Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

0
887

Қыдан тайшы есімді  Асанқайғы жырау тұстас, ел ақсақалының ел жадын да, әдебиет тарихында есімінің сақталуына мына бір жағдайдың үлкен әсері болған.

Халық аңызы  бойынша 1456 жылы Әбілқайыр ханның иелігінен  Жәнібек пен Керей /Шаһгерей/ хандардың қазақ жұртын Шу бойына бастап шығуын да төмендегідей гәп бар: Әбіқайырға жақын жүретін, әділ билігіне бола елі сүйсініп Ақжол би атағын Арғынның Дайырқожа есімді азаматы мен атақты Қарақыпшақ Қобыланды да Әбілқайырдың сыйлайтын адамы. Ақыры олар бір күні далада кездесіп қалған сәтте Қобыланды Дайырқожаны өлтіріп кетеді.

Жәнібек «Қобыландыны шариғат бойынша қысасқылып өлтіруге» Әбілқайырдың  қалың келісімін сұрайды. Ондай қадам жасауға  Әбілқайыр қалың қыпшақтың қабағынан қаймығады да, үш кісінің құнын алып бітісуге  шақырады. Қарсы жақ оған көнбейді. Ағайын жұрт екіге айырылады. Сол кездерде Дайырқожаның жасы тоқсандарға келіп қалған әкесі  Қыдан тайшы, көкірегіндегі шерін мынандай жырмен сыртына шығарған: –Қара Қыпшақ Қобыланды да нең бар еді құлыным, Сексен асып таянғанда тоқсанға, Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?! Адасқанын жолға салдың, Бұл ноғайлы ұлының. Аққан бұлақ, жанға шырақ, Жалғыз күнде құрыдың, Қара қыпшақ Қобыланды да нең бар еді құлыным?

Бұл жолдардан біз  Қыдан тайшының әрі жырау екендігін, әрі оның шамамен 1370 жылдардың мөлшерінде дүниеге келген азамат екендігін аңғарамыз. Ал, осындағы Дайырқожаны Қобыланды өлтірді ме, ел іргесі соған бола сөгілді ме деген мәселеге келсек, әрине, Жәнібекбастаған топтың Әбілқайырмен билікке бола араздасып жүрген басқа да себептері болуы мүмкін, бірақ, қазіргі уақытта авторы белгісіз деп жүрген, сол кезден бүгінге дейін, ноғайлы-қазақтың айырылардағы деп айтылатын “Жылау, жылау, жылау күй”- деп басталатын туындыдан,

Бұл тұрғыда аталмыш мәселені арнайы қарастырған Шәкәрім Құдайбердиевтің М.Әуезовтің еңбектеріне айырықша көңіл бөлінеді.

Тегінде, тарихи тұлға неғұрлым ірі болған сайын, оның мінін де елі ескергіш келеді. Бұл әңгіменің өміршең болуының сыры осында. Ал, алда-жалда осы жайға қол сілтеп сенбеймін дегеннің өзінде де әңгіменің ұзын ырғасы бұл уақытқа дейін солай қабылдап келген халықтың бірнеше буын өкілінің іздерімен кеткен иланымын ешкім де өзгерте алмақ емес. Әдебиеттегі тарихилық дегеннің, фольклордағы тарихилық дегеннің құдірет күші негізінен осындай жерлерден көрінеді.

ХV ғасырда өмір сүрген, бірақ, жеке басы туралы мәлімет дерек өте аз қалған жыраудың бірі – Қазтуған жырау Сүйінішұлы болып есептелетін-ді. Өйткені, бұл кісі туралы да нақтылы мәлімет жоқ болатын. Бірақ, жырау туралы Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында Қазтуған Жайықтың күнбатыс бетіндегі Нарын, Қабыршақты Қарасу жерлерінде мекендеген Ноғайлы заманының батыры екен.

«Күндердің күні болғанда жұрағатым таршылықта қалады» деп елін бастап Күншығысқа ауған екен. Сондағы Қазтуғанның көшерінде қонысымен қоштасып айтқаны дейтін жырмен Мұрын жырау арқылы жеткен «Қарға бойлы Қазтуған» атты дастан мазмұнына бойлай отырып, ондағы деректерді тарихи деректемелермен салыстыра келіп, шамамен жыраудың қай заманда өмір сүргенін анықтап, не себепті қонысынан ауғандығына жауаптар  тапқандай боламыз. Атақты жырау «Алаң да, алаң, алаң жұрт» деп басталатын туындысында өзі өмірге келген, атасы күйеу болып барған, анасы келін болып түскен қастерлі ата мекенмен «Сөйткен менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың, Қайырлы болсын сіздерге»,-деп қоштасады.

Лирикалық қаһарман Қарға бойлы Қазтуған жыраудың салуалы елдің өкілі, анасы мен атасы өмір кешкен, жер жанаты Еділ бойының перзенті екенін аңғарамыз. Жырау ата қонысын жан жүйесі елжірей жақсы көреді. Бірақ, осынау көркіне тіл жетпейтін, сондықтан да салыстыруға жер жетпейтін Еділден бұл кетуге бел байлаған. Бірақ, кінә жырау жағынан емес…

1462 жылы «Ресейдің барлық күшін өз қолында ұстап тұруға қабілеті жететін» Иван үшінші мемлекеттің тізгінін өз қолына алды. Ол билеген қырық жылдан астам уақыт ішінде 1462-1505 жылдар Ресей бірегей территориясы бар, ел болып қалыптасу процесін бастан кешті. Ярославль, Новгород, Тверь, Вятка, Пермь т.б. бұрынғы жеке-жеке ұлыс болып жүрген өлкелерді бір орталыққа бағындырды. Москва қаласында үлкен құрылыс басталды.

Ресейдің мемлекет ретінде халықаралық аренада беделі көтерілді. Ол Қырым ханы Меңлігерейге сүйеніп, салық төлеуден бас тартты. Уградан арып-ашып келген әскерін таратқан Ахметті өз қандастары Ибақ, Мұса, Жаңбыршы қолы шауып, басын алды.

Мұнан кейін бір кездегі атағы жер жарған Алтын Орданың күйрегені, енді осыдан соң не істесе де Ресей жұртына жалтақтамай өмір кеше алмайтыны белгілі. Қазтуғанның аһ ұра күрсінуінің сыры, біздіңше, сол 1480-1481 жылдардағы өкінішті оқиғалармен байланысты.

Қазтуған өзімен қандас, діндес билеушілердің өзінің бағы мен тағы үшін жат жұрттықтарға қызмет еткен сұмдығына куәгер болған азамат. Ол содан жиіркенеді. Оның күллі шығармашылығының басты мәселесі осында.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  2. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  5. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  6. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  7. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  10. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  11. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  12. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  13. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  14. Ел аңыздары және жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ