Ашудастың емдік қасиеті

0
3769

Ашудас — ақсары түсті, дəмі қышқыл, уытсыз. Көп қолданыста бола бермейді.

Емдік қасиеті:

✓ ашудасты- сәбилердің аузы улығанда, қызыл еттері ісінгенде, тамағы ісінгенде жылы суға езе отырып, қолыма дәкені орап, сонымен аузын шаямын. Бұл негізі көптеген дәрілерден әлдеқайда жақсырақ. Ондай сүртуден соң бала тынышталып, аузының су ағуы тоқтайды. БІРАҚ қатты ащы етпеу керек! Баланың аузын шаймас бұрын, міндетті түрде өзіңіз ащылығын тексеріңіз!

Шикі ашудасты қазанға салып қыздырғанда су құрамы ұшып кеткен соң көпіршіктеніп қалады. Мұндай күйі «күйдірілген ашудас» болады. ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ жөтелін басып, қақырықты жібітеді. Ол үшін ашудас қызыл мияның тамырын, ашудасты əрі сабын ағашының жемісінен 3гр-нан әрқайсысынан алып, қайнатып ішу керек.

✓ Мұрын қанағанда: ашудастан аздап талқандап, суға салып ерітіп мұрынға 2 тамшы тамызса, қан тоқтайды.

✓ Сірке суына азырақ ашудас қосып, оған жарты шай қасық балды қосып қыздырасыз. Суыған соң сол сумен ауыз шайқаса- тіс қақсағанды бірден басылады. Бірақ ішуге болмайды!

✓ Сулы бөрткенге: күйдірілген ашудас, күйдірілген гипстің əр қайсынан 20 гр-нан, релгардан 7 гр, осы үшеуін талқандап, 200 гр вазелинге араластырып бөрткенге жағады. Бұл ем ересек адамға арналған.

✓ Шикі ашудастан 45 гр, күйдірілген ашудастан 45 гр, қарағай шайырынан 210 гр- ды талқандап, қанаған жерге басса— қан лезде тоқтап, жарақат беті жақсарады.

✓ Іріңге: күйдірілген ашудастан 15 гр, сары ағаштан 6 гр, қасбояу жапырағынан 3 гр қосып талқандап, өсімдік майына араластырып іріңді жерге жағады.

✓ Шуашқа: ашудас пен кептірілген жем-жемілден азырақ қайнатып, жылы суымен аяқты жуады. Ол бір жағынан қолаңса иісін жойса, бір жағынан адамның аяғындағы салқынды сорып алады.

Ашудас пен жалбыз жапырағын қайнатып, жылы суымен аяқты, қолтықты жуу денеден шығатын жағымсыз иісті жоюдың оңай құралы.

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ