«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатындағы негізгі философиялық идеялар

0
1398
Иллюстрация: Freepik.com

Жоспар:

  1. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатын талдау
  2. «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактаты
  3. Қайырымды қала және азаматтық саясат ұғымдарына анықтама беру

Әл-Фарабидің этикасының ең жоғары категориясы – бақыт. Өйткені басқа бірдеңе үшін емес, адамның тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғарғы игілік осы бақыттың бойына шоғырланған.

Атап айтқанда, космология мен этика, жалпы философиялық конструкция (құрылым) және оның тәжірибелік мағынасы осы шеңберде ұштасады; өйткені философия болмайынша, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды… Бұл дүниеде рахат деп білетініміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін ғой…

Бірақ әдептілік о дүниеде болады деп бұл дүниеге жиренішпен қарауға болмайды. Әл-Фараби былай дейді: «Қайырымды адам өзінің өлімін зорлап жеделдетуге тиісті емес; өйткені өмірге деген сүйіспеншіліктің өзі ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады».

Әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін мен философияның ұқсастығы: екеуі де жоғары принциптерге, төл бастауларға түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, ал дін сенуді керек етеді. Мұндай пайымдау философияны діннен жоғары қояды, өйткені сендіру – логика тұрғысынан қарағанда  — дәлелдеуден әлде қайда оңай және ақиқатты ашқанда сендірудің өзі сенімсіздеу болады.

Заң шығарушы өте жақсы пайымдауы арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. Иман – ең теориялық білімді және ойшыл, қайырымды адам.

Сонымен, «философия», «заң шығарушы», «иман» және «бірінші басшы» ұғымдары бір нірсеге келіп тоғысады. Ол – адам бақыты.

Міне, әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарынан бүгінгі өмірімізбен осылайша үндестік табамыз.

Ұлы отырарлық өмір кешкен заманды көз алдыңа келтірерліктей толық тарихи мәліметтердің болмауы, оның өмірбаяны жөніндегі деректердің аздығы ғалымды аса дәріптеуге негіз бермейді. Мұның өзі ғылымға жат, әрі оның есімін тануға зиянын тигізеді. Сол сияқты әл-Фараби өмірі мен шығармашылығын тереңдеп білмей тұрып толыққанды бейнесін жасау әрекеті де сәтсіз болмақ. Әрине, жазушының көркем бейнелеуге хақысы бар.

Бірақ мұның өзі шындыққа жақын қоспа болуы керек. Ұлы адамдар жөніндегі мұндай шығармалардың үлгілері дүниежүзілік әдебиетте мол. Бертольд Брехттің «Галилейін» атасақ та жетіп жатыр. Мұнда ғалым тағдыры философиялық  жалпылау дәрежесіне шарықтап көтеріледі, сол арқылы қызіргі заманмен әбден үндесіп жатады. Егер өзімізге жақынырақ мысал келтірсек, Әуезовтың «Абайы» жеке адам туралы қалай жазудың тамаша үлгісін көрсетті. Зерттеу, тағы да зерттеу – тарихи тақырыпты бейнелеуде жазушы мен суретшіні шығармашылық табысқа жеткізетін негіз, міне, осы.

Дереккөз: ҚазҰУ, «Әл-Фараби және қазіргі заман» пәнінің дәрісі

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ