Қазақ даласындағы ірі шайқастар. Кир патша мен Дарийдің сақтарға жорығы

0
2499

Кир патшаның Сақтарға жорығы. Ертеде біздің жерімізде еркіндік сүйгіш сақтар өмір сүрген. Шамамен екі жарым мың жыл бұрын құдіретті парсы патшасы Кир оларды бағындыруды ойлайды.

Оның әскерінің тегеурініне ешкім төтеп бере алмайтын. Кирдің жеңімпаздығы туралы  дақпырт әлемді шарлап кеткен. Алайда сақтарды бағындырамын деген ойы іске аспай, керісінше, бүкіл әлемге масқарасы шығады. Оқиға былай болған екен.ъ

Кир жақсы қаруланған әскерін сақ-массагеттерді бағындыруға аттандырады. Сақ-массагеттердің падишасы ер жүрек Томирис еді. Кир оған елшісін жіберіп «Маған тұрмысқа шықсын» деген ұсыныс жасайды. Падиша Кирдің ойы өзінде емес, патшалықты иелену екенін түсініп, оң қабақ танытпайды.

Ол Кир әскерінің өзеннің арғы бетінде — шекарада тұрғанын білгендіктен, елші жіберіп, кері қайтуын ұсынады. Алайда парсылар өзеннен өтіп, массагеттердің тобына жауыздықпен шабуыл жасайды.

Олар Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға алады. Падиша тағы да Кирден жерінен кетіп, Спаргаписті азат етуді талап етеді. Бірақ Кир шабуылын жалғастыра береді. Осы кезден бұғаудан құтылған Спаргапис өзіне қол жұмсайды. Ызаға булыққан Томирис Кир әскерін толық талқандайды. Осы шайқаста парсы патшасы Кир өліп, оның 200 мың жауынгері жер жастанады.

Падиша Томирис «Іздегенің қан еді,ал, іш, ендеше!» деп оның басқан қан толтырылған меске батырады.

Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға әзір екенін түсініп, басқыншылық жорықтарын тоқтатады.

Дарийдің сақтарға жорығы. Парсы патшасы Дарий І де біздің заманымыздан бұрынғы 519 жылы сақтарға жорық жасаған. Бұл жорықта Дарий І шошақ бөрікті сақтарды (тиграхаудаларды) жеңіп, олардың қолбасшысы Скунханы қолға түсіреді.

Тиграхауда-сақтар бұл шайқасқа дейін парсыларға бағынышты болмаған. Сақтардың қажырлы қарсылық көрсетуінің арқасында  Дарий І жеңіліске ұшырайды.

Жортуылдардың бірінде Дарий патша сақтардан әрең құтылады. Ол жараланған жауынгерлері мен көліктерін тастап қашады. Дарийдің осы жорығы кезінде Ширак деген бір сақ жауынгері өз денесін өзі жарақаттап, парсыларға қашып барады. Ол өзін тайпаластарының жазалап, тастап кеткенін айтып, олардан кек алу үшін парсы әскерін бастап апаруға уәде береді.

Осылайша парсы әскерлерін алдап, шөл далаға адастырып әкетіп, сусыз далада қырғынға ұшыратады.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:

  1. Томирис (Тұмар) ханша өмірі туралы
  2. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  3. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  4. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  5. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  6. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  7. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  8. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  9. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ