Қарахан мемлекеті (940-1212 жж.) (сабақ жоспары)

0
2667
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— 6.3.1.3 X–XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси
процестерді түсіндіру;

Зерттеу сұрағы
Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Оқулық
Қарахан мемлекеті (940-1210 жж.). 61–63 беттер.

Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
Гумилев.Л. Көне түріктер. Алматы. Білім. 1994.
Махмұт Қашқари. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ит-түрік) 3 томдық
шығармалар. Алматы. ХАНТ. 1997.

Тірек сөздер
— Қарахан мемлекеті
— Сатұқ Боғра хан
— “Ихта” жүйесі

Көрнекілік
— Қарахан мемлекетінің аумағы көрсетілген тарихи карта.
— Оқулықтың 66-бетіндегі Қарахан кесенесінің және мыс теңгелердің суреттері.

Мақсатты айқындау
Дамытушылық маңызы. Қарахан дәуiрi Қазақстан аймағында мұсылман дiнiнiң орнығуымен ерекшеленгенін айқын көрсету, қазақ жеріне ислам дінінің таралу тарихы тереңде жатқанын оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелік маңызы. Тарихи деректерге сүйеніп, Жетiсу жерінде ислам дінінің таралу тарихымен таныстыра отырып, оқушыларға ислам дінінің таралуы мен қоғамдағы орны туралы білімін үздіксіз толықтырып отырудың қажет ететіндігін оқушыларға ұғындырып, оларды діни сауатты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Оқытушы көрнекілік деректерін пайдалана отырып, Қарахан мемлекетінің
хандық басқару жүйесін оқушыларға түсіндіреді. Онда өкімет билігі қағанның
қолында болғанын және билеуші табгачхан дәрежесін иемденгенін таныстырады.

Сонымен қатар, жергілікті уделдерді (ұлыстарды) билеушілер илектер
деп аталды. Табгачханның жақын кеңесшісі және көмекшісі — уәзір болатын.
Сонымен бірге күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар және елшілер
тәрізді қызметтер мемлекетте белгіленіп отырды. Қарахан мемлекетінің
негізі — әскери-мұралық жүйеден тұрды.

Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік және әскери қызметте ерекшеленген билеушілерге жерлер бөліп беріп, олардың сол жерлердегі халықтан салық жинауларына рұқсат беріп отырды. Мұндай жерлер “ихта” деп аталды.
Қарахандықтар туралы жазба деректер Махмұд Қашқаридың жазбаларында
да кездеседi. Жүсiп Баласағұнның еңбегiнде қарахандықтардағы түркiлердiң
жылқы малын өсiрудегi ерекше тiршiлiгi жан-жақты әңгiмеленедi.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас сабақ. Баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, оқушының шығармашылық
қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Қарахан атауы Х ғасырдың соңына қарай Орта Азиядағы мұсылман деректерiнде кездесе бастайды. Ал Қарахан мемлекетi деген атау Х-ХI ғасырларда пайда болды. Бұл ежелгі түркілер шежіресіндегі Түрік, Оғыз тәрізді халықтардың арғы бабалары қатарында аталатын тарихи тұлғаның есімі.

Сабақтың жоспары
Оқытушы сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей
мәселелерге аударады:
1. Қарахан мемлекетінің құрылу себептері.
2. Оның этникалық құрамы.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың
тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:

1. Қарахан мемлекетіндегі басқару жүйесіне түсінік беру.
2. Жетісуға арабтардың келу мақсатын ашып көрсету.

Кері байланыс
Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

Қосымша тапсырма
1. Оқулық мәтінімен жұмыс.
2. Тарихи шығарма жазу. Тақырыбы: Қазақстан аймағында мұсылман
дiнiнiң таралуы.
3. Қарахан мемлекеті орналасқан аумақты картаға түсір.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)
  5. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)
  6. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ