасу ерекшелгі деген тақырыпта таңдау себебім күні бүгінге дейінтөл әдибетіміздің төрінен орын алып келе жатқан ұлы өнерге деген басты қызығушылығым себеп болды. Бұл тақырыпқа қалам тартып өз көзқарасын айтып өтпеген жазушы немесе ақын кемде – кемшығар.

Өз жұмысымды жазу барысымда Х. Сүйіншәлиев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Жармұқанмедов, М. Ғабдуллин, А. Байтұрсынов,М. Мағауин,Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев, Ғ.Мүсірепов, сынды т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері мен танысып шықтым.

Жұмыстың мақсаты айтыс жанрының XVIII ғасырдағы дамуы қалыптасуы кейінгі дәуірдегі айтыстың кемелдене түсуіндегі алатын орны оның түрлеріне тоқталу. Жұмыстың басты міндеті айтыстың ешқашанда ұлт тарихынан өшпейтін өміршең өмір екендігін таныту. Бұл тақырыпты зерттей келе айтыс өнерінің сонау ерте заманнан бері етек алып келе жатқанына көзім жетті.

Көне ислам дәуірі әдебиетінің кезінде –ақ ақындық өнер біртіндеп дамып қалыптаса бастаған. Сөзімді дәлелді болуы үшін сол кездегі өмір сүрген Әбу Насыр Әл –Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани сияқты аты әлемге мәшһүр ойшылдардың шығармаларымен қалыптасып өзіндік даму жолына түсті.

Қазақтың айтыс өнерінің бүгіні туралы сөз қозғағанда, әңгіме ауанын айтыскер қауымға бұрмасақ болмайды. Қарсыласын ә дегеннен-ақ қаймықтырып, сөзбен төпелеп, жеңіске жетуді бүгінгі ақын да мақсат етеді. Кешелі-бүгінгі айтыстағы ақынның мақсаты бірдей болғанмен айтысудың жолдары өзгерді.

Кешегідей бәдіктен тартып, жұмбақтап сөз соқпаса да түрелеп, сүрелеп, қайымдасып, ара-арасында қыз-жігіттің әзіл мен қалжыңға толы өлең сайысы айтыстың табиғатынан әлі ажырамаған. Үлкен мен кішінің арасындағы сыпайы сыйластық та бүгінгі айтыстың өн бойында жетіп артылады.

Атап айтар болсақ, сахнадан түсе қоймаған айтыстың ардагері Айтақын Бұлғақов әртістік қабілетін көрсетіп, сөз бен әуен нақышын ойнату арқылы ерекшеленсе, Бекарыс Шойбековтің суырып салмалылығы, ондағы шымшыма шыншылдығы, табан асты тауып айтар ептілігін көре білген жөн.

«Миллиардер» ақын Балғынбек Имашевтың әр сөзінің өтімді дарыта білуін, әзіл мен салиқалы пайымдарды орнымен қолдана білуін, айтыстың еркесі атанған нәзік жандылардың туын бір еліге түсірмей келе жатқан Айнұр Тұрсынбаеваның намысты жыр мен нанымды өлең өріп, артық ауыз сөзге жоламайтынын тілге тиек етуіміз дұрыс болар.

Сонымен қатар классикалық айтыстың қыры мен сырына қанығып, тәжірибесі жоғары деңгейде тұрған С.Дүйсенғазин, А. Леубаева, Б. Халиолла, Р. Зайытов, Р. Қайыртайұлы, С.Тоқтамысова, Ж.Бұлғақов, М.Ниязов, Н.Мансұров, Д.Қамиев сынды бірқатар айтыскерлер бар.

Осынау сүлейлер мен дүлейлердің аламанына түсіп, ауыздығымен шайнасқан арынды жүйріктермен бірге айтыс сахнасына жаңа көтеріліп келе жатқан М.Сұлтанхан, С. Әуезхан, Қ. Мырзахан, Ж.Бейбітов, Қ.Абзалов, Р.Қайдаров, Т.Мықи, Ж.Орынбасар және т.б. жас буын өкілдерін болашақ ақтангерлер дей аламыз.

Оғлан туып, о дүниеге ерте кеткен О.Досбосынов, Е.Асқаров, А.Ишанов сынды дарабоздардың да есімі ұмыт қалмайды. Айтыс аламанда да ұрпақ жалғастығы, буын алмасуының болып тұратынының айқын дәлелі бұл. Жаратқан жұртымыздың жалауы болған айтысымызға жар болсын!

Басқа материал: 

Пікірталас шыңы – айтыс

Айтыс және оның түрлері.

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!

ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН ҚЫЗДАРДЫҢ АЙТЫСЫ

Айтыс өнерінің тәрбиелік маңызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ