Жанжабілдің (Имбирь) пайдасы мен емдік қасиеті

0
1283
Иллюстрация: Freepik.com

⠀Жанжабіл (имбирь)— көне қытай медицинасында қолданылған. Атауына сәйкес санскрит тілінен аударғанда «мүйіз сияқты» деген мағынаны білдіреді.

Оның құрамына ерекше дәм беріп, хош иістендіретін джинжерол, зингерон, шогаол секілді бірнеше эфир майының түрі кіреді. Ал бұл майлар бактерияға, вирусқа және қышымаға қарсы белсенді күреседі.

Тағамға қолданылатын оның тамырлары метаболизмді жеделдетуге көмектеседі, адамның қан айналымы жүйесін ретке келтіріп, организмге көп энергия сыйлайды. Сондай-ақ, ол көптеген сергіткіш сусындардың құрамдас бөлігі болып саналады.

✓ 5 см жанжабіл кесегін алып, тазалап тураңыз. 1 л суды жанжабілді қосып 10 минут қайнатыңыз. Содан кейін сүзіп алыңыз. Шайды күні бойы жылы күйінде ішіңіз. Ол иммунитетті күшейтіп, тұмауды басады.

Бір стақан жанжабіл шайының өзі ми қан айналысының бұзылу қаупінен сақтайды.

✓ 2 стақан суды қайнатып, оған жарты шай қасық жанжабіл мен жарты шай қасық куркуманы қосыңыз. Жақсылап араластырып, 10 минутқа қалдырыңыз. Кейін бал қоссаңыз болды. Сусыныңыз дайын. Бұл сусын ас қорыту жолдарыңызды жақсартып, сергектік сыйлайды. Ағзаның вируспен күресу қабілеті артады.

✓  1 стакан жылы(қайнатылған) суға бір шымшым жанжабіл ұнтағын саласыз. Тамақтанып болған сайын ауыз қуысын шайып отырыңыз. Күніне кем дегенде 4 рет. Сонда ауыздан шығатын жағымсыз иістен арыласыз.

✓ 1 стақан қайнаған суға жарты шай қасық жанжабіл мен жарты шай қасық жұпар жаңғағын қосыңыз. Күніне 1 стақаннан 10 күн ішіп жүріңіз. Бұл жүрек пен қан-тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар холестеринді төмендетеді, қанның ұюына кедергі келтіреді және оның айналымын жақсартады

✓ Теңізшілер жанжабіл өздерінің ұзақ сапарына цингадан (құрқұлақ) сақтану үшін алып жүреді

Жанжабілді сатып аларда оның сыртқы түріне мән беріңіз: тамыр тегіс әрі қатты, ал қабығы жұқа болуы керек. Тамырда терең қыртыстар мен қатты шығып тұрған талшықтардың болмағаны дұрыс. Негізі, орташа жуандықтағы тамыр жас болып келеді. Балғын жанжабіл тамырын сақтауға ең қолайлы жер – тоңазытқыш. Ол арнайы ауа өткізбейтін пакетте үш аптаға дейін сақталады.

Жанжабіл кейде зімбір деп те аталады.

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ