Қарадан шығып хан болған — Шоң мен Шорман би туралы

0
2805

1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі байырғы әдет-ғұрып ханбилер кеңесінің «Ережелеріне» — келісім шарттар, атақты ел басшыларының естеліктері мен биліктері, түйінді шежірелері, сонымен бірге қазақ жерінде қолданылған Ресей империясының заңдары және мұсылмандық шариғат, құқық нормалары жатады.

Әдет-ғұрыптардың патриархальды-феодалдық нормалары хан мен үш жүздің атақты билері бас қосқан кеңесінде, заңдар жинағы ретінде қабылданып, ғасырлар
бойы ауызша сақталып, сол түстағы ханның атымен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» (Тәуке хан заңы)атанды.

ХУІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, даңқы үш жүзге тараған билер Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Шақшақұлы Жәнібек, Едіге, Бекболат т.б. «Жеті жарғыны» жазуда атсалысып, оны жатқа білген және дау-шарды шешу үшін кеңінен қолданған.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ билерінің төтенше қүрылтайларында жаңа сипатты «Ережелер» қабылданып, әдептік қүқыққа қосымша, жаңа деректер енгізді.

Әлеуметтік қатынастың дамуына сәйкес Ресей империялық заңдарына сүйеніп, соттық істерді жазбаша жүргізу, үкім мен шешімдер қабылдау, айыпты ақшалай төлету қылмысты іске түрме, жер аудару жазасын кесу, соттаушының бас бостандығына шек Қою т.б. қүқық нормалары өріс ала бастады.

Ресей империясы қазақ еліне өз үстемдігін нығайту максатымен түрліше арнаулы заңдар да (мысалы, 1822-24 ж.ж. Сібір қазақтарын басқару жарғысын, 1867-68
ж.ж. Губерниялық реформалар т.б.) шығарды. Бұл заңдар бойынша қазақ өлкесінде хандық жойылып, әкімшілік, сот құрылысы бюрократиялық ұстанымдарға негізделді. Ежелгі әдет құқығына шек койылды.

Шоң би Баянауыл округі ашылғанда Сібір генерал-губернаторы ол кісіні аға сұлтан етіп тағайындаған. Сібір генерал-губернаторы 1822 жылы Орта жүз қазақтарын билеудің жарғысын жасады.

Сол жарғы бойынша хандық жойылып, орта жүз бірнеше округқа бөлінеді. Ал, Шоңның Баянауыл дуанына аға сүлтан болып қойылғаны туралы: «Біз ашылуы көзделіп отырған Баянауыл дуанына өз еркімізбен кіру арқылы үлы падишахтың қайырымды қамқорлығында болатынымыз туралы осы сенім қағазға Төртұлы Айдабол старшыны Дулат Олжабаев таңбасын салды»,- деген дерек бар.

Себебі, ертеректе қазақ арасында «Бөліп ал да, билей бер» ұстанымымен тараған шектеусіз дау бойынша Шыңғысхан ұрпағы Баянауыл өңіріне айтарлықтай ықпал жүргізуге тырысқан. Бірақ, оған жергілікті зиялылар үнемі қарсылық көрсетіп отырған. Бұл туралы Ш.Уәлихановтың жазбаларында Шоң мен Шорман «өте күшті ықпалы бар» адамдар деген айғақты деректер бар.

Оның үстіне 1897 жылы Павлодар уезі бойынша патша әкімшілігі тарапынан халық санағы жүргізілген. Сол санақтың қорытындысында Баянауыл төңірегін мекендейтін ел туралы: «Ақтабан шұбырындыдан кейін Қаржас, Қүлболды, Жанболды, Орманшы рулары бірігіп «Төртұлы» деген одақ қүрып, осы өлкеге келіп Қызылтау төңірегін
қыс қыстау етіп, Ақмола уезінің солтүстік жағын жаз жайлау еткен.

Итемген, Мамай көлдерінің аттары солардың жағасында туған Төртұлы билерінің аттарымен аталған», — деп жазылған. «Төртүлы» одағын алғаш XVIII ғасыр басында Шорманның атасы Сәти жасаған болса, оны заманына сай қүрған Шоң би.

Осыған орай «Орыс-қазақ қарым-қатынасы» деген еңбекте, «1771- 1867 жылдар аралығында қазақ өміріне байланысты жүргізген қағаздарда», соның 268-ші бетінде Н.Берденов деген биді көпес қатарына алу жонінде 1834 жылы жазылған хат тіркелген.

Хат мазмұны: «Омбы облысы бастығының осы жылғы 22-ші майдағы (№1695) қатынас
қағазына аға сүлтан, би Шоң Едігин Н.Берденовтың 935 жылқысы, 814 қой, 25 ешкісі, 19 сиыры, әке-шешесімен әйелі бар, бірақ баласы жоқ» деп жазады.

Осыған орай Шоңның жеке басының қадір-қасиетін аша түсетін тағы бір дереккөз бар. Бұл орайда округтың аға сүлтаны Тұрсын Шыңғысов 1825 жылы Омбы облысының бастығына жолдаған хатында:«Дінсіз Шоң Қарқаралы округі ашылғанда аға сұлтанға қызмет еткісі келмей, ант беруден бас тартқан, яғни маған бағынбай кетті.

Ол орыстар атам Бөкейді хан сайлағанда оған да бағынбаған. Бүгінде ол Шаншар руын «Қарқаралы округінен шығып Төртұлы одағына қосылыңдар деп азғырып жүр», — деп жазған.

1822 жылғы жарғы бойынша қазақ даласында алғаш екі округ ашылғанды. Уәлихан қайтыс болғанда, оның мұрагер үлкен үлы Ғүбайдолла саяси тұтқында отырады. Сондықтан, 1821-1834 жылдары Шыңғыстың анасы Айғаным басқарды деген деректер де бар.

1812 жылы Барақ ханның үрпағы Бөкей Сібір генерал-губернаторлығына хан болғысы келетіндігі туралы ойын білдірген. Ол губернатордың қазақ билеріне Бөкейді хан сайлауға қалай қарайтындары жөнінде губернатор сауал-жауап алады. Сонда Шоң би «губернаторларға «қазаққа ханның керегі жоқ», — деп тіке айтады.

Шоң би үлкен де, білікті адам болған. Елді ақылмен, әділ және іскер басқарғаны сонша, оның билігіне хандар да қызыға қараған. Ол заманда төрелер қара халықты салық сала отырып, қатты қинаған.

Шоң би халықты төрелердің ықтиярына беріп қойған жоқ. Ол өмір бойы хандыққа қарсы болған. Қазақ даласында ескіден қалыптасып келген, ол кезде басқалар хансыз елді қалай басқаруға болады деп болмысқа бас иген ескі дәуірді ол кісі мансұқ еткен.

Шоң соларды өзі билеген аймақтардан аластатып, халқының шексіз сүйіспеншілігіне бөленген. Омбы облысының бастығы С.Б.Броневский Қарқаралыдағы орыс
жүздігінің бастығы И.С.Карбышевке: «Ғүбайдолланың шаңын баса алатын жалғыз адам сол далада Шоң би ғана. Ықпалды төрелерге осы жөнінде хат жазып едім, бірде-бірі үндемейді.

Сіз осы жөнінде қүрметті биге жолығыңыз», — дейді. Кезінде Шоңның мінезі орыс шенеуніктерін қатты ойландырған. 1824 жылы Шоң мен Шорман жазған хаттарында губернатордан Ғүбайдолла мен Торайғырды түтқыннан босатуын сұрайды.

Мұны Омбы облысының бастығы елеусіз қалдырмайды. Ол Ғұбайдолла мен
Торайғырды босатады және жайлауына жетісімен өзінің аға сұлтандық қызметін атқаруға шақырады. «Төртұлының» ашылып жатқан округтерінің бірде-біріне бағынбауы орыстардың дала ісін басқару жұмысына кедергі, тосқауыл жасайды.

1825 жылы Қарқаралы округындағы әскер бастығы И.С.Карбышевке хат жазып: «Елді билеу мәселесінде Шоңның не ойы барын сұра, — деген. Бұған Шоң: «Баянауылда округ дуанын ашсаңыздар, мен шапағаты мол, аса қайырымды патшаның қол астына кіріп, оның нұсқауларын орындап отыруға бармын», — дейді.

Осында, Омбы бастығы Шоңға өтініштерін қабылдағанын, енді Ресейге ант беру керектігін айтады. 1826 жылдың 9-шы наурызында Шоң бастаған 332 адам мұз құрсауында жатқан Ертістен өтіп, Керекуде ант береді де облыс бастығына: «Баянауыл округін ашқанда біздің де тіліміз бен әдет-ғүрпымызды білетін және аңқау халқымызға қайырымы мол, шенеуніктер тағайындаңыздар», — деп жазады.

Орыс жағынан Баянауыл округына тікелей қатысты шаруамен алғаш келген Леденов деген старшина 1830 жылы жайлауларды аралап, рулардан Ресей бодандығына кіретіндері жөнінде ант алады. Осы сапарында ол Шоң, Шорман көмегімен 2095 ауыл, 21700 түтіннен ант жинайды.

Омбы облысы және Сібір корпусының штаб бастығы С.Б.Броневский: «Орта жүздің көптеген билері мен старшындары өз халқының арасындағы салмақтарын сақтай отырып, Россияға шынайы берілгендіктерімен көзге түседі. Бұлардың ішіндегі ең атақтылары би Шоң Едігин мен Шорман…», — деп өз кезінде жоғары баға берген.

1833 жылы Баянауыл округына Шоңды аға сұлтан, Шорманды кандидат етіп тағайындайды. Шоң мен Шорман билер қазақ халқының болашағын орыстарға
жақындасудан көрген екен.

Орта жүз даласында қала салуды, халықты отырықшылдыққа айналдыруға бастаған. Патша бекіткен жарғының темірдей қатаң баптарын бұздырып, қазақта қарадан тұңғыш аға сұлтан болған Шоң мен Шорман билер халықтың қанша заман өтсе де ұмытылмас кемеңгер ұлдары болып қала береді.

Дереккөз: Бір туар дара тұлғалар, Қ.М. Алдабергенов, Е.М. Арын, Б.Т. Бапхкеева

Басқа материалдар:

  1. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  2. Зейін Шашкиннің өмірі туралы очерк
  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  7. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  8. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  9. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ