Қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары (Дипломдық жұмыс)

0
1476
Иллюстрация: Freepik.com

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Антропонимика – кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде Халықаралық ономастардың І конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми танылған, ономастиканың соңғы отыз жылдықта ауқымды зерттеле бастаған салаларының бірі. Соңғы 10-15 жыл ішінде ономастиканың тармақталып, теориялық, сипаттамалық, тарихи, қолданбалы және поэтикалық ономастика т.б. бағыттар бөлініп шықты. Көркем мәтіндегі ЖқЕ-дің қолданысы, стильдік ерекшеліктері, апеллятивтенуі, поэтикалық сипаты, лингвистикалық және этнолингвистикалық табиғатын экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады.

Тіл құпиясының бір ұшығы адам есімдерінің пішім-бейнесі оны қоршаған ортаға көзқарасында, дүниетанымында, этикалық дәстүрінде, тұрмыс-салтында, әдет-ғұрпында, бүкіл ұлттық психологиясы мен логикасында, географиясы мен этнографиясында жатыр. Дүние есігін жаңа ашқан сәби есімі мен көркем туындыдағы кейіпкер атының қойылу мотивінде қандай да болмасын ұқсастық пен айырмашылық болады. Қазақ поэтикалық ономастикасында сатиралық шығармалардағы кейіпкер аттары туралы, олардың тілдік табиғаты әлі күнге дейін жүйелі зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Кейіпкерлер көркем әдебиетте өмір сүретіндіктен, оның болмысы мен табиғатын тану көбінесе әдебиетшілеріміздің үлесіне тиіп келгені рас.

Кейіпкер аты – жалқы есім (ЖқЕ), яғни жалпы есімге (ЖпЕ) барлық жағынан (грамматикалық, семантикалық, функциялық қызметі) қарама-қарсы ұғым мен категория. ЖқЕдер кез келген тілдің сөздік қорының біршама бөлігін құрайды да, ономастикалық универсалийлердің бірі болып табылады, өйткені олар тарих айнасы ретінде халықтың көптеген мәдени құндылықтарын сақтаған. ЖпЕ-дер лексикалық мағынаға ие болса, ЖқЕ-де бұл қасиет жоқ, олар тек атауыштық қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖпЕнен жасалғанымен, ЖқЕге айналғанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен, нәрінен айрылады.

Көркем шығарма мәтіндеріндегі барлық ЖқЕдің қолданылу ерекшеліктерін әдеби ономастика (ӘО) зерттейді. Осыған орай әдеби ономастикада ЖқЕ зерттеудің барлық аспектілері мен бағыттар, қазіргі ономастикадағы олардың таптастыру ұстанымдары, көркем мәтін түрі, оның жанры мен семантикалық құрылымы, ономастикалық кеңістікте мәтіндегі ономастикалық бірліктердің эстетикалық байланысты қарастырылады. ӘО көркем шығармалардағы ЖқЕ – дер оның жанрлық, стильдік, тақырыптық және идеялық заңдылықтарына сәйкес қолданылады. Көркем мәтіндегі сатиралық — юморлық аттардың өзінің негізгі номинациялық (атауыштық) қызметімен қатар, аталу уәжділігі мен ерекшеліктеріне, поэтикасы мен стилистикасына сай бірқатар қызмет атқарады.

Антропонимист М.В.Карпенконың анықтамасы бойынша, әдеби антропонимді “имя, созданные самим автором и в той или иной степени характеризующее персонаж” деп сипаттайды. Орыс тіл білімінде поэтикалық ономастика көркем мәтінді зерттеудегі ономастиканың, стилистиканың, поэтиканың, мәтін лингвистикасының, семиотиканың, лексикалық семантиканың т.б. әдіс, тәсілдерін қолданылатын жаңа бағыт болып саналса, қазақ тіл білімінде бұл мәселе енді бой көтере бастады..

Диссертациялық еңбектің өзектілігі. Қазақ сатира — юморлық жанрындағы кейіпкер аттарын ономосиологиялық кеңістікте этнолингвистикалық сипаты мен қолданылу ерекшеліктерінің зерттелмегендігімен байланысты. Қазақ ономастикасында кісі аттарына байланысты диссертациялық жұмыстар болғанымен, сатира мен юмордағы кейіпкер аттары туралы қорғалған еңбек жоқ. Бүкіл ұлтқа тән қадір-қасиет, мінез-болмыс, ойлау жүйесі, өнері, тарихы, саясаты, қазақи қалжыңы көрініс тапқан сатиралық-юморлық аттарды ономасиологиялық өрісте этнолингвистикалық аспектіде зерттеу – жұмыстың өзектілігі болып табылады. Қазақ тіл біліміндегі осы көкейтесті мәселені этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы қазақ халқының бүкіл дүниетанымы, тұрмыс — тіршілігі т.б. көптеген қызықты жайттардың беттері ашылар еді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі – сатира мен юморды әдебиет пен тіл теориясымен ұштастыра, тарих, этнография тәріздес ғылым салаларымен сабақтастыра, өнер, музыкаға қатысты дүниелерді байланыстыра қарастыру. Сатира мен юмордағы кейіпкер аттарының семантикасы, генезисі мен қолдану ерекшеліктері өзіндік өзгешеліктер мен сан алуандылығы т.б. негізгі белгілерімен байланысты. Олардың лингвистикалық ерекшеліктерін көркем мәтіндегі берілісімен сабақтастырмай, этнолингвистикалық табиғаты толық зерттеліп, өз шешімін таппайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – қазақ сатиралық — юморлық туындылардағы есімі “ерекше”, “сөйлеп тұрған”, “айқайлап тұрған”, “мағыналы”, “эмоциялы — экспрессивтік” кейіпкер аттары мен фамилияларды тілдік талдау, этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу, кейіпкер аттарын ұлттық болмыспен сабақтастыра қарастыру:

.сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын жинақтау, жүйелеу, мағыналық — тақырыптық жағынан топтастастыру;

.кейіпкер аттарын лексика — семантикалық, морфологиялық –синтаксистік жасалым жолдары мен тәсілдерін, құрылымдық үлгілерін анықтау;

.кейіпкер аттарының ішкі формасынан экстралингвистикалық дерек көздерін тану;

.кейіпкер атының жасалу негізі мен мотивін анықтау;

.этнотанымдық ұғыммен байланысты аттардың символдық мағынасын ашу.

Зерттеудің нысаны. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, тұрақты тіркестердің құрамында ұшырасатын күлкілі бейнелер, ел аузындағы есімдер, қазақ көркем туындылардағы сатиралық-юморлық кейіпкер аттары.

Зерттеу әдістері. Жұмыстың мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, трансонимизация, статистикалық-есептеу, жаппай іріктеп алу, лингвистикалық топтастыру, уәждемелік талдау тәсілдер қолданылады. Сатиралық — юморлық кейіпкер аттарын этномәдени атаулардың нақты деректерін жүйелілік қатынаста қарастырып, генезис, типология, эстетика тұрғысынан туыстас тектестікте сабақтастыру үшін индуктивтік әдіс, ал, нақты онимдерді талдау барысында сипаттамалы-салыстырмалы, салғастырмалы, этнолингвистикалық, стилистикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың әдістанымдық негізі. Қазақ ономастикасын жан-жақты зерттеу барысында қазақ тіл білімі бойынша: А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, А.Т. Қайдаров, О.А.Султаньяев, Е.Жанпейісов, Ф.Мұсабекова, Қ.Қ.Рысбергенова, В.У.Махпиров, Г.Б.Мәдиева, С.Қ.Иманбердиева, Қ.Ғ.Аронов, Е.Ә.Керімбаев, Б.М.Тілеубердиев, С.Е.Керимбаева, Б.Көшімова т.б. ғалымдардың қорғалған диссертациялары мен жекелеген ғылыми мақалалардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік. Орыс ономастикасы мен ТМД елдері бойынша (С.В.Веселовский, В.А.Никонов. В.И.Болотов, Э.Б.Магазаник, Ройзензон, Ю.А.Карпенко, Т.Н.Кондратьева Л.М.Щетинин, В.Н.Михалков, Е.М.Мелетинский, Н.М.Ведерникова, В.А.Аникин, А.В.Суперанская. В.Е.Сталтмане, В.И.Супрун, Т.В.Топорова, О.И.Фонякова, Ю.Федосюк, А.Г.Гафуров, Г.Ф.Саттаров, И.И.Алиев, Ф.Г.Гарифова, К.Конкобаев т.б.) еңбектерін атап өтуге болады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ сатиралық — юморлық кейіпкерлер аттары қазақ ономастикалық кеңістігінде әлеуметтік, психологиялық, тарихи, мәдениеттану және этнографиялық деректерді ескере отырып, дәстүрге айналған әр түрлі аспектілер тұрғысынан кейіпкер аттарын этнолингвистикалық сипаттау олардың идиоэтникалық және тілдік семантикасын анықтаудың коммуникативтік — прагматикалық деңгейінде қарастырылды. Халық ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті бойынша сатиралық — юморлық кейіпкер аттары (2500-ден астам) тұңғыш рет сараланып, жүйеленді.

Зерттеудің теориялық маңызы. Сатира — юморлық аттардың этномәдени ерекшеліктерін зерттеу жалқы есімдердің этнолингвистикалық және қолданымдық табиғатын терең де толығырақ түсінуге ықпал етеді.

Ономастиканың өзіндік терминологиялық жүйесі бойынша онимдерді қолдануда ономастикалық терминдер қолдандық. Поэтонимдердің тілдік табиғатын тану этнолингвистикамен ұштастырылып, ономастикалық жүйеде алатын орны, теориялық — практикалық маңызы анықталды. Зерттеу барысында қол жеткен табыстар мен нәтижелер қазақ ономапоэтикасының дамуында септігі тиер еңбек болмақ.

Зерттеудің практикалық маңызы. Диссертациялық еңбекте баяндалған негізгі тұжырымдарды тіл білімінің Лексикология, Ономастика, Семасиология, Этимология, Этнолингвистика пәндері бойынша теориялық курстар мен арнаулы семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

.Сатиралық-юморлық аттардың сандық құрамы, типологиясы, олардың қолданылу ерекшеліктері (идиоэтникалық, семантикалық), ұлттық-мәдени өзгешелігінің ерекшеліктері қазақ әдебиетіндегі жанрлық жүйесімен байланысты.

.Кейіпкер аттары тек тілдік фактор ғана емес, сонымен қатар экстралингвистикалық факторлар арқылы ұлттық менталитетті, қазақтануды көрсететін ономастикалық бірліктер болып табылады.

.Негізгі лексикалық қорды құрайтын кейіпкер аттарының мағынасынан олардың танымдық, психологиялық, философиялық көздерін ашуға болады;

.Антрополексама құрамындағы көне сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, диалектизмдер мифтік таным мен тарихи шындықтың межесі деуге болады;

.Қазақ тіл білімінде поэтикалық ономастикаға қатысты терминдердің қолданылудың қажеттілігі негізделіп түсіндірілді. Кейіпкер аттарын ономосиогиялық талдаудан халықтың тұрмыс-тіршілігін, ұлттық психологиясын, тәлім-тәрбиесін, материалдық — рухани қазынасын этномәдени фон ретінде ұғынуға болады.

Жұмыстың жарияланымы. Зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен тұжырымдары 1995-2005 жылдар аралығында республикалық ғылыми басылым беттерінде, халықаралық конференцияларда жасалған баяндамаларда көрініс тапты. Диссертация тақырыбы бойынша 12 ғылыми мақала жарияланды және С.Аманжоловтың 100 жылдық, С.Ғ.Сәдвақасовтың 75 жылдық мерейтойына, академик Ә.Т.Қайдардың 80 жасқа толуына арналған, академик Ш.Ш.Сарыбаевтың 80 жасқа, профессор Т.Жанұзақовтың 80 жасқа толуына арналған арналған халықаралық-ғылыми конференцияларда баяндама жасалып, арнайы жинақтарда жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 Жұмыстың кіріспесінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың талқылануы мен жариялануы сипатталады. Диссертациялық жұмыстың І тарауы “Ономастикалық кеңістіктегі поэтонимдер” деп аталады. Бұл тарауда поэтикалық ономастиканың теориялық мәселелері, аспектілері, апеллятивтенген аттар, сатиралық — юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі, тақырыптық топтама және лексика- семантикалық ерекшеліктері қарастырылады.

1.1 Сатиралық- юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі. Тіл феноменін -тіл әлемін академик Ә.Қайдар “этностың өзін танып білудің қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы[1,11] деп сипаттайды. Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз: “тіл-тілдегі лексикалық байлықтың бір алуаны – кісі есімдері” [2,59]. Көркем туындылардағы кейіпкер аттары –лингвистикалық тұрғыдан жалқы есімдер(ЖқЕ), функциялық қызметі жағынан жалпы есімдерге (ЖпЕ) қарама-қарсы. Оның себебі ЖқЕ-дер-лексикалық мағынаға, ЖпЕ-дер – атауыштық қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖқЕ-нен жасалғанымен, ЖпЕ-ге ауысқанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен айрылады. Лингвистикада көркем, әдеби және поэтикалық ономастика деген терминдер жарысып қолданылып жүр. Бұл терминдердің барлығының нысаны – көркем шығармалардағы ЖқЕ-дер. Зерттеуіміз кез келген ЖқЕ-дер емес, белгілі стилистикалық мақсаттан туындайтын ЖқЕ-дер туралы болғандықтан, теориялық-практикалық аспектілерін ескере отырып, ономапоэтика (поэтикалық ономастика) терминін қолдануды жөн көрдік. Бұл терминді алғаш рет антропонимистер Ю.А.Карпенко, В.М.Калинкиндер қолданған. Қазақ лингвистикасының көшбасшылары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев сынды біртуар ғалымдарымыздың, бүкіл ғұмырын антропонимикаға арнаған профессор Т.Жанұзақовтың ғылыми еңбектерін, сондай-ақ жекелеген шығармалардағы кейіпкерлер аттарының табиғаты (Р.Әміров, Х.Нұрмаханов, Қ.Есбаев, Ф.Мұсабаева, А.Мухатаева, О.Әлімбекова, Б.Әлімжанов, Ф.Кендібаев) газет-журнал беттеріне жарияланған мақалалары, академик Ә.Т.Қайдардың (“Казахские собственные имена в сатирических произведениях”, Лейпциг, 1984) тезисі болмаса, қазақ сатирасы мен юмор жанрындағы кейіпкер аттарының тілдік табиғаты туралы қорғалған ғылыми еңбек жоқ.

Белгілі бір стильдік мәнде қолданылған кейіпкер аттары ономасиологиялық өрісте поэтикалық аттар немесе поэтонимдер деп колданылып жүр [3,16]. Сондықтан ономастикалық принциппен біз де сатиралық — юморлық поэтоним (СЮП) деп қолданатын боламыз. Ономапоэтика – көркем әдеби туындылардағы жалқы есім атаулыны, олардың құрылым принципін, мәнерін (стиль), мәтіндегі қолданысын зерттейтін, оқырманның қабылдауы мен қаламгердің эстетикалық көзқарасын білдіретін, мақсатын айқындайтын ономастиканың бір тармағы.

Соңғы жылдары кеңестік (ТМД елдері) тіл білімі көлемінде поэтикалық антропонимия немесе ономопоэтика – әдеби көркем туындылардағы жалқы есімдерді (поэтонимдер) зерттейтін ономастиканың бір тармағы өсіп шықты. Ономопоэтика жалқы есімдердің принциптерін, мәтіндегі қолданысын, сондай-ақ автордың стилін, дүниетанымын, мақсатын айқындайды. Н.В.Подольскаяның анықтамасы бойынша, поэтикалық ономастика — көркем шығармадағы атауыштық қана емес, стилистикалық және идеологиялық қызмет атқаратын антропонимдердің қалыптасу, қолдану ерекшеліктерін зерттейтін ономастиканың саласы [3,96]. Көркем туындыны ауқымы, шеңбері, өрісі кең болғандықтан, көп қырлы алмас секілді асыл дүние деп қарайтын болсақ, оның бір қыры сатира мен юмор тұрғысынан сөз етпекпіз.

1.3. Кейіпкер аттарының мағыналық-тақырыптық топтары.

І. Адамға қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер: туыстық қатынас: Апаева, Абысын Ағайын Туғаншылов, Апамов, Абысын Шешеева, Бауырбек Немереұлы, Жездебек Әкейменов, Жеңгебай, Қайын Мырзағаұлы Қайын Ағаев, Қайын Мырзағаұлы Шырақов, Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна, Шөбере Үбіреұлы, Құдағиева, Туғанбай Інішеков, физиологиялық белгілеріне байланысты: Тіріжан, Тырылбике, Топарбике, Жыланкөз, Саңырау, Кереңбаев, Соқыр, Соқырішек, Сүйел, Секпіл, Көксау, Қотыргүл, Шиқан, Ақима, Қылипа, Қисықбас, Тыртықгүл, Тобанаяқ, Сойдақтіс, Ықылық, Түшкірік,Сілекеев, соматикалық атаулар: Күлімкөз, Күлбет, Көзайым, Қосбұрым, Құлқынгүл, Тұлымтай, Табанкүл, Өңешгүл т.б. экспрессивті аттар: Аңқаубике, Бейберекет, Жыпбике, Лыпбике, Зырбике, Зыпбике, Жоқбол, Ырду, Дырду, Әмпей, Жәмпей, Мисыз, Ауыш, Әңгелек, Сұрсұлу т.б.

Хремотоним (гр.“хрематос”,“зат, мүлік”[3,146])адам өмірінің прагматикалық сферамен байланысты материалдық мәдениет түрлерінің (зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар т.б) атауы. Тұрмыс жабдықтары: Бізбике, Әтірбике, Дастархан, Инегүл, Қайысгүл, Мес, Опакүл, Шишагүл, Ожаукүл. Ожауова, Егеуәлі Қайрақұлы, Көрпебаевна, Тостағанова, Тұтқыш, Шарбақова т.б. зергерлік бұйымдар: Зұмратбаев, Сырғаев, Жамбы, Қырықсақина, Түймегүл, Шаштеңге, Сомекеш, Сырғабике, Ақбалдақ, Ақтеңге, Жүзік, Тұмаргүл. т.б. мата, киім атаулары: Ақжаулық, Алжапқыш, Көкжаулық, Барқытбике, Батшайы, Мәуіті, Малмагүл, Бәтеңкеқызы, Орамалова, Тазтелпеков, Шапанқызы, Кебісбай, Бөрікбай, Құлақшын, Тымақбай, Ләмбөк, Етікбай, Мәсібай, Киімбай, Шұлғаубай, Қалпағыбар т.б. азық-түлік, тағам: Айрангүл, Бауырсақ, Бөкпен, Қатықгүл, Шайбике, Шайгүл, Әсіп, Қазы Қартабаев, Қамыржан, Күлшебай, Балшекер, Майсөк, Майшелпеков, Мейіз, Шекер, Дәмдігүл, Талқан, Тәтті, Тоқашбек, Уызхан, Шәрбат т.б. ән-күй аспаптары: Адырнабай, Пернебике, Дабыл, жабдық атаулары: Мұрындық, Ноқтабай, Тоқым, Тұсаубай, Тұзақ, малдың тері атаулары: Елтірбай, Пұшбақбай, Тулақбай, Шөншік, Боздақ, Жабағы, Шудабай, Жарғақ, Тайтері, қару — жарақ: Айбалта, Бәкі, Бытырабай, Жебе Садақұлы, Қарубай, Наганбай, Наркескен, Пышақбай, Патронбек, Пушкабай, Оқпан, Оқшантай, Семсеров, Шоқпаров, ұлттық мүлік аттары: Наркескен, Қоңырқұлжа, Тайтұяқ, Оңқай, алшысынан түсетін асық, Бүкшік, сандық-өлшемдік ұғым білдіретін (100): Біргүл, Үшкемпір, Бесбике, Бірай, Жалғызгүл, Жалғызбике, Қосбұрым т.б.пейоратив аттар: Бәдікгүл, Долыгүл, Насбике, Жалаңашбике, Сарқыт, Мазақ, Шөпжелке, Қиқу, Шүшира, Шошаңгүл.

ІІ. Табиғатқа қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер:

астроним (аспан денелері): Айдай, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Күнбике, Күншығыс, Күнбатыс, Үркер; анемоним (жел): Долыгүл, Желдігүл, Ақдолы, Көкдолы.,Толағай, Құйынгүл; зооним (аң-құс): Түлкібике, Бөрікүл, Киікгүл, Қоянгүл, Бозымгүл, Танабике, Жорғагүл, Қойсұлу, Жүзтайлақ Әтеш, Тауықбике, Қырғигүл, Көкекгүл Сіркекүл, Сонашгүл, Тістібақа; Ойконим (жер бедеріндегі атау): Аймақ, Батпақбай, Ойпаңгүл, Дөңес, Дөңбек, Жертесер, Жолтабар, Өңірбек, Еңісгүл, Сортаң, Тақыр, Тасбике, Үңгір, Лайбай, Иірімбек, Дөңасаров, Тауасаров; Фитоним (өсімдік): Дәрігүл, Жуакүл, Құрақгүл, Қызғалдақ, Мақтажан, Миагүл, Қоғажай, Ләйлікөк, Сарғалдақ, Сабақгүл, Сәбізкүл, Томаркүл, Әтіргүл, Көкекгүл, Гүжапырақ, Гүлелпек. түр-түстен жасалған: Ақторсық, Ақкемпір, Ақжаулық, Көкжаулық, Ақбалдақ, Қарақатын, Сарыкүл, Бозымгүл, Сұрсұлу. Топоним (гр.орын, ел, кеңістік+оним) Мәскеубай Москва, Тәшкенбай Ташкент, Әмірикан Американ, Керман Герман. Мәскеубай, Тәшкенбай деген кейіпкер аттары да бір шығармадан алынған. Олай болса, Аңырақай дала, Мәскеубай, Тәшкенбай қала бейнелерін кейіпкер аттары жасалған. Экзоним (гр.сыртқы+оним) – берілген тілдегі заңдылыққа бағына отырып, фонемалық жағынан өзгеріске түсетін жалқы есімдер. Бұл термин Біріккен Ұлттар Ұйымында немісше exonym деп қабылданған. Мәскеубай мен Тәшкенбайды алып қарасақ, осы қаланы көріп тамашалап жүрген саяхатшыл кейіпкерлерге берілген. Бұл аттар ономастикада топонегізді поэтоним деп қаралса, біз экзоним ретінде қарастырамыз. Өйткені қазақ тілінде олардың фонемдік құрамы сол тілдегі сөзбен сәйкес келмейді. Мысалы Бакы -Баку, Рим -Roma, Париж — Parіs, Вена — Wіen, Неаполь- Napolі деп өз тілінен басқаша дыбысталады. Москваны -Мәскеу, Ташкентті -Тәшкен деп қолдану – қазақ тілінде қалыптасқан құбылыс.

ІІІ. Қоғамға қатысты ұғымдардан жасалған СЮП-тер: абстрактілі ұғым: Ақылкөп, Анаубай, Арзанкүл, Ашгүл, Әбиіркүл, Ойбике, Құтбике, Әділгүл, Сәуегүл, Зәрубике, Қайзада, Солзада, Кімов, Мынаугүл, Елбике, Даугүл, Жәнегүл, Заңғой, Даусоғар, Таққұмар, Дигитоним – адамға берілген қоғамдағы орнын ерекшелендіріп тұратын қосымша атақ іспетті князьдық, дворяндық титул аттар. Дигитонимдік СЮП-тер: Ақпатша, Байбатша, Нарбатша, Бухан, Бөріхан, Елесхан, Елікхан, Үрмехан Жалаухан, Ханөлмесов, Князев (герман “тек”). Мифоперсоним: Аяз ата, Албасты, Желаяқ, Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ, Мыстанқыз, Жаппаргүл, Үрбіл (діни ұғымдар), Таусоғар, Бізбике (Алдар көсе), Сұрапыл (дауылдың аты), Шынашақ (халық ертегісі).

Политоним (гр.мемлекеттік іс+атау) — мемлекеттің әр түрлі символдарын білдіретін жалқы есім түрі. Сатира, әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда ел өміріне әлеуметтік — саяси жағынан белсене араласады. Әсіресе тоқырау, қайта құру, бетбұрыс кезеңдерінде сатираның таптық, партиялық сипаты күшейе түсті. Елімай, Елқайғы, Елімбаев, Жалаухан, Хатшыбай, Нұсқаубай, Жарлықбай, Қызылбай, Уәкілбек, Мөрбасар, Жарнагүл, Оңшылбаев, Солшылбаев, Заман, Бұйрықбаевич, Большевиктеров т.б. Сатиралық проза мен поэзия өмірдегі, тарихтың әр кезеңінде келеңсіздікті әзілмен сынай отырып, юморлық күлкімен әшкерелейді, тіпті кейіпкер аттарының өзі “антропонимия – тарих” (Никонов).

Білім-ғылымға байланысты туған аттар: Ақылдым, Ақылқалта, Әліппе, Әріпбек, Білімгүл, Білгішбай, Емле, Жұрнақ, Үтір, Ноқат, Сұраубай т.б.

Жанрлық аттар: Әлқисса, Әзілбай, Әзіл Сықақов,Әзіләлі, Әңгіме, Бәдік, Боссөз, Жырау, Келеке, Құрғақсөзов, Өлеңбаев, Тілмар, Тұспал, Жырдария, Калжынбасұлы, Мысалжан, Мақалбике, Пародияғали, Панфлетхан, Оспақ, Сатирин, Ұйқасбай, Эпиграммабай т.б. Сауда-финанс: Ақтеңге, Арзангүл, Теңгегүл, Тиын Тебенқызы, Шаштеңге, Пұлсыз, Пұлжеген, Пұлбай Тиынсызов, Қарызхан, Алыпсатарұлы, Саудабек, Салықбай, Көктиын, Бестиын т.б. Порейоним- Машинатегі, Вагонбек, Пойызбек. Этноним (гр.этнос халық+оним) Әдігей, Кәрісбай, Өзбекбай, Тәжікбай, Қырғызбай, Сартбек, Өзбекулла. Хрононим (гр.хронос- уақыт, кезең+оним) – тарихи мәні бар кезең немесе маңызды оқиға аттары. Адам Ата, Хауа Ана “өте ертеден”, Ақпатша (Романовтар династиясы билеген кез), Байбатша (кеңес өкіметіне дейінгі кезең), Байқұл (феолдалдық дәуір), Қарашаруа, Демоним — Мыстанқыз, Сайтанбек, Жезтырнақ, Албасты, Жындыбаев, Теоним – Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Япыраевич

1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған СЮП-тердің жалпы саны – 250.

Соматикалық атаулар (60) бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ, т.б кейіпкердің аталуына уәж болғаныны анықталынды.

І. Бас аймағынан жасалған СЮП-тер саны -70. Олар: Алтыбас, Бақырбасов, Бұзаубас, Додабас, Дарабас, Дыраубас, Ешкібас, Жайбас, Жалаңбасов, Жалпақбас, Жапсарбас, Жарғақбас, Жүндібасович, Жарықбас, Зілбас, Итбас, Киізбас, Көкебас, Кірбас, Көнгенбасов, Қабанбас, Қазанбас, Қайқыбас, Қалтақбас, Қарынбас, Қасқабас, Қисықбас, Қоқыбас, Масбас, Маубас, Ожаубас, Сарыбас, Қубас, Қағанақбас, Майбас, Тақырбасов, Таспабас, Тесікбас, Түктібас, Топайбас, Топырақбас, Шаштыбас, Шақшабас, Шалабасов, т.б. Мысалдар “бас” атауымен тіркескен кейіпкер аттарының тізімі ғана емес. Әр кейіпкер атының астарында ғасыр бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық болмыс, ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, ұлттық наным-сенімнен туындайтын құбылыс – этнолингвистикалық ерекшелік жатыр. Тарихтағы саяси ұлы тұлғалардың аттары: Таспабас (Сталин), Қасқабас (Хрущев), Дыраубас (Брежнев), Қыраубас (Горбачев).

ІІ. Бет аймағы – 60. Бет: Бетонбет, Бетсіз Бетібелдиева, Жұтаңбет, Жылмаңбет, Күлбет, Қарабет, Шықшытбет. Көз: Ақкөз Қызылкөзұлы, Ақиған Көккөзов, Алайкөзов, Биякөз, Бадырақкөз, Көзкөрген, Көзжұмбаев, Иткөз, Мысықкөз, Сусликкөз, Текекөз, Шақкөз. Адам жанының айнасы – көз, адам характерінің көзге байланысты түрлі қыр-сыры ашылады. Мұрын: Дөң+мұрынов, Маймұрын, Мұрын, Мұрындық, Иттұмсық, Тұмсық, Танауғали. Құлақ: Ақпақұлақ, Жарқұлақ, Кірқұлақ, Қосқұлақ,Саққұлақ, Сабауқұлақ, Тасқұлақ, Ұзынқұлақ. Ауыз: Ауыз Жаппасов, Бейпілауыз, Жаманауыз, Өңешгүл, Жайынауыз, Ешкіауыз, Кемиек. Тіл мен жақ: Құлқынгүл, Тастаңдай, Тілмарович, Тілқатпасов, Тілемсеков, Заржақ, Қужақ, Самыржақ, Ұртбай, Ұртымай, Сойдақтіс.

ІІІ. Мойын–10. Бұқамойын, Қылмойынов, Қылқимойын, Бұзаутамақ, Кеңірдекович, Қылкеңірдек, Тайбұғақов, Шөпжелке, Желкебай.

ІV. Кеуде–20. Көкірек Кеудебаев, Жалаңтөс, Тауықтөс, Бауырбек, Бесқарын, Месқарын, Итқарын, Тасбауыр, Тасжүрек, Қарынбай, Қарынбөлеев, Сауқарын, Талақ, Жұлынбай, Ішекқарынұлы, Ұлтабар т.б.

  1. Қол – 15. Қолдағышов, Жұдырықбеков, Бармақшал, Басбармақ, Тырнақшал, Белбармақов, Жезтырнақ, Саусақпаев, Сұқбек, Сояу, Шынашақ, Шапалақ, Шеңгелов, Бессаусақов.

VІ. Жамбас – 9. Біржамбас, Бөксегүл, Бұлаңқұйрық, Жамбассипарұлы, Жатырбай, Көтібар, Құйымшақ, Құйысқанбике, Тайкөт, т.б.

VІІ. Аяқ20. Шойтабанов, Ақтабанов, Тобан, Тобышақ, Майөкшенов, Ноқтабан, Желаяқ, Итаяқ, Көкаяқ, Қуаяқов, Қотанаяқ, Сәндіаяқ, Суаяқов, Талтаяқ, Бақай, Башай, Шотаяқ, Бибұт, Шибұт, Шиборбай, Ұлтан. Басқа байланысты – Тазша, бетке-Бедірейгенова, көзге–Адырақбаев, Ақима, Қылипа, Бадырақ, Соқыр; мұрынға – Тәмпіш, Таңқыгүл; ауызға – Жұтқанов, Жұттыбай; құлаққа – Саңырау, Кереңбаев; қолға–Шеңгелов; денеге – Айтыртық Тырдай Жалаңашов; шашқа Үрпек, Бұйра, Шүйкебик Шаштеңге, Шашбике, Қолаңшаш, Тұлымтай; бойға – Қортық, Мықыр, Пошым; аяққа –Айталтақ, Маймақ, Зыпберген т.б.

1.3.2.Зоофорлық (zooгр.“жануар”+onіm.атау) аттар (ЗА)–жан-жануар, аң-құс, құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер. [3,60]. Зооним–жан-жануар аттарыгиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік) т.б деп жіктеуге болады. Біздің зерттеуімізде 100-ден астам ЗА кездесті. Қой атауымен келген ЗА: Қозыбақ, Қозытай, Қозыбағар, Қойбай, Қойбағар, Қойсұлу, Қойтеке, Қойшы, Қойболды, Қошқар, Торымбике, Ісекбай. Сигнификаттық (лат. sіgnіfіcatum — “таңбалаушы”) мағына ұғыммен, ойлаумен байланысты. Сигнификаттық мағына – жуастық, көнбістік, момындық.

Ешкі атауымен келген ЗА: Ақтуша, Ешкіайдар, Ешкібас, Ешкібағар, Ешкікөз, Ешкіауыз(ов), Текекөз, Тоқалешки(ева), Тышқақ (лақ), Шыбыш т.б. Сигнификаттық мағына: шыдамсыздық, жеңілтектік, күйгелектік, сабырсыздық.

Сиыр атауымен келген ЗА: Ауқау(ов), Бұзаубақ, Бұзаутамақ, Бұқабаев, Бұқамойын, Бөртебаева, Өгізхан, Сиырбағар, Сиырбаев, Танабике, Зеңгібаба. Мұндағы ассоциация – қыңырлық, надандық, топастық.

Гиппонимдерден жасалған ЗА: Ақбозов, Аткелтір, Бестібай, Дөненқырт, Жорғабай,Көкшолақ, Көкбайтал(ов), Мәстек, Құнанқырт, Нарбалақов, Саңлаққали, Саршолақ, Саяқбай, Пырақбаев, Тайбұғақов, Тайшабаров, Тайқара, Тайқасқа, Тайтері, Тайлыаяқ, Тайтұяқ, Тебеген, Тарпаңбай. Денотаттық (лат. denotatum – “белгіленуші”) мағына – албырттық, асаулық, шалкестік.

Түйе атауымен келген ЗА: Ақтайлақ, Атанбек, Бозтайлақ, Бошалақ, Бозінген, Бозымгүл, Боздақ, Бура, Жүзтайлақ, Қоспақ, Нарпатша, Наркескен, Нұқатан, Інгенбай, Ойсыл, Өркеш, Түйебағар. Түйеге тән денотаттық мағына – жуастық, адуындық, самарқаулық, жалқаулық.

Үй жануарлары аттарынан жасалған ЗА: Ақкүшік, Арсалаң, Барақ, Доңызқұл, Домбай, Есекбай, Күребай, Қызылтазы, Шошқа(евич), Тайқар.

Кинонимдерден жасалған ЗА: Барақ, Итаяқұлы, Иткүл, Итбай, Итқара, Итқұл, Итбас, Итемген, Иткөз, Иттұмсық, Итжеккен, Итуахи, Итбақбас, Күшікбала, Құмай, Тазыбайдың Қаншығы, Көпек, Төбет, Үрген, Құтпан.

Ит – “жеті қазынаның бірі”, адам секілді оның бойында жақсы да, жаман да мінез табылады. Жақсысы: сенімділік, шыдамдылық, табандылық, жаманы: сатқындық, жалтақтық, жарамсақтық. Ұлы Абай өзі жақтырмаған нәрсесін “ит” деп атаған. Шетелдік киногер Б.Бордо айтқан екен: “Адамдарды тани түскен сайын иттер туралы ойлаймын”. *Итуахи > ит + уа+хи дейтін одағай сөздердің бірігуінен жасалған. Итуахи деп аталуы кейіпкер атынан баяндалады: “Иттей боп дем алған екенсің. Иттің құлағына алтын сырға, мен өзі сөз арасында итті атамасам тұтығып, ақылымнан адасып қалатын секілдімін. Мұның бәрі – жүйкенің иттей боп жүдегені деген сөз”(О.Әубәкіров).

Бұл қатынның шешесі итжерік күйінде ит жылы туыпты.Кіндігін Итбайдың кемпірі кесіп, Итемген шал атын Иткүл қойыпты”(С.Кенжеахметов)

Түз аңдары атауынан жасалған ЗА: Айдаһар, Аюбай, Аюкен, Балпақ, Борсық Бөрігүл, Бөлтірік, Бөкен Арыстанович, Жыланкөз, Елікханов, Ешкіемер, Киікгүл, Көкжал, Көжек, Қоянгүл, Қоян Қорықпасов, Қодыкен Сусликкөз, Қоңырқұлжа, Таутан ,Төкеш Түлкібаев, Түлкібике, Түлкібақ. Бұдан басқа су жыртқыштарынан – Киттей, Шортан, Жайынауыз, Жайынгүл, Бекіре, ұсақ балықтар – Лақа, Шабақ, қос мекенділерден – Айбақа, Бақа, Бақыш, Тістібақа, Шаянбек, Сары Шая, инсектонимдерден – Биттей, Бүрге, Сүлік, Сонашгүл, Сіркегүл, Таскене, Көбелек), Инелік, Заршыбын тәріздес зоонимдер бар.

Орнитонимдерден жасалған ЗА: Аққу, Әтеш, Бөдене Бұлдырықов, Бытпылдақ, Дуадақ, Жарғанат, Ителгиев, Кекілік, Көкекгүл, Күйкентаева, Қаршыға Бүркітов, Қораз Қоқиев, Қыран, Қырғигүл, Қызғышов, Қытқытбек, Құсбегин, Құсмұрын, Құрбек, Құзғынбай, Сауысқан Саққұлақов, Тауықбике, Тауықтөс, Тырнабай, Үкісарықыз, Үйрекович, Шүрегей, Шымшықбек. Қораз Қоқиев < қоқи қораз. “Ешкіммен тілдеспейді, амандаса қалсаң, бас-аяғыңды тексеріп шығып, оң қолының сұқ саусағымен көзілдірігін көтеріп жоғары қарап тұрып “с-с…” деген болымсыз дыбыс шығарады. Көзілдірігімен бірге көтерілген танауы біразға дейін делдиіп тұрып алды” (С.Жортанов)

1.3.3 Фитофорлық (өсімдік атауынан жасалған ЖқЕ-дер аттар) Ағаш: Ағашбай, Сандалбай, Тасеменов, Шыбық, Зәйтүн Бұтақ: Бұтағали, Жапақ, Қияқ Қамысов, Қамысбай, Қурай, Шілік, Шигүл, Шибұт, Шиборбай. Шөп: Адыраспанов, Ажырық, Бұзаубас, Ебелек, Запыран, Жантақ, Желбіржекен, Қалақай, Қаңбақтай, Миягүл, Нашабек, Шағыр, Шөңгебай, Усойқы. Дақыл: Арпабай, Тарыбай, Жүгерин, Күрішбек, Мақтажан, Уытбай. Бау бақша: Әңгелек, Бүлдірген, Бәдірең, Жаңғақ, Жуагүл, Көсік, Пістебек, Түйнекбай, Шиебайұлы, Шатырашұлы, Пәшек, Бошақ Гүл: Гүлдерай, Гүлбазар, Инегүл, Қызғалдақ, Сарғалдақ, Гүлжапырақ, Бәйшешек, Ләйлікөк, Сарыкүл, Шайкүл.

Фитонимдерден жасалған кейбір ФА-дың жасалым уәжін түсіндіре кетейік. Усойқы < усойқы — хош иісті ақ гүлі бар улы өсімдік, улылығына байланысты ащы, қыршаңқы тілді адамдарды усойқы деп атайды. Уытбай < уыт — арақ, бозаны ашыту үшін салатын құлмақ тәріздес дән, ащы дәм тілінің шақпа, уыты бар адам жөнінде уәж болып тұр. Ебелек < ебелек — құмды жерде өсетін бір жылдық өсімдік, шөптің ұшып жүретіндігі жеңілтек, ұшқалақ кейіпкердің жасалуына мотив болған. Мысалы, “елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген” деген содан шыққан. Қалақай < қалақай — тиген жерін дуылдатып, ащытатын өсімдік, тілі шақпа адамдарды “қалақай тілді” дейді. Қаңбақ < қаңбақ — шөлді жерде өсетін шар тәрізді, домалап, ұшып жүретін өсімдік. Жеңілтек адамдарды қаңбақ сияқты “қалбалаңдаған” дейді.

1.4 Кейіпкер аттарының лексикалық құрамы жағынан талдауымыз, яғни СЮП-тердің жасалуының қайнар көзі “жалқы есімдер ішінде көне атаулардан басқа едәуір орынды кірме және жасанды атаулар алады” [4, 6] деген пікірді дәлелдейді. Қазақ әдебиеті бойынша жиналған материалдың тілдік табиғатын тануда әдебиет – тіл – сатира үштігімен ұластырдық. “Әдебиеттен тілді бөле қарау “ала қойды бөле қырқу” тәрізді ғой. Бұл екеуі бірінсіз бірі күн көре алмас керек. Сондықтан да біз әдеби әсерді айтқанда, тілге тіреліп, ал тіл қорын зерттегенде, әдеби туындыларға сілтеп отырамыз” [5, 36].

1.4.1. Көне сөздерден жасалған СЮП-тер (90). Академик Р.Сыздықованың “архаизмдерді екі-үш топқа бөліп қарастыру керек” деген принципі бойынша, кейіпкер аттарын 1.мүлде қолданылмайтын (Білте, Мыршым, Сопықұл, Пырақбаев, Тәңірқұл), 2.қолданыстан шығып қалған, бірақ мағынасы түсінікті (Сайтанбек, Жебе, Пірімқұл, Жамбы, Жосын, Садақ), 3. қазіргі қолданыста бар, бірақ өзгеше мағынаға ие болған сөздерден жасалған кейіпкер аттары (Бақсы, Құдайқұл, Шатыраш, Шырбітпес, Молдабай) деп бөлдік. Теофорлық аттар қазақ бір нәрсеге табынғанда, сыйынғанда, жалбарынғанда аузына жалғыз құдайды алмайды, бұл қатарды “тәңірім”, “жаратқан ием”, “алла тағалам”, “пірім” тәріздес сөздер толықтырады. Зерттеу барысында Апырай, Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Тақуаұлы, Бақсыбаев, Япыраевич тәріздес патронимдер кездесті.

1.4.2 Диалектілік негіздегі СЮП-тер (120) – диалектілік лексемалар мен форманттар негізінде туған жалқы есімдер. СЮП-тердің шамамен 5%-і тіліміздегі жергілікті құбылыс ретінде ұғынылып жүрген сөздердің қатысымен жасалған: Аппаз “жиырма тиын”, Алқынды “ сабынның қалдығы, Ауыш “ есінен ауысқан, Ауқатжан “тамақ, Әпкіш “иінағаш, Әбиіркүл “абырой, Әйдік “үлкен, Әуей көңілдес, Бозымгүл “түйе, Бақыраштай ыдыс, Бәдірең “қияр, Балқаймақ “тағам түрі, Бөстек “текемет, Дәлдүріш – “ақымақ, алаңғасар Долы “бұршақты жаңбыр, Далбай құлақшын, Доқ “бұйрық, Елпек “жұмсақ, Иісмай “крем, Кібіт “қойма, Көпек “еркек күшік, Кәржік “ мұрын, Кәубас “үлкен бас, Кекіре “арам шөп, Киеңкі “ауру, Қойтан “ақымақ, Құлжа” сақа, Қоспақ “ақымақ, Қақпыш” текпішек, Қырпық тері, Қырт мылжың, Қыпық “ бидай, Лақы “күлдіргіш, әзілкеш адам, Ләмбөк “мата, Пәшек “ шырмауық, Пістебек, Шөлмекбай “арақ, Тайқар екі жастағы ұрғашы есек. Сипанский < сипан+ский ауызекі тілде сипап кету “ұрлап кету” дегенді білдіреді, — ский орыстың аффиксін қосып сөйлеу жалпы халықтық сөйлеу тіліндегі ерекшелік болып табылады.

1.4.3       Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған СЮП-тер (110).

Кейіпкер аттарын сөздік құрамы жағынан шығыс тілі (араб, парсы, иран), орыс тілі (грек, латын, француз, неміс, ағылшын т.б) және алтай тілдері арқылы енген сөздерден жасалғандығы анықталды. Түркі Әпенде, татар – Башмачкин, Мәшура, Колбаса, өзбек –Тәшкенбай, Узбекулла, Ташматов. Башмачкин дейтін кейіпкердің аталуындағы башмак сөзі о баста орыс тіліне татар тілі арқылы өтіп, уақыт келе, түркі тіліне қайта оралып “башмақ” мағынасында жұмсалады.Монғол тілінен — Ойрат+хан, Cояу+бай< соео-азу тіс, Келеке< хэлгий –сақау, Дом+бай<дом –ем, бақсылық. Қытай тілінен – Әпелсин< appel+ Chіna –Қытай алмасы, Заң+ғой, Шай+кұяр, Шай+бике, Әтір+шай өсімдіктің кептірілген жапырағы, Сипаң, Шыныбек. Сипаң+бай сөзінің шығуы жөнінде жазушы Б.Қыдырбекұлы мынандай қызықты дерек келтіреді: “Сипаң — қазақ жеріне діндар болып келген қытайлықтың аты. Жүрген жерінде елді алдап, маймөңкелеп, жаманның өзін әдемілеп жіберуге бейім болған”. Сипаң сөзіндегі маймөңке коннатациясынан ЖқЕ Сипаңбай жасалған деуге негіз бар.

Араб тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (100).

Академик Р.Сыздықова “көп сөздердің түп-негізі араб-парсыныкі болғанымен, халық тіліне сіңіп, қазақ лексикасының байлығына әлдеқашан айналған” деп санайды [6,154]. “Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздігі (Е.Бекмұханбетов) және “Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері” (Л.Рүстемов) пайдаландық. Арақ, Әзәзіл, Әбілет, Әулиебайулы, Әліпби, Әлқисса, Бәрекелде, Бейберекет, Дүлей, Дұғай, Дұғакүл, Жалақор, Зәрубике, Зәреқұт, Зікір, Запыран, Ләм, Мим, Молдабай, Мұсылманұлы, Қыдыр, Нашабек, Надан, Натрибек, Пайдабек, Пәтуасыз, Пәлеқор, Пырак, Пірімқұл, Сайтан, Сауық, Сүндет, Сұрқия, Талак, Тәспиық, Таһуа, Тұмар, Тұмарбек, Хақымбар, Шарапбике, Шүкір, Ібіліс т.б.

Парсы тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (50): Барабдал, Бадал, Албасты, Әбігер, Әмпей, Бетпақ, Дырау, Жадыгөй, Дуанбек, Зәре, Зікір, Қалжа, Далбаса, Алуа, Орамалова, Дардана, Гүлдария, Меймангүл, Мұнтаз, Жорабай, Найсап, Кебіс, Пәлек, Орамалова, Бетперде, Шілдебай, Шарбақбай т.б.

Орыс тілі арқылы енген СЮП-тер саны (120), сөздердің шығу тегін анықтау үшін “Краткий этимологический словарь русского языка” және В.И.Дальдің “Толковый словарь русского языка” сөздіктері қолданылды.

Славян тілінен — Сорокбай < сорокъ — қап, көйлек; Сусликкөз < сусьлъ < сусати — ысылдау; Көржік < коржик тәтті нан; Сөлке+бай < целковый < целый -бүтін сом; Айболит < ай, болит< Айболит — аң дәрігері (К.Чуковский); Самогон < дәнді дақылдардан, жасалатын ішімдік; Мұжықбай < мужик < қара шекпен; Пожарский <пожаръ-ыстық; Латыннан — Бетонбет betumen — битум, Виноқұл <вино < vіnum- ветвь, Спиртбай < спирт < spіrіtus — дем, дем алу, Насеком < Дефицитұлы<дефицит-тапшылық, Актішілов < асtus , Алиментшин < alіmentum — асырау-бағу, Папиросбек < papyrus – қағаз; Кереует < krabbtіon, Металті<metallon-кен, Газова<chaos, Пародияғали<parodіe — одаға қарсы, Паразитович<parasіton, Понетек< фонетика phone — дыбыс ; Неміс тілінен — Рәпира < рапира — сайыс қылыш, Вагонбек < wagen -арба, Князов < kunіng — ру басы, Долларбек < taler -ақша өлшемі; Поляк тілінен — Бөтелке <бутылка < botelka < лат. buttіs- кеспек; Итальян — Кәмпит < confetto< лат. confectum — дайындалған дәрі, Тенорбек < tenore- еркектің биік даусы, Cонета <сонет- лирикалық өлең, Шарлатан < сіarlare — алдаушы, көз бояушы; Француз тілінен — Ботинка< ботинка, Коньяк <коньяк, Шампан+гүл, < vіn de Champagne < Шампань -провинцияның аты, Скелетбай < скелет, Панфлетхан < панфлет; Испан тілінен — sіgarro <cигарет < Сигаретин; Ағылшын — Футболбай < foof — аяқ, ball – доп.

*Иванқұл, Ивангүл, Иван Ішуді біз үйрендік, Иван менен Бористан (Н.Төлепбергенұлы). Иван аты- тұтас бір ұлттың бейнесінің өкілі ассоциациялық образ түрінде алынған. Иван – прецедентті атау. Қазақ сықақшыларының өзге елдің күлкілі персонаждарын алуы сол аттардың халық арасында тым танымал болуынан ба дейміз. Иван — бүкіл Азия, Түркі жұртында Дунайдан Кубаньға, Оралдан Амурға дейінгі аралықта орыс деген ұғымды білдіреді. Иван — орыс халқының алаңғасар, аңқау, ақымақ, әпенді кейіпкері әрі сүйікті ұлттық бейнесі. Иван — орыс сөзі болып көрінгенімен, түп негізі — Иоанн көне еврей тіліндегі құдайдың сыйы дегенді білдіреді. Иван аты Европаға да кең тараған: Иоганн (неміс), Жан (француз), Джон (ағылшын), Юхан (фин), Ян (поляк), Иванэ (грузин).

Біраз СЮП-тер дыбыстық жағынан өзгеріске түскендігі байқалады: ботинка Бәтіңкеқызы, Егор Жәгөр, кореец Кәрісбай, кровать Кереует, купец Көпесбай поезд Пойызбек, сумка Сөмкебай, совет Сәбетбай, спирт Спіртқали, артист Әртісбай, целковый Сөлкебай, монпансье Мәмпәси, бутылка Бөтелке, конфета Кәмпит, Москва Мәскеубай, мужик  Мұжықбай, генерал Жандаралин, рапира Рәпира, завод Зауытбек, коржик  Көржік, фонетика Понетекэ.

Әдеби кейіпкерге ат беруді ұлы еңбек деп қарау керек, өйткені көркем шығармада кездейсоқ аттардың болуы мүмкін емес. Жазушы Л.Успенский: “Егер Л.Толстойдың басына өзінің геройларының фамилияларын айталық, Ростовтың фамилиясын Перепенияға өзгертер ойы келсе, “Соғыс пен бейбітшіліктің” мықты ғимараты теңселген болар еді” деген сөзін тек ғана жеңіл әзілге құрылған деп санауға болмас. Шынында, Ростов, Облонский немесе Иртеньевке Перепения, Чичиков немесе Плюшкин секілді фамилияларды беру бейнелеп айтқанда, миға сыймас дүниелер ғой. В.Гоголь өз кейіпкерлерін Башмаков, Башмакеевич, Башмачкин деп өзгерткен.

ІІ тарау “Кейіпкер аттарының лексика-грамматикалық құрылымы” деп аталады. Бұл тарауда СЮП-дің морфологиялық-синтаксистік тәсілмен жасалған, гендерлік негізді, антоним және синоним мағынасындағы, қос сөз түріндегі, сөйлем типтес, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы аттар сөз етіледі.

2.1 Морфологиялық-синтаксистік жолмен жасалған СЮП-тер түбір тұлғалы, туынды тұлғалы, біріккен тұлғалы болып келеді.

  1. Аппозитив аттар: Зат.е + зат.е: Ақыл+қалта, Әтір+шай, Бал+қаймақ, Бетон+бет, Дәу+пері, Есек+тас, Жорға+гүл, Метал+тіс, Күл+бет, Қыз+бала, Қыл+мойын, Сері+жігіт, Су+мұрын, Тас+маңдай, Теке+көз, Ит+аяқ, Қырық+сақина Шөп+желке Квалитатив аттар: Зат.е + сын.е: Кек+ала, Күкірт+сары, Ұйқы+сары, Үкі+сары, Мес+қара, Тас+қара, Қабан+қара, Ши+қара, Шот+қара, Ми+сыз, Май+лы, т.б. Зат.е + етістік: Ат+келтір, Бас+имес, Бас+бұзар, Бой+бермес, Дым+білмес, Жамбас+сипар, Қыз+тумас, Май+басар, Май+жеген, Мөр+басар, Пұл+жеген, Тай+жұтқан, Тас+жарған, Теңге+жұтқан, Той+болсын, Ұл+емес, Ұл+табар, Ұл+шығар, Шай+құяр, Тай+шабар(ов) т.б.
  2. Сын.е + сын.е: Асау+қара, Дәу+қара, Шала+қызу, Арам+қара, Семіз+қара, Қара+ала, Шой+қара т.б. Сын.е + зат.е: Ақ+долы, Ақ+балдақ, Ақ+кемпір, Ақ+қу, Ақ+сом, Ақ+туша, Ақ+тайлақ, Ақ+көз, Ақ+жем, Ақ+тайлақ, Ала+бас, Арзан+гүл, Аш+гүл, Әрлі+гүл, Бейпіл+ауыз, Жыртық+гүл, Көк+аяз, Көк+қасқа, Көк+ми, Көк+долы, Көк+тиын, Көк+шақа, Көк+жал, Көк+байтал, Көк+аяқ, Көк+қас(ов), Күрең+көз, Қара+қатын, Қара+бұқа, Қара+кемік, Қара+шаруа, Қара+бет, Қолаң+шаш, Қоңыр+құлжа, Қызыл+тазы, Майлы+жігіт, Майлы+тон, Сәнді+гүл, Сойдақ+тіс, Сұр+сұлу, .Сын.е + үстеу: Егеу+әлі, Тыртық+әлі.
  3. Сан.е + сан.е: Қырық+бес, Елу+бес+бай, Отыз+бір+бай, Сан.е + зат.е: Бес+бике, Бес+қара, Бес+тиын, Бес+балуан, Бесті+айғыр, Бес+қарын, Бір+ай, Бір+жамбас, Жалғыз+гүл, Жүз+тайлақ, Қырық+қабат, Қос+орай, Жалғыз+бике, Мың+жылқы, Мың+жігіт, Үш+кемпір, Төрт+қара,
  4. Есімдік + зат.е. Есімдіктің тілімізде атқаратын қызметі орасан болғанмен, сан жағынан айтарлықтай көп емес. Дегенмен аз да болса кездеседі; сілтеу: Анау+бай, Мынау мырза, Анау+бек, Мынау+бек, Мынау+гүл, Сол+зада; белгісіз мәнді: Пәленше Түгеншиев, Пәленбаев, Әлдекім, Бірдеңкеев, Бірдібірге Шағыстырғанова; сұрау мәнді: Кімов < кім?, Қайзада < қай? өздік: Өзге, Өзден, Өзгегүл, Өздебай; болымсыз мәнді: Ешкім Жоққұлов, Ештеңе Ешкімбілмесов, Ештеңе Айтпайтынов, Іштеңкей Іштеңкеевич.

Императив аттар: етістік+зат.е: Азына+гүл, Бөсер+бай, Жөнде+гүл, Көнген+бас, Күлмес+жан, Қаңғы+бике, Қопар+гүл, Қойқой+бек, Қысқар+бек, Қайра+ғали, Сипа+гүл, Зытты+ғали; есімше: ған: Жұт+қан, Түрт+кен, Ұм+тыл+ған, Үр+ген, Көр+ген, Кез+ер+ген, Мас+ыл+ған, Той+ған, Асап Күйсе+генович, Той+ган+гүл Семір+геновна, Тілепал+ған Көсем+болған, Ғашық+болған+ұлы; -ар: Ал+да+р, Жет+ер, Қу+ан+ар, Бөс+ір, Қосып+айтар; -с: Ес+кер+ме+с, Дес+бер+ме+с, Ел+еме+с, Күл+ме+с, Той+ма+с, Жалық+па+с, Қи+мас, Қап+па+с, Тап+тыр+ма+с; -ты: Әлім+жетті, Алды+жытты, бұйрық райлы: Кой+бақ, Ұрда+жық, Кел+кел, Көңіл+жықпас, Кой+кой, Іліп+тарт, Жалтарма, Түлкі+бақ, Қой+болды, Жандай+шап, Барып+кел, Бар+бол, Жоқ+бол, Жөнде+гүл.

в) етістік + сын.е: Де+гіш

  1. Үстеуден туындаған СЮП-тер аз: Әлі+бала, Әлі+қыз, Әлі+тірі, Егеу+әлі, Екеу+әлі, Нақ+тан, Бірді+бірге , Нағыз.
  2. Еліктеу сөздер – дыбыстық жағынан, яғни дауыс ырғағына қарай одағай сөздер сияқты құбылып, түрленіп отырады. Академик Ш.Сарыбаев дыбыстық құрамын шартты белгілермен таңбалап, дауыстыны –V, дауыссызды – C, сонар дыбысты – L деп бөлген, осы үлгі бойынша топтастырдық:

І CVLC – тырқ Тырқай, шіңк Шіңкей, қоңқ Қоңқай, дыңқ Дыңқыш

ІІ CVLVL – бұлаң Бұлаңбай, жымың Жымыңғайша, жалаң Жалаңгүл

ІІІ CVC – жып Жыпбике, Қытқытбек, пыш Пышпыл, күп Күпілдек  т.б.

ІV CVLCVL – даңғыр Даңғырбай, шүлдір Шүлдір, сылдыр Сылдыргүл т.б.

V CVCCLV – бұлтаң Бұлтаңбек, сыпсың Сыпсыңгүл, қылтың Қылтың т.б.

VІ CVCVL – дедек дедек, шошаң шошаң, сусыл сусыл т.б.

VІІ CVL – даң даңғой, дал далбай, бұл бұлдыр т.б.

.жүріс-тұрыс: Алшаңбай, Алаңбай, Бұлтаңбек, Дікдік, Дікілдековна, Дедекбай, Дыңқыш, Еңкіш, Жыпбике, Зырбике, Зыпбике, Зырдай, Қисаңбай, Қалтқұлт Еткенов, Қисайғановқ, Лыпбике, Майпаң, Митың, Салпаңбаев т.б.

.сөйлеу: Әкіреңбай, Бұлдыр, Быдық, Діңгірбай, Дүңкілдек, Жыпылдақ, Зузула, Күпілдек, Қомпылдақ, Лепірбай, Міңгір, Міңкілдек, Міңкей, Өкірешбай, Пышпыл, Сақылдақ, Тақылдақ, Шүлдір, Шіңкей, Ыңыранбай, Ызбаркүл, т.б.

.көңіл-күй: Бұрқан Балқанович ашулану, Жымыңғайша қуану, Дүңкілдек (дөрекі), Күлімкөз, Күлдір, Күлегеш күлу, Күңкілдек ренжу, Сұңқибек жылау, Сыпылықгүл, күлу, Шытырлақ ашулану, Сықылықгүл күлу, Әңкі, Тәңкі ашулану, Шақар ызалану.

.мінез: Аңғалақ аңқау, Даңғой даукес, Былжыр, ынжық, Даңғырбай ақкөңіл, Болбыр бос, Елпекбай жұмсақ, Шайпаугүл долы, Қылтың, Сылтың жеңілтек, Жалтақ қорқақ, Жайнаң көңілді, Дәлду ерке.

.пішін: Мыржық ұсқынсыз, Іркілдек семіз, Маймақ қисық аяқ, Мыртық тапал, Адыраңбай дөрекі, Ыржалақ күлегеш, Қомпылдақ мақтаншақ, Суқылдақ өтірікші, Судырбай суайт, Суайтбек алдампаз, Шақшақай ызақор, Шыңқетпе жылауық, Шіңкілдек мазасыз, Ыңқылдақ жанаяр, Селтеңбай қыдырымпаз,

.ән-күй: Әридаш әри — әри, Әләулай әл -әу -лай, Гәкку гәк-гәк, гәк -ку, гәк-гәк, Бипыл бип- ыл, бип -ыл, Әупілдек әуп-әуп, Дәйдім дәй-дім, дәй-дім-ай, Тамтарам там-тарам -тарам, Діңгірбай -діңгір – діңгір (домбыраның дыбысы), Тыңқыбай тыңқ – тыңқ (домбыра шерту)т.б.

Одағайлардан жасалған СЮП-тер: көңіл-күй одағайлары: Алақай (қуану), Апырай (таңырқау), Әупірім (қиналу), Әлеуләй (әндету), Ахахау Одағаев (қатты қуану), Уау (ұнатпау), Әлди (еркелету), Бәрекелді (көтермелеу), Итуахи (таңқалу), Мейлі Бәрібір+ович (селқостық таныту), Ойбай+қызы (шошынғанда), Обал+ай (мүсіркеу), Ұят+ай (ұялу), Ай+қап (өкіну) хайуанаттарды шақыру, жекіру, тыйым салу мәнінде Айтақ (итті қосақтау), Ауқау (сиырды шақыру), Ләпірләй (ләп-қазды шақыру), Мияужан, Піштән (піш-мысыққа жекіру), Мыршым (мысыққа жекіру), ишарат одағайлары адамға тікелей бағытталатындықтан, мағыналарында экспрессиялық мән күштірек болады. Ахахау Одағаев < ах+ах+ау < ах‘таңдану, опық жеу’, ахау өлең айтқанда дауысты көтеріп шырқау үшін айтылатын сөз. А+ха+ха – күлудің бір түрі, осыдан аха+хау ырду-дырду, ойын-сауық, сауық-сайран дейтін ұғым қалыптасқан. Одағай сөзі кейде тұрпайы, анайы, өрескел дегенді білдіріп, тұтастай алғанда Ахахау Одағаев – ерсі, дөрекі, өрескел, оғаш істермен ерекшеленген кейіпкер аты. Айдабол, Ұрдажық, Бәрекелді сияқты СЮП-тер — ұлттық ерекшелікті білдіретін одағайлар.

  1. Шылау сөздерден жасалған СЮП-тер: -айОбал+ай, Ұят+й, Елім+ай; -екеш – кемсіту, қомсыну, мұқату реңктерін білдіреді: Сом+екеш, Құл+еке; -да – Айдабол < ай+да+бол, Ұрдажық’ дөрекі, дөкір, төбелесқұмар < ұр+да+жық < ұр сабау, соғу, түйгіштеу, жық құлату, сұлату, алып ұру, жеңу. Айдабол атын жіктесек, айда, бол деген императив тұлғалы сөз шығады. Ұятай – көп балалы ана Ақкүміс әже Кенжебек, Кенжегүлден кейін туған баланы “ел-жұрттан ұят болды, осы да жетер, қызалақтың атын ұятай қойыңдардейді (Ш.Смаханұлы).

10.Акроним (гр.сыртқы, шет+оним) Әпербақан < алып+бер+бақанды, Совхозбек < советское хозяйство, Колхоз+бек < коллективное хозяйство, Спидбек <СПИД+бек.

2.2 Күрделі тұлғалы ер адам мен әйел аттары екі не үш сөздерден құралған күрделі тұлғалы болып келеді.Ер адам аттары — бай (150), -бек (100), -хан (20), -қожа, -ғали, -құл, -тай, -жан, -патша сыңарларымен келетінін анықтадық. “Бай” сөзімен келетін аттар қолданыста өте көп, оның себебі “бай” сөзі көп мағыналы. Профессор Е.Жанпейісов “Дағдылы ауызекі тілде кекесінді, юморлық сарында кейбір адам жөнінде сөлпекбай немесе бөспебай деп те өзара айтылады. Осы әдісті кейбір автор таза стильдік мақсатқа, көркемдік ұтымдылық үшін пайдаланады” дейді [7,151].Расында, ауызекі тілде бос жүрген адам – Селтеңбай, бұзақы – Содырбай, сараң – Шығайбай, дөрекі – Дөкірбай, қорқақ — Қоянбай, қу – Түлкібай, сараң — Қарынбай, жеңіл-Елпекбай, семіз-Бөшкебай. .Мінез-құлық: Адыраңбай, Аңғалбай, Босаңбай, Бөсербай, Дөкірбай, Мырқымбай, Судырбай, Ылаңбай .Мамандық, кәсіп Әртісбай, Бақсыбай, Көпесбаев, Молдабай .Зоофорлық: Аюбай, Бақабай, Бестібай, Битбаевич, Борсықбай, Есекбай, Баспақбай, Бүргебай, Інгенбаев .Зат атаулары: Адырнабай, Елтірбай, Бөрікбай, Қалпақбай, Ноқтабай, Пышақбай, Түбекбай, Тіреубай, Шақша+бай .Соматикалық: Арқабай, Мойынбай, Мұртбай, Жатырбай, .Саяси-әлеуметтік атаулар: Әкімбай, Бұйрықбаевич, Елімбаев, Салықбай, Оңшылбаев, Солшылбаев, Үкімбай, Хатшыбай .Этнонимдік: Ауғанбай, Кәрісбай, Қалмақбай, Өзбекбай, Сәбетбай, Қырғызбай, Тәжікбай, .Абстрактілі ұғымдар: Жансаубай, Мәнсізбай, Пұлбай, Ұйқасбай, Шоңбай, .Фольклорлық: Быршымбай, Қарабай Қарынбай .Астионимдік: Мәскеубай, Тәшкенбай,

Елпекбай елпек+бай Елпекбай, бауырым, аңғалсың. Елпеңдейсің де жүресің. Одан да тарихта қалудың қамын жаса.Жігін тауып, жібін білдірмей, жіліктің майындай тамызып айта білсең, өтіріктің өзі де әңгіме бола береді,–деп ақыл айтады досы Телпекбай. Бай сөзі байлық, молшылық мағынасында емес, кейіпкер атын жасаушы антрополексема түрінде жұмсалып, неше түрлі мағынада жұмсалады.  

Қазақ халқы тарихындағы ақсүйектер өздерінің әлеуметтік тегін көрсету мақсатымен бек, би сияқты титул сөздерді өз есімдеріне қосарлап айтып отырған. Бек – бұлар есім жасайтын арқау сөздер боп саналады. Осы үлгідегі жасалған СЮП-тер: Айтқышбеков, Есербек, Бұлтаңбек, Жанжалбек, Қойқойбек, Сабазбек, Суайтбек, Бытшытбек, Топасбек, Төбелесбек, Әуенбек, Әріпбек, Тенорбек, Модабек Коньякбек, Шампанбек, Спиртбек, Жұтқынбек, Нашабек, Ішкішбек, Шылымбек, Бытырабек, Пушкабек, Патронбек, Магнибек, Натрибек, Беделбек, Лауазымбек, Нөкербек, Уәкілбек, Шағымбек, Пысықбек, Шымшықбек, Қытқытбек, Атанбек, Сайтанбек. Бұкпабек бұкпа “Еркектің ең пысығы деп бастығының үстінен домалақ арыз боратып жүрген Бұқпабекті айтар едім”. Кірме аттарға бек сөзі көп жалғанған: Вагонбек, Зауытбеков Магнитбек, Патронбек, Тенорбек, Марксбек, Миллиардбек, Натрибек, Цементбек т.б. Осы кейіпкерлер арасынан Шимайбек “мен мұндалап” тұр, өйткені ол – сатирик Ш.Смаханұлының ғана емес, бүкіл қазақ балалар әдебиетінде сәтті шыққан күлкілі де сүйікті кейіпкер. Шимайбек деп аталуы – партасын, кітабын, дәптерін, жүрген жерін бос шимайлап жаза бергеннен балалар қойған лақап ат. Өзі жалқау, сотқар, нансоғар –“Шимайбектің портфелі, Іші толған нан екен” деп басталатын өлеңді сол заманның балалары жатқа білетін. Есіміндегі ерекшелік пен әрекетіндегі өзгешелігімен ел есіндегі Қожа, Шимайбек, Шыңқетпе, Бүлдірген, Күлдірген т.б өзіндік орын алады.

-жан: Артық+жан, Ауқат+жан, Жалқау+жан, Жұмсақ+жан (ов), Зыттыбай+жан, Қамыр+жан, Күлмес+жан, Мақта+жан, Мысал+жан, Мияу+жан, Нәшау+жан, Тірі+жан, Саупай+жан, Сұрау+жан, Ракета+жан, Космонавт+жан. Ғалым М.Малбақовтың бұл жұрнақ туралы  “Әрі кішірейту, әрі еркелету мәніндегі тұлғалардың дәстүрлі қолданыс аясы бар. Олар сөздің бәріне бірдей жалғана бермейді. Сондықтан ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінен хабар беретін, кең таралған түрлерін алу қажет деп ойлаймыз” [8,143] деген пікірі осы кейіпкер аттарына да қатысты, өйткені оны ойлап тапқан қаламгерлердің ой-танымын, стильдік мақсатын тануға болады.

Туынды тұлғалы әйел аттары (300) мынандай үлгіде жасалған: 1. Түбір тұлғалы: Әтеш, Мейіз, Шекер, Гүбі, 2. Туынды тұлғалы: Ләпірләй, Зузула, Зымыра, Балшекер, Қиқу, Ұятай, Тұйғын т.б. 3. Біріккен сөз тұлғалы: -гүл, -бике, -қыз,
-бала, -зада, -ғайша, ай.
“Тіл-тілде не көп – сөз көп, сөздің түрі көп: …көне де, жаңа да, бір текті де, әр текті де, біріккен де, кіріккен де, мағынасы айқын да, күңгірт те, өлі де, тірі де –бәрі-бәрі тілде бар” [9,31] деп профессор Ж.Манкеева айтқандай, осы түбірлерден небір сиқырлы мағыналы сөздер туған.

Әр халықтың танымында әйел есімдерінде жиі қолданыс табатын сөздер болады. Мысалы, қытайлықтар — өрікті, латыштар — құсты, қазақтар — гүлді жақсы көреді. Гүл – иран сөзі, түрлі түсті, үлбіреген хош иісті өсімдіктің жалпы аты. Қазақ қызды ерекше қастерлеп, әсем гүлге теңеген, гүл қыз есіміне жалғанар антролексемаға айналған.

Белгілі түрколог Н.А.Баскаков “Впрочем элемент gьl “роза, цветок” в составе женских имен широко употребителен не только у каракалпаков, но и у других тюркских народов, главным образом Средней Азии” [10,95] дегеніне қарағанда, “гүлдің” кең сипатқа ие болғанын дәлелдейді. Өмірде кездесетін есімдер сияқты сатира мен юморлық туындыларда “гүл” антрополексемасы поэтононимдердің әйел, не ер екенін ажыратқыш белгі ретінде ретінде жұмсалады. Мысалы, Содыргүл — Содырбек, Модагүл — Модабай, Жалпақгүл — Жалпақбай, Опагүл — Опағали, Шишагүл — Шишабай, Ызбаркүл — Ызбарбек т.б.

“Гүл” арқылы жасалған СЮП-тер–100: Ашгүл, Бәдіккүл, Біргүл, Дәңкісгүл, Даукүл, Долыгүл, Жалпақгүл, Желдігүл, Жалғызгүл, Жөндегүл, Жылпылгүл, Жәнегүл, Зәргүл, Итгүл, Құлқынгүл, Құрақгүл, Қылқангүл, Қотыргүл, Қырғигүл, Көкекгүл, Модагүл, Мынаугүл, Ойнакүл, Ойпаңгүл, Ойбайкүл, Өзгегүл, Өңешгүл, Саунагүл, Селдіргүл, Сыбыргүл, Сыпсыңгүл, Сыпылықгүл, Теміргүл, Таңқыгүл, Түтінгүл, Түймегүл, Тамшыгүл, Шайгүл, Шампангүл, Шәлдіркүл, Шишагүл, Шошаңгүл, Шылдыргүл.

“Гүл” компонентімен келген есімдер әйел — есімдеріне ғана тән құбылыс десек те, басқа халықта ерлер есімдерінде, мысалы, тәжіктерде Гүлмұхаммад, Гүлмиддин, Гүлмырза, Гүлназар, тіпті Тазагүл есімдерінің қойылуы үйреншікті құбылыс, олар үшін таңғаларлық нәрсе емес. Гүл сөзінен басталатыны санаулы: Гүлдерайым, Гүлдерай Гүлбазар, Гүлжапырақ, Гүлбазар, Гүлелпек, Гүлтура

Долыгүл Бетпақова “Енелерге қарсы күрес” курсын Шатақ ғылымының докторы, профессор, Енелерді қан қақсату ғылым академиясының академигі, Жезтырнақ сыйлығының лауреаты Долыгүл Бетпақова жүргізеді. Милау кемпір атындағы Мазақ академиясы(Е.Шайқы). Сықақшылар қыздар мен әйелдердің бейнесін жасауда барлық сатиралық-юморлық тәсілдерді қолданған. Ертегідегі Жалмауыз кемпірді де, Жезтырнақты да елестете отырып, көкбет, бетпақ, долы әйел бейнелерін атына заты сай етіп бере білген.

 Бике сөзі мен тіркескен СЮП-тер саны (70): Аңқаубике, Әтірбике, Барқытбике, Бесбике, Бекбике, Бытбике, Елбике, Жалғызбике, Жалаңашбике, Жыпбике, Зәрубике, Зыпбике, Зырбике, Иісбике, Күлбике, Күнбике, Кердеңбике, Құйысқан бике, Лыпбике, Мақалбике, Маздаубике, Мұзбике, Насбике, Ойбике, Пернебике, Салбике, Сұлубике, Сыбысбике, Сырғабике, Сыпбике, Тасбике, Тәуірбике, Түлкібике, Топарбике, Тоқбике, Тойбике, Торымбике, Тауықбике, Танабике, Тырылбике, Ұлбике, Шарапбике, Шәйбике, Шүйкебике, Шылымбике.

“Бике” сөзімен тіркескен кейіпкер — бізге аңыз әңгімелерден (Алдар көсе оқиғалары) Бізбике атты Шық бермес Шығайбайдың қызы арқылы таныс. Бике – алғашқы мағынасында, яғни тума ат болып тұрғанда қыздарға, әсіресе ханшайым, бай қыздарға қосымша берілген ат, атақ іспетті. Сатира мен юморлық кейіпкер аттарында бике ерке пейоратив кесір, жеңілтек мәнінде жұмсалып, әйел жынысы екенін білдіретін мағынаны білдіретін суффикске айналған. Бике сөзімен келетін аттар некен саяқ кездеседі, тілімізде қайынбике туыстық қатынасты білдіретін сөз. Ғайша сөзімен жасалған экзонимдер тілімізде ұлтқа тән дыбыстық ерекшелігіне қарай қалыптасқан: Азанқайша, Жанқайша, Жымыңқайша, Зілқайша, Миниқайша.

Қыз сөзімен тіркескен СЮП-тер саны: Аққыз, Әліқыз, Дәріқыз, Мырзақыз, Мыстанқыз, Қарақыз, Кенжеқыз, Пернеқыз, Үкісарықыз, Қыз Жүлік (Қыз Жібек).

Қыз Жүлік Азан шақырып қойған аты – Қыз Жүлік. Атына заты сай, бетіне “сорпасы” шыққан сорақының жоғары сорты. Отырған жері айқай-шу, ұрыс шыққан жерде шаштан жұлу, бет жырту. Күйеуін көктен алып, көрге салатын көкбеттер арасында жарыс өтсе, “бас бәйгені шаппай бер ” дейтіннің нағыз өзі” (Тұрымбет А).

Ай сөзімен тіркескен СЮП-тер: Ай+күміс, Гүлдер+ай+ым, Гүлдер+ай,

Жоғарыда көрсетілген гүл, -бике, -қыз, -бала, -зада, -ғайша, ай антропонегіздерден басқа екі түбірдің бірігуінен көптеген ойдан шығарылған аттар ерекшеленіп тұрады: Әпитөк, Күлшашар, Қиқу, Байсүйер, Шөпжелке, Зырбике,

Қиқу қиқу айғай, шу. Осы қиқу дыбыс жүрген жері айғай-шу, долы, бетпақ әйел атының қойылуына уәж болған. Дәлізден шыққан дүрсілден Қиқу апайдың келе жатқанын білдік. Салыңқы бұғақ, шүріппе ерін Қиқу апамыз кіріп келді. Кіре сала орындықты ырғап-ырғап бажылдатты. Апайдың жыны уақыт, жер таңдамайды. Еден екі рет солқ етті…Стол үш рет бұрқ етті. Екі көпіршік екі езуге жарыса ытып шықты да, шарланып барып жоқ болды. Кабинет есігі қалай Қиқу апайдың қолында кетпегеніне таңырқадық. Терезеден қарасақ, асфальттың көбесін сөгіп жіберердей тарпи басып тартып барады (Сабыржанов Ж).

2.3. Гендерлік негіздегі СЮП-тер. Адамның жынысына қатысты атаулар гендерлік (ГП) деп аталынып жүр. Бұл топтағы кейіпкер аттары антропоним, патроним түрінде жасалады. Талдау жасалынған ГП-дің жалпы саны — 70-тей.

І. Қыз– келіншек– әйел– қатын– кемпір сөзінің қатысымен жасалған кейіпкер аттары бар. Әлібала, Дәрібала, Қызбала, Балагүл, Бұйбала, Майбала, Шайқұяр. Қыздаркұл, Қыздыкүл, Қызтапқан, Қыздықой, Қызтумас, Қызтаев, Қыздай Жеңге, Аққыз, Әліқыз, Дәріқыз, Мырзақыз, Мыстанқыз, Қарақыз, Кенжеқыз, Пернеқыз, Үкісарықыз,Әйелбек, Келіншек Көңілшекова Қатынсөз, Қарақатын, Ақкемпір, Қаракемпір, Бескемпір, Үшкемпір, Кемпірбай, Кемпіргүл.

ІІ. Бала– ұл– жігіт– бойдақ– еркек– шал. Ұлшығар, Ұлемес, Ұлтабар, Ұлдабай, Ұлболмаған, Ұлкерек, Ұлбике. Сүрбойдақ Жанынжепжүргенов. Еркекбасымен Өсекайтқанов. Мыңжігіт, Майлыжігіт, Серіжігіт. Ақшал, Қаңбақ шал, Бармақшал, Матишал, Мотишал, Қарашал, Тырнақшал, Ырымшал, Қыршаңқы қария. Саңырақ шал, Ақсақал, Кәріғали, Пәлен қарт. ұл, шал атаулары. Тілімізде қара шал қолданылғанмен, ақ шал деп жұмсалмайды, ақ сақал деп қолданылады.

2.3.1. Патронимдер мен матронимдердің жасалу үлгілері. Патронимдік (грек.раtros “әке” атауы) patronyme әке атауы ) және матронимдік (matronymіc ана атауы) фамилиялардың жасалу жолдары, құрылымдық түрлері мен сандық көрсеткіштері 500-ге жуық. Олардың ішінде -ұлы (80), -қызы (20), -ов (120), -ев (100), -ова (50), -ева (30), -ович (40), -евич (30), -овна (15), -евна (10), -ин (12), -ина (3), түркі изафеті (15), -ич, -еш, -ыч, -ыш,
-ыбыш (15), еш қосымшасыз (6), -и (5), -тегі (1), тархан (1), -ский (2) т.б.

түркі изафеті түріндегі патронимдер халық ауыз әдебиеті нұсқалары негізінде жасалған: Талтақтың Сүлігі, Тазыбайдың Қаншығы, Телпектің Тентегі, Басабайдың Бөдені, Таңқыбайдың Тәмпіші, Тәмпіштің Таңқыгүлі, Дырылдақтың Бөрібасары, Торсықтың Титығы, Күйікбайдың Кетігі, Итаяқтың Ұлтарағы,т.б.

үлгісімен аз кездесті: Бұлаққұйрық Бәстеми, Жалпақбет Жұмалақи, Менменхан Жолтапқани, Сұңғыла ибн Талап әл Таланти

-тархан Қайрақ Егеу-бек Тасқайрақ тархан Малтатас -тегі: Сәндіаяқ Дөңгелекұлы Машинатегі.

-ұлы Ақылбай Несиеұлы, Дәмесін Қарайгөрұлы, Маубасқұл Есінеұлы,Қысқабай Нұсқабайұлы, Асаған Жасағанұлы, Аңғалбек Жаңғалақұлы, Момын Аңғалұлы,

-қызы: Әйпін Әрекеқызы, Ирек Шапанқызы, Қайынсіңлі Бикешқызы, Ойбике Ойбайқызы, Ойбике Сұрқияқызы, Тиын Тебенқызы, Төркінгүл Некебұзарқызы, Бәтіңкеқызы т.б.

-ов/-ев дара: 1) фамилия (Адыраңбаев), 2) ат + отчество (Ахахау Одағаев) және 3) үш тұлғалы болып келеді: ат +отчество + фамилия.Үшінші үлгі бойынша Тамыр Танысович Туысқанов, Науқасбай Сырқатұлы Кеселов, Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов т.б

-ова / -ева Құдағи Құлпырғанова, Долыгүл Бетпақова, Аузыбасы Сүйреңдегенова, Бірдібірге Шағыстырғанова т.б.

-ович /-евич, -овна/-евна: Әупілдек Япыраевич, Сарымсақ Сасықбаевич, Мырқымбай Мырқалович, Екатерина Маубасовна, Дардана Шиқанбаевна т.б.

-еш, -ыш, -ыч, -ыбыш: Итбаеш, Бақа Бақыш, Балпақ Жалпақыч, Тойған Тойғаныч, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Әлләзи Әпендич, Күңкілдек Бүлкілдекич

-ин / -ина: Алиментшин, Әлімжеттин, Әзіләлі Сатирин, Семізқарина, Жүгерин, Жымысқин, Құбылмалин, Қатынсарин т.б. -ский Симпанский, Пожарский; еш қосымшасыз Табаны Қышыған, Текекөз Ешкіауыз, Тұрлаусыз Телегетай, Сорбақ Сынықсүйем, Арман Таудай, Қалтақағар Қырсықпа

2.4. Синонимдес немесе өзара мәндес СЮП-тер: Бедел Даңқыбаев бедел ~ даңқ, Егеуәлі Қайрақұлы егеу ~қайрақ, Жалақор Пәлеқоров жалақор ~ пәлеқор, Малта Сықпаұлы малта ~ сықпа, Көкірек Кеудебаев көкірек~ кеуде, Қойбағар Малбағаров қой бағар ~мал бағар, Қымқыр Жымқыров қымқыр ~жымқыр, Науқасбай Сырқатұлы науқас ~сырқат, Пәленбаев Пәштуан пәлен ~ пәштуан, Шалшықбай Балшықбаевич шалшық ~ балшық т.б.

Кейбір патронимдер мағыналары жақын, ұқсас келгенмен, таза синонимдік қатар түзбейтіндіктен, оларды ұштас мәнді патронимдер деп атадық: Алабас Шалабасов < ала бас ~ шала бас, Бөдене Бұлдырықов<бөдене ~бұлдырық, Бұрқан Талқанович<бұрқан ~ талқан, Жаңғалақ Ұшқалақов < жаңғалақ ~ұшқалақ, Желсөз Қаңқусөзүлы Өсекаяңов < жел-сөз~өсек-аяң, Жебірбай Ашқарақов< жебір ~ашқарақ, Жылпос Қуаяқов <жылпос ~қуаяқ, Ебелек Көбелеков < ебелек~көбелек Мыңқетпес Тапжылмасов<мыңқетпес ~тапжылмас Қалжыңгүл Қалжаққызы< қалжың ~ қалжақ, Қартайған Қожырағанов < қартайған ~қожырайған, Қойшы Қойбағаров < қойшы ~қойбағар, Сыңғыт Қылғытұлы <сыңғыт ~қылғыт, Таптырмас Дефицитұлы<таптырмас ~дефицит, Ыржалақ Күлкішиев < ыржалақ ~ күлкішіл, Бақталас Күндесұлы < бақталас ~күндес т.б

Антоним немесе қарама-қарсы мәнді патронимдер ирония жасаудағы тамаша әдіс: Дырдай Жұрдаев <дырдай “үлкен, бар болу” ~ жұрдай “жоқ болу”, Барбол <бар бол ~ Жоқбол <жоқ бол, Бөкен Арыстанович <бөкен “жуас” ~ арыстан “сұсты”, Жұдырық Кеңірдеков < жұдырық “күшті” ~ кеңірдек “әлсіз”, Көжек Тайлақов <көжек “қорқақ” ~ тайлақ “асау, тентек”, Жасқали Кәріғалиев <жасқали “жас” ~ кәріғали “кәрі”, Қоян Қорықпасов <қоян “қорқақтық” ~ қорықпас “батылдық”, Қамысбай Жантақов <қамыс “ұзын” ~ жантақ “аласа”, Пұлбай Тиынсызов <пұл “ақша” ~ тиынсыз “ақшасыз”, Шырпы Шымырбаев <шырпы “әлсіз” ~ шымыр “мықты”.

2.5. Қос сөз түріндегі СЮП-тер сөзді қайталаудан не қосарланып келуден юморлық кейіпкер жасауда ерекше тәсіл болып табылады, стилистикалық қызметі өзгереді, ұлғайту, яки солғындату реңкі жамалады. Ардыңгүрдіңова ардың-гүрдің, Бөлек Салақович бөлек-салақ, Бұрқан Талқанович бұрқан — тарқан, Жігжаппаров жік-жаппар, Пәленше Түгеншиев пәлен — түген, Шымшытырықов шым — шытырық, Аузыбасы Сүйреңдегенова аузы — басы, Қазы Қартабаев қазы — қарта, Таныскүл Тамыровна таныс — тамыр, Өсекаяңов өсек — аяң, Тәптіш Түкпішев тәптіш — түкпіш, Айқайұлы Ұйқай айқай — ұйқай, Тиын Тебенұлы тиын — тебен, Қиқым Сиқымов қиқым — сиқым, Пәштуан Пәленбаев пәлен — пәштуан, Ішекқарынұлы ішек — қарын т.б, Кемпіршалов кемпір-шал, АпайТопаевич апай-топай. Қосарланып айтылатын Қымқигаш қым-қиғаш, Бүкшік бүк -шік, Зымзия ~ зым-зия, Ыңқыл Тыңқылович ыңқыл-тыңқыл, Шалашарпы ~ шала-шарпы, ым-жым ~ Ым, Жым, Ымыра, Жымыра, ебіл-себіл ~ Ебіл Себіл, әлду-бәлду ~ Әлду, Бәлду, кедір-бұдыр ~ Кедір, Бұдыр, пәлен-пәштуан ~ Пәлен, Пәштуан, көди-сөди ~ Көди, Сөди , ақи-тақи ~ Ақи, Тақи, кәкір-шүкір~Кәкір, Шүкір, ырду-дырду ~ Ырду, Дырду, тамыр-таныс ~ Тамыр Танысович, мыж-тыж~Мыжбан, Тыжбан, ләм-мим~Ләммим, бұрқан-талқан~Бұрқан Талқанович, дік-дік ~ Дікдік.

Омпай Томпаев іс-әрекеті омпай-томпай, кеудемсоқ, өзінен басқаны кем тұтатын әйтеуір жазушы-сымақ. “Жазатындардың бәрін өзінен төмен сырғытып отырады. Ә, анау кім бе? Сол да жазушылар одағына мүше болып алды, ә? Не болмаса: Әй, ол кім өзі? Мен танымайтынды несін жазушы дейсіңдер? дейді. Прозаның басын да, жамбасын да, төсін де өзі мұжып, бар пұшпағын өзі илеп жүрген боп шығады сөйтіп” (Ғ.Қабышұлы). Ғалым Г.Әзімжанованың “Қайталама оқырман мен тыңдаушыға эмоционалды әсер етіп, оның назары сол қайталанған элементтерге ауады, әр түрлі деңгейде олардың мағыналары түсіндіріледі, айтылар ой өрбиді, қайталанған сөздің экспрессиясы күшейеді, текстің мәнерлілігі айқындалады, ерекше ритм туғызылады. Сөз зергерлері бұл әдісті психологиялық суретті тереңдету үшін де қолданады” [11,11]  деген пікірді осы Омпай Томпаев тәрізді жасалған кейіпкер аттары дәлелдейді.

2.6. Фразаланған немесе сөйлем сипатты СЮП-тер құрылымы жағынан бастауыш -баяндауышы бар белгілі ойды білдіретін аттар болып келеді: Алыпқоев алып қой, Аткелтір “ат келтір”, Қозыбағар “қозы бағар”, Ешкібағар‘ ешкі бағар’, Сиырбағар сиыр бағар, Түйебағар‘түйе бағар’, Итбақбас‘ит бақбас’, Аузыбасы Сүйреңдегенова аузы – басы сүйреңдеген, Аспанды Тірептұрғаныбыш аспанды тіреп тұрған Боссөзге Құлқыжоқова бос сөзге құлқы жоқ, Дәмесін Қарайгөрұлы дәмесін қарай көр, Ештеңе Ешкімбілмесов ештеңе ешкім білмес, Ештеңе Айтпайтынов ештеңе айтпайтын, Еркекбасымен Өсекайтқанов еркек басымен өсек айтқан, Қазақ Туғызар қазақ туғызар, Қашқынбай Таптырмасов қашқын таптырмас, Қатынсөз Көпжүргенова қатын сөз көп жүрген, Мейлі Бәрібірович мейлі бәрібір, Танабике Тапбергенова тана тап берген, Үндемес Үйбұзарұлы үндемес үй бұзар,Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов шала-шарпы салған, бітпей қалған, Жосылбай Осындаевич т.б.

*Жертебер Көрпеберов (Т.Әлімбекұлы) – желмая ақын. Кейіпкердің аты -жөні “жер тебер” және “көрпе бер” деген сөз тіркестерінен тұрады. “Ол жер тепкілеп айтысқанда астыңыздан алты балдық екпін соғады. Айтысқа кеткен сайын ағайыным бар, ауылдастарым бар мені базардан қайтқандай күтеді. Берсе, керек тастың ауырлығы жоқ қой, не болса да ала берер ем”,– тебініп, желігіп, жүлдені бер” деп айтысқа халқы үшін емес, қалтасы үшін келгенін дәлелдейді.

Профессор Ж.Манкееваның: “Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер туып жатады”,- [9,53] деген сөзі жұмысымызға бағдар береді.

 2.6.1. Юкспозитивті немесе сөз тіркесі түріндегі СЮП-тер, екі не одан да көп сөздердің бірігіуінен жасалған күрделі ЖқЕ: Ауыз Жаппасов ауыз жаппас, Ақпақұлақұлы ақпа құлақ, Бөксегүл Жалаңашова бөксесі жалаңаш, Жұмсақжанов жұмсақ жан, Иегі Қызылова иегі қызыл, Кемпіргүл Шүйкедеева шүйкедей кемпір, Келіншек Көңілшекова көңілшек келіншек, Ирек Шапанқызы ирек шапан, Менменханов менмен хан, Түпсіз Тереңбаев түпсіз терең, Тазтелпеков таз телпек, Түкті Орамалова түкті орамал, Қисық Танауов қисық танау, Сүйегі Қурағанов сүйегі қураған т.б.

Тырдай Жалаңашеваудандық “Қаратер” атты моншаның меңгерушісі. Елудің бәлендей жылын Тырекең тырп етпей отырып су мен тұздың арасында өткізді. Сол Тырекең бәленбай жыл аудан жұртшылығын ерлерін бір бөлек, ұрғашы…тоис, әйелдерін бір бөлек адастырмай, араластырмай шомылдырып келді (О.Әубәкіров “Ауыз тағдыры” ).

2.6.2. ТТ-ден жасалған СЮП-тердің көпшілігі күлкі-әжуа, келеке, әзіл-сықақ, юморлық қасиетке бай. Ақкөз ақ көз надан, ақымақ, Ақкөңіл ақ көңіл арамдығы жоқ, ниеті таза, Ақсақалов ақсақал көпті көрген, аузы дуалы, сөзге шешен, жасы үлкен қарт кісі, Алакөз араз, қырғи қабақ Ақпақұлақ ақпа құлақ, сөз ұқпайтын парықсыз, Бірдібірге Шағыстырғанова арандатушы, Безбүйрек без бүйрек, қатал, Десбермес дес бермеу, сөз бермеу, Мізбақпас міз бақпады, селт етпеді, Нансоғар нан соғар, арам тамақ, Домалақарыз, Көктиын, Көзжұмбай, Қарабет, Құрғақсөз, Қызылкөз, Таныс Тамыровна Тасжүрек, Табаны Қышыған, Тырдай Жалаңаш, Тоңмойын, Сары Уайым, Сужұқпас, Сумұрын, Сұржебе, Ұртымай т.б.

Суаяқов Сулы ауданындағы техникумның оқытушысы ретінде – бір мезгілде үш жерде қызмет атқарып, бес айда өзі еңбек ақысынан тыс бір мың жеті жүз сом ақшаны қылғыта салған. Онысымен қоймай, сол өзі істейтін басқармада жолдасы Сужұқпасов дегенге аталған оқу орнының есебінен бір жылда үш мың сом “сыйға” тартқан (Е.Жаппасұлы)

Мақал-мәтел типтес СЮП-тер – халық психикасы дамуының айнасы. Кейіпкер атының жасалуына ММ-дер де мотивтік фактор ретінде негіз бола алады. Өйткені аталым ретінде қолданылып отырған лексеманың заттық мотиві халық санасында әбден қалыптасқан ММ типтес аттар зерттеуімізде аз болса да кездесті: Алмақтың да салмағы бар Алмақ Салмақ Асарын асап, жасарын жасап Асаған Жасағанұлы Бас ал десең, шаш алады Басал Шашалұлы Тек жүрген тоқ жүреді” Текжүрген Тоқжүрген Өзі қысқа,өзі нұсқа”, Қысқабай Нұсқабайұлы Мың асқанға бір тосқан ” Асқан Тосқан Көп көрген көсем болады. “Алмақтың да салмағы бар” деген мақалдан патроним жасалған. Алмақ Салмақов Алекеңнің не жазатынынан гөрі не жазбайтынын санап беру оңай. Әсіресе рецензия мен алғысөзге әуес-ақ” (Ғ.Қабышұлы).

Диссертацияның 3-тарауы “Кейіпкер аттарының этнотанымдық арнасы” деп аталады. Қазақ – қалжыңқой халық, сын — сықақ, әзіл — оспақты сүйеді. Демек, сатира қазақ халқының әр кездегі салт — санасының көрінісі, жан сыры. Ұлы адамдардың айтуынша, заман сипаты, заман трагедиясы, кезең рухы оның күлкісінен танылады. “Сатира, юмор–әрі көңілді, жеңіл, әрі зілді қуаныш-ренішке бейім өнер” [12,16] болғандықтан, оның кейіпкерлері де шетінен әзілқой, сықақшыл, қалжыңқой, мысқылшыл болып келеді, олардың аты-жөнінде “эстетикалық, эмоциялық т.б информация болады” [2,45].

3.1. Этнопоэтикалық СЮП-терге ұлттық ерекшелікті білдіретін салт-дәстүр, ырым-сырым, әдет-ғұрып тәріздес ұғымдар жатады. Оларды этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу –ономопоэтиканың қызықты мәселелерінің бірі.

Ұлттық атаулардан жасалған СЮП-тер: Сауғабай, Қаракемпір, Қарашал (қазақтық), Ақсақал бір рудың, елді қадірлі адамы, жасы ұлғайған кісі. Сөздің астарында қадірлеу, сыйлау, құрметтеу ұғымы жатыр. Қазақтың қартын “қара шал”, “қара кемпір”, жасын “қара бала”, “қара қыз”деп атау ұлттық үрдіс. Тіліміздегі “қара халық”, “қара тобыр”, “қара табан”, “қара кедей” деген тіркестерде жалпылық, жұпынылық, қарапайымдылық семасы бар. Қарашал, Қаракемпір аттарынан жабырқау тірлікте жұпыны ғұмыр кешкен қазақтың қарттары, яки ұлттық бейне көрініс тапқан.

Салттық көрініс Әупірімов “жан қиналғанда айтылатын сөз”, Біржамбас “жату әдебі “Жамбассипарұлы “ұрын бару салты”, Көріпкелов “болашақты болжаушы”, Некебұзарұлы неке бұзар, Табаны Қышыған “жол жүру дейтін ырым”, Құсбегин “саят құстарын баптаушы”, Тобықбаев тобық сыйлау “ұлттық ойын”, Шүкіров “тәубе ету сөзі”, Базынагүл біреуге өкпе-реніш мәнінде айтылатын сөз, Көзайым, Тойбазар, Тойболсын, Тойбике т.б.

Әдеттік құқық Заңғой, Айыппұл, Барымталин, Бітімбай, Даугүл, Даусоғар, Даулан, Даубаев, Домалақарызов, Жарлық, Жосынбай, Үкімбай, Қамшыбаев Шағымбек, Балаби, Мырзаби, Тампаби, Діни дәстүр: Зікір, Садақа, Мінажат, Намазбай, Дұғақұл, Бойтұмар, Талақ, Сәуегүл, Шүкір. Дәстүрлі ғұрып баланың дүниеге келген күнінен бастап, әр кезеңді дәстүрлі той-мерекеге айналдырып наным-сенімнің кейбір түрлерінен жасалған: Шүмек, Түбекбай, Сүндет, Ашамай

Ұлттық тағам: Бөкпенбетов “сүтке бөктірілген талқан”, Быламықов “ұннан пісірілген қатықсыз тағам”, Бозабаев “бидайдан жасалған сусын, ішімдік”, Қаспақов “күйген сүттің қалдығы’, Көжебаев “ұлттық сұйық сусын” Құйымшақов “қызға берілетін сыйлы мүше”, Малта Сықпаұлы “уақ құрт”, сықпа “сығылып жасалған құрт”, Майшелпеков “майға пісірген жұқа нан”, Сарқытбаев “тойдан әкелген тағам” т.б., Төстік “күйеуге берілетін сыбаға”, Уызхан “төлдеген малдың сүті’, Ұлтабар “ұл тапсын деген ырыммен берілетін ас”, Үлпершек “қыз келіншекке берілетін сый тағам”; Сыбаға “сақталған сыйлы мүше Жөргем “будақтап өрілген ішек”

Ұлттық мүлік аттары: Дастарқан, Наркескен, Қоңырқұлжа, арқардың асығы’, Тайтұяқ, Зұмратбаев, Жүзік, Құрақгүл, Үкісарықыз, Үкітай.

3.1.2. Этномәдени аттарды 3 топқа бөлдік: халық әндерінің тақырыбынан: Япурай, Елімай, Илигай, Әпитөк, Жайдарман, Көкшолақ, Саққұлақ, Желбір Жекен, Қаракемпір, Қарашал; ән мәтіндерінде Айдай, Гәкку, Бипыл, Әлди, Әридаш айдай, Әндірбай, Әләуләй, Гүлдерайым, Тамтарам,, Дәйдім, Көкшолақ.

күй атауларынан жасалған аттар: Былқылдақ, Күйдария, Келіншек, Қызбала Жамбассипарұлы, Сыбырлақ, Діңгірбай, Серпер т.б.

Қазақтың тілі, өнері және мәдениетінің құдіретін академик Ө.Айтбайұлы: “Бұл өзі ошақтың ұш бұтындай боп жарасым табар үш тірек. Осы үш тірек біріне-бірі дұрыс үйлестірілмесе, киелі рухымыз-қазанның-мәдени ошаққа барып орнығуы өте қиын” деген салмақты пікірінен көп нәрсені ұғынуға болады [13,96].

3.2.Табу, эвфемистік сипатты СЮП-тер. Адам мен қоғамның дерті–маскүнемдікті сынамаған сықақшылар кемде-кем болар. Қазақ классик сатириктерінің бірі Ж.Алтайбаев арақты былайша суреттепті: “Мықтының өзі деп те атайды, сырын білетіндер. Сондықтан да оны біреу тойып ішеді, біреу тоңып ішеді, біреу шер-шемен тарқатам деп, ал енді біреу шабыт іздеп, аруақ шақырып ішеді(Ж.Алтайбаев) “Маскүнем” кейіпкерлердің аты-жөні де өздеріне лайық қойылған: Алқаш, Жұтқышбек, Ішкішбек, Ақмағанбет, Алқашбай, Ащы қайным, Бренди құдаша, Вино, Қылмойынов, Жартылықов, Шишагүл, Арақбаев, Коньякбек, Қызылбек, Сыратай, Спиртбай, Шарапбике, Шампангүл, Самогон, Самопал, Алыпқоев, Құйған, Тәлтіреков. Эвфемистік сипатты СЮП-тер жағымсыз ассоциация тудыратын ұғым эвфемистік ат түрінде қойылған Домалақарызов “аноним хат”, Қымқыр Жымқыров “көрсетпей алып кету”, Итжеккенов “алыс жер”, Көзжұмбаев < көзжұмбай “бүркемелеу”, Қаңқусөзұлы “алып қашты сөз”, Қаптесеров қап тесер “тышқан”, Көккөзов көккөз “орыс”.

3.2.1. Туыстық атауларға байланысты жасалған поэтонимдер. Қазақ халқында табу мен эвфемизмнің бір көрінісі ат тергеу ғұрпымен байланысты. Қазақ есімдерінің сырын ашуға көп еңбектенген профессор Т.Жанұзақов қазақ тіліндегі туыстық атауларды ат тергеудің үлгісі ретінде қарастырады. Сондай аттар қатарына төмендегі ЭП-дер де жатады: Мырзаға, Қайнаға, Қайынсіңлі, Ғашықбала, Мырзақыз, Дәрібала, Күшікбала, Шырақ, Бикеш т.б. Соның үлгісі сатирада да көрініс тапқан:“Ата-ененің атын атамайды”,– деп,

“Қайын, қайынсіңлінің атын атамайды”,– деп,

Аттергеудің мәнісін

Шешесі қызына үйретудей-ақ үйретті.

Сонымен, қайнысы Нәғиға – Нантабарка, Нәбиге – малтабарка, атасына – Алдавайка, әжесі Айғанымға –Айдаһар, қайынсіңлісі Саяға – Саина, деп, тәлпіш келін бүркеншік ат қоймаған елде адам қалмады, бірқатары мынадай: Касемсот, Тыри, Тырқыл, Самопал, Ойбай, Күлегеш, Лапшамұрын аталды (С.Кенжеахметұлы. Аттергеу.).

Туыстық атауды білдіретін ЭП: Ағайын Туғаншылов, Апаева , Апамов , Абысын Шешеева, Шөтік Ағайынович, Бауырбек Немереұлы, Жездебек Әкейменов, Жеңгебай, Қайын Ағаев, Қайын Мырзағаұлы Шырақов, Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна, Шөбере Үбіреұлы, Құдағиева, Қарынбөлеев, Туғанбай Інішеков т.б.

3.3. Сандық атаулардан жасалған СЮП-тер: Алтыбас, Бесбике, Бесқарын, Бесмағанбет, Бескемпір, Біргүл, Бірай, Жүзтайлақ, Елубесбай, Қырықбес, Қырыққабатов, Қырықсақина, Миллионбай, Миллиардбек, Мыңдықыр, Мыңжігіт, Мыңжылқы, Мыңтұр, Отызбірбай, Сорокбай, Төртқарын т.б. Сан есімнің өне бойындағы осындай мифопоэтикалық семантика кейіпкерге ат берудегі символдық қолданыстан байқалады. Бұрынғы таптаурын ізбен қу, айлакер болса – Түлкібай, қорқақ болса – Қоянбай, күшті болса – Аюбай деп сыдырта беруден ада болған. Сандық символдың қуаты кейіпкерге қойылған аттан білініп тұрады: Мыңдықыр “жанжалқұмар”, Бірдібірге Шағыстырғанова “арандатқыш”, Біржамбас “қыңыр”, Бесбике “жеңілтек”, Қырыққабатов “суайт”, Миллионбай “жебір” т.б. Қазақ антропонимисі профессор Т.Жанұзақов сан есімдермен келетін кісі аттарын талдай келіп, ол есімдердің көбінесе ер кісілерге берілетінін, ал санмен әйел есімінің кездеспейтінін айтады. [14,196]. Расында, сатиралық — юморлық әйел аттары саусақпен санарлықтай: Бесбике, Бескемпір, Біргүл, Жүзтайлақ, Үшкемпір. СЮП-терді сандық құрамы жағынан талдауымыз мынаны көрсетті: бір саны-8, үш-1, төрт-1, бес-10, отыз-1, алты-1, тоғыз-1, отыз-2, қырық-4, елу-1, жүз-3, мың-4, миллион-1, миллиард-1 рет ғана кездесті. Семантикалық белгілеріне қарап, мөлшерлік мағынаны аңғартатын Ақылкөп, Жалғызгүл, Жалғызбике, Дарабай, Жартыбас, Қосқұлақ, Қосомыртқа, Қосорай, Қосыпайтар сияқты аттарды қоспаған себебіміз, мұндай сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды.

3.4. Поэтонимдердегі түр-түстің символдық таңбасы. Кейіпкер аттарының құрамында түр-түстің түрлерінің сандық көрсеткіші төмендегідей: ақ түс-27, қара-22, көк-16, сары-13, сұр-7, қызыл-5, боз-5, қоңыр-3, жирен-2, ала-4 рет, шағыр, төбел, шұбар, жағал, қу тәріздес түс аттары жалқыдан ғана кездесті: Ақдолы, Ақжаулық, Ақтуша, Ақсом, Ақкөз, Ақкемпір, Алабас, Алайкөз(ов), Арамқара, Бозғылт, Жағал, Көкжаулық, Көкми, Көкаяз, Көкқасқа, Көкдолы, Көксау, Көктиын, Көкаяқ, Қарақатын, Қаракөріпкел, Қарабұқа, Қаракемік, Қарашаруа, Қарабет, Қарашал, Қарасарт, Қызылкөзұлы, Қызылтазы, Қошқыл, Сары Шая, Семізқара, Сұраман, Сұрсұлу, Сұрқияқыз, Ұйқысары, Үкісарықыз, Шабдарұлы, Шиқара, т.б

Түр-түс әлемін тіл әлемімен байланыстырған Ә.Қайдар “осы түсті қолданып отырған қаламгердің өз басына тән психологиялық, эстетикалық, творчестволық ерекшелігі, сондай-ақ дүниетанымы, ой толғанысы, мінез-құлқы көңіл-күйі т.б қасиеттері тұруы сөзсіз” дейді. Ақ > Ақкөңіл арамдығы жоқ адам, Ақжаулық некесі қиылған әйел, Ақжол әділ жол, Ақжем әуреге түсу, Ақкөз надан, Ақпатша, Ақсақал көпті көрген кісі, Ақсүйек 1. төре тұқымы, 2. ойын аты, Ақтабан жалаңаяқ босып кету, Алакөз ауыз бірлігі жоқ, Алатай араздық, елді бөлу, Алаяқ қу, залым; Көк > Көкауыз мылжың, Көкаяз шикі, Көкбет қаһарлы, Көкдолы ашуы қатты, Көккөз орыс халқының уәкілі, Көкми топас, Көктиын ақшасы жоқ; қалған түстер жалқыдан кездесті: Қызылкөз пәлеқор, Сары Уайым қайғы-қасірет

3.5. Пейоратив (лат. pejor “кемсіту”) аттардың семантикалық ерекшеліктері жақтырмау, кемсіту, қорашсыну, менсінбеу, олқысыну реңкін білдіретін лексемалар ұнамсыз, жағымсыз, экспрессивтік -эмоциональды бағалауыштық коннатацияға ие сөздер, яғни жақтырмау, кемсіту реңкті білдіретін тіл элементі.

  1. Келекелеу мәндегі ПП-тер: Борсық, семіз’, Гүпбай, семіз’, Қортық, бойы аласа’, Қисықбас, басы қисық’, Маймақ’, аяғы қисық’, Мыртық, бойы аласа’, Мықыр, тапал’, Іркілдек, семіз’, Бетібелдеева‘жалпақ бет’, Қортықов, Қисық Мықыров, Қаңғалақ, Қылтиған Тыртиғанұлы, Шақшабасов, Мыржық Тыржықов, Тақырбасов, Талпақов, Сойдақов, Шақкөзов т.б.
  2. Мазақтау мәндегі ПП: Міңкілдек жуас’ Дүңкілдек, дөрекі’, Ақкөз ,ашушаң’, Шақшақай ызақор’, Шыжбақай, күйгелек’, Шолтаң, “ерсі қылық”, Көкдолы “бетпақ”, Арамқара, ниеті жаман’, Тырысқақ, қыңыр’ Тоңмойын, бірбеткей’, Ұрыс қақ, ашуланшақ’ Ақкөз Қызылкөзұлы “жалақор”, Әпербақанова “есерсоқ”, Бөспеев “мақтаншақ”, Тырайған Тырашевич “бөспе”, Сужұқпасов “қу”, Суқылдақов “өтірікші”, Сұрқияқызы “оңбаған’, Қызылкөзұлы, пәлеқор’ Ұшқалақович “алаңғасар’, Тоңқылдақ “есуас”, Нойыс “дөрекі, дойыр”
  3. Жүріс-тұрысты ұнатпау мәндегі ПП-тер: Селтеңбай босжүріс’, Айдашап есерсоқ’ Әпербақан сотқар’ Жандайшап қолшоқпар’ Шошаңгүл Ардыңгүрдіңова ~ ардың-күрдің, Бүлкілдекич ~ бүлкілдек, Былқылдақ Сылқылдақович ~ былқ-сылқ, Қуаяқов “залым”, Апырай Дікілдекова ~ дік-дік, Қисаңбаев~қисаң, Қисайған Талтаңбаев~талтаң, Ұрдажық әңгүдік, әпербақан, дөрекі, төбелесқұмар адам. Жылмағай Жылпосов – “құрметтерлік қызметі жоқ, бір бөлімдегі қатардағы бес белсендінің бірі ғана, сынаптай сырғып иненің көзінен өтеді-ау, иненің өтеді. Қисынын келтіріп, аузындағыны жырып кету-оның өмірдегі игерген қосымша “мамандығы” сияқты. Жалпы балықтан жүн қырқып, сіркеден спирт сығатынның нағыз өзі” (Жаппасұлы Е.)
  4. Топастықты мінейтін ПП-тер: Ақпақұлақұлы ,сөз ұқпайтын парықсыз, Саппас, санасыз’, Көкми, топас’, Дүмбілез дүмбіл пісуі жетпеген, шикі тағам, дүмбілез шалалық, шикілік, Мисыз, ақылсыз, есуас’, Жетесізов, ақымақ’ Ноқай топас, надан, тілсіз мылқау.
  5. Менсінбеу мәндегі ПП-дер: Шөпжелке — қыз баланы кемсіту, Маубас ұйқышыл адам, Мырқымбай бос белбеу, ынжық, Болбыр сылбыр, босаң, Құйысқан кез келген жерге қыстырыла кету, Міңкілдек міңгірлеп сөйлеу, Бестиын, “өтірікші”, Шиқара “арық”, Шибұт жіңішке борбай, Сұрпақпай “ұры, сұғанақ”.
  6. Жақтырмау мәндегі ПП-дер: Суаяқов алаяқ, Сұғанақ, Сұрпақпай ұры, Нансоғар жалқау, Жарамсақов, Құйыршық жағымпаз, Заржақ тынбай сөйлейтін адам, Сужұқпас өтірікші, Ыржаңгүл жөнсіз күле беретін адам, Жылмаңбет қу, жылпос, Таскене, Ашқарақ, Қомағаев, Мешкей, Салақ, Мәңгүртбаев, Ауыш, Кеңкелес.
  7. Қарғыс мәнді ПП-дер діни көзқарас негізінде туындаған мифтік ойлау жүйесімен тығыз байланысты пайда болған, бүгінде қарғыс түрінде қолданылады: Албасты, Бадал, Сайтан, Марту, Мыстанқыз, Малғұн, Әбілетов ~ әбілет, Бетбақова ~ бетпақ, Итбай Шошқаевич ~ ит шошқа, Жетесізов ~ жетесіз, Жынұрғанов ~ жын ұрған, Жындыбаев ~ жынды, Қубасович ~ қу бас, Тазыбайдың Қаншығы ~ қаншық, Топасұлы ~ топас, Сапалақович ~ сайтанның үрім-бұтағы т.б

Қорыта келгенде, СЮП-терді жүйелеу арқылы халықтың қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс — салты, әдет — ғұрпы мен танымы туралы мағлұмат алуға болады, одан бүкіл этнографиясының пішім — бейнесі толық аңғаруға болады. Ұлы француз жазушысы Эмиль Золя “Нередко даже в сочетани слогов мы видим весь характер человека” деп пайымдаса, Гюстав Флобер “Когда нет имени – нет и романа” деп әсірелейді.

 ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеуіміз сатира мен юморлық кейіпкер аттар болғандықтан, оқырманын селт еткізер “есімі ерекше”, “сөйлеп тұрған”, “айқайлап тұрған”, “мағыналы”, “эмоциялы-экспрессивтік” 100-ден астам қазақ әдебиеті туындылары мен түрлі басылымдар бойынша сатиралық-юморлық сараланды. Оларды жүйелеу арқылы халықтың дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс — салты, әдет — ғұрпы туралы энциклопедиялық мағлұмат алуға болады, бүкіл этнографиясының пішім-бейнесі толық аңғарылады.

Жазушы А.А.Фадеев ССРО Жазушылар Одағының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде: “в сатирическом жанре как и всяком другом, существует еще один герой – можеть быть самый главный – это он самый автор” деген. Сатириктердің саяси-моральдық бейнесі оның өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшіліктерін барынша ашып көрсетіп, аяусыз әшкерелеуінде, адам құбылысының иірімдерін тап басып, сыртқа шығарушы психологиясында. Мысал келтірсек, сатира тарланы О.Әубәкіров, С.Адамбеков – ескілікті жек көрген, күні өткен, етектен тартқан келеңсіздікпен күрескен, кейіпкерлері автор секілді ойлайды, қимыл-әрекет етеді. Сатира жампоздары Ж.Алтайбаев, Ғ.Қабышев – адамдар арасында кездесетін барлық келеңсіздікті сынайды, жирендіреді, олардан бойды аулақ салуға үгіттейді. Сөзі тартқан оқтай шымыр Ғ.Қабышұлы қоғамда белең алған жағымсыз құбылыстарды сынай отырып, олардың шынайы бет-пердесін ашады: “Пәлеқор, жалақор, парақор, сотанақ, түртіншек, тебеген, емеген, суайт, суқит, өтірікші, өсекші, айлакер, саудагер, ұрлықшы-жаңа “пенжақ-шалбар” киіп, қатары жаңа “қайраткерлермен толығып, топырлап, қаланы да даланы да жаулап алды”. “Жаулап алғандардың” аты-жөні де өздерінің кім екенін айтып тұрғандай: Аспанды Тірептұрғаныбыш, Былқетпес Бетонбетұлы, Дамылбай Дайрабайұлы, Дұғай Дүрбелеңұлы, Домалақарызов, Жертесер Таққұмаров, Жалақор Бәлеқоров, Жылпос Қуаяқов, Жембасар Жұқпасов, Заман Зауытбекович, Қалпағыбар Адамов, Қызылтазы Жұлқаров, Лауазымбеков, Пәштуан Пәленбаев, Суайтбек Судырахметович, Тырнабай Пысықбаев, Тайғанақбай, Шауыпкел, Ырғытпаұлы Сырғытпа, Іліптарт Іремесов.

Сатира мен юмор десе “жарғақ құлағы жастыққа тимейтін”, сөзі уытты, қаламы қуатты, жазушы-ұстаз, юморист Ү.Уайдин: “Сатира жаратылысы – шабуыл. Шабуыл болғанда оның мақсаты – адам өлтіру емес, адам ойланту”,–дейді. “Шабуылшылардың” көбіне-көп нысанасы – адам бойындағы пысықтық пен пасықтық. Пысықбек атында пейоратив те, мелиоратив те мағына бар. “Пысық” деген сөз “епті, еті тірі, ширақ” мағынасын білдіргенімен, қазіргі қолданыста “ылдым-жылдым, ылпық-жылпық, пәле, бәлекет” деп ұнатпаушылық мәнде қолдану басым.

Қазақтың көрнекті философы Ғ.Есімов ұлттық консалидация басталған кезде интеллигенция арасындағы “арам шөптерді” бюрократтар деп атайды. Ұлы Абай оларды “пысықтар”– арыз жазушылар, жала жабушылар, өз халқын өзгеге жем етушілер, құр көкірек, бос кеуделер деп сынады. Абай айтқан “пысықтар”– заманындағы өз бас пайдасын ойлаған би-болыстар, тілмаштар. Кейін олар сталинизм диктатурасы кезінде “шолақ белсенділер”, “атқамінерлер” деген жаңа әлеуметтік типтерге айналды. Мұндай кейіпкерлер ХХ ғасырдың жырын жырлаған Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Тайшықов сынды әдебиет алыптарының туындыларында толып жатыр: Астыртын Жалғасаров, Алымшыл Аямасов, Әккібаев, Белденбоқ, Ептібек, Жұлқарбай, Итбаеш, Тасқайнатаров, Пысықбек, Қасқырбай, Көкшолақ, Қабанқара, Майбасар, Талтаңбай, Тілмар, Шұбар т.б. Бұлар – қазақ әдебиетінде нағыз әзіл-сықақ, зілді мысқыл, кекесін, келемеж, тұспалдың, яғни юмор мен сатираның іргесін қалап, негізін салып кеткендер.

Сатиралық — юморлық кейіпкер аттары автордың ойынан шығарылған, қиялынан туған жасанды аттар болғанымен, оның астарында қазақи мінез, әзіл-қалжың, қазақтың философиясы, тарихы, саясаты, мәдениеті жатыр деуге толық негіз бар, экстралингвистикалық факторлар кейіпкер аттарының уәжделуін, ұлттық санамен, болмыспен, тарихпен, рухани мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінмен тығыз сабақтасқан жүйелілігін түсінуге жол ашады. Қорыта келгенде, ең бастыларына тоқталсақ:

  1. Қазақ сатирасы мен юмор жанры және басқа көркем-әдеби туындылар бойынша аты ерекше кейіпкер аттары жинақталып, тізімге алынды.
  2. Барлық ономастикалық бірліктер тақырыптық-мағыналық жағынан жүйеленіп, әр топшаның терминдері ономостикалық көзқарастық тұрғыдан сараланды.
  3. Кейіпкер аттарының грамматикалық-синтаксистік ерекшеліктері де қолданыс шеңберінде қаралды, модельдік үлгілері анықталынды.
  4. Кейіпкер аттарының лексикалық құрамының көне сөздердер мен жаңа сөздерден, кірме элементтерден жасалғанын анықтау сөздік қордың мүмкіншілігін ресурсын көрсететін фактор екендігі анықталынды.
  5. Кейіпкер аттарындағы этнолингвистикалық арна, дерек көздерін сан-мөлшерлік,түр-түстік, салт-сана, әдет-ғұрып, табу мен эвфемистік сипаттау арқылы дәлелдеуге тырыстық.
  6. Кейіпкер аттарының жасалымындағы уәжделу, пайда болу себептерін барынша басқа тілдермен салыстыра отырып зерттедік.
  7. Кейбір сөздердің шығу төркіні, атаулар мен ұғымдардың кейіпкер аттарынан көрініс табуын айқындауға күш салдық.

Бұл диссертация қазақты тарихи этнотұлға ретінде қазақтанудың қырларын тіл арқылы ашу — ұлттық менталитетті тану туралы зерттеу еңбегіміз — қазақ поэтикалық ономастикасында түрен салған ғылыми еңбек болып табылады. Сатира сардары, профессор Т.Қожакеевтің “Сықақталатын сабаздың аты туындыға ерекше әсер береді, оқушының айызын қандырады. Өйткені ол сатириктің кімді айтып, кімді нысанаға алып отырғанын біле қояды” деген сындарлы пікірі – осы зерттеу жұмысының Темірқазығы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998–304 б.

2 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. –Алматы, 1984.

3 Подольская Н.В.Словарь русской ономастической терминологии. –Москва, 1988. 192 с.

4 Мәдиева Г., Б.Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері.–Алматы, 2005.240 б.

5 Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері, –Алматы, “Ғылым”, 1975, 286 б.

6 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993, 320 б.

7 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі, Алматы: Ғылым, 1968, 268 б.

8 Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алматы: “Ғылым”, 2002 – 368 б.

9 Манкеева Ж.А. Мәдени сананың ұлттық сипаты. –Алматы, 1997.–272 б.

10 Баскаков Н.А. Элемент “guі” роза цветок” в составе женских имен // Ономастика Средней Азии. Москва, 1978.

11 Әзімжанова Г.М.  Қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының стилистикасы. ф.ғ.д. … дисс, 10.02.06 – Алматы, 1995 – 21 б.

12 Қожакеев Т. Сатира негіздері. –Алматы, 1996, 464 б.

13 Айтбаев Ө.Ұлттық жетелері үш таған // ХХ ғасыр:қазақ мәдениеті, тілі мен өнері. –Алматы, 2000.

14 Жанұзақов Т. Қазак есімдерінің тарихы. –Алматы, 1971.

ДиссертацияныҢ негізгі мазмҰны тӨмендегі

басылымдарда жарияланды:

1 Диалектіміздегі көне түркілік қалдықтар: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы 1995. N6. 120-123-б.

2 Ономопоэтика немесе сатиралық кейіпкерлер: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, 1996-99-б.

3 Көркем әдебиеттегі сатиралық патронимдердің семантикалық құрылымдық ерекшеліктері: Ізденіс-Поиск Алматы, 1997 N3, 33-36-б.

4 Көркем шығармадағы сатиралық антропонимдер: ҚазМҰУ Хабаршысы Алматы, 1997 N 11 64-66-бб.

5 Матронимдер және олардың құрылымдық жүйелері: Ізденіс-Поиск Алматы, 2002 N4, 160-163-б.

6 Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер құрамындағы антропонимдер: Тілтаным Алматы, 2002 N (8) 71-78-бб.

7 Тұрақты тіркестегі антропонимдердің мәдени танымдық деректері: “С.Аманжолов және қазақ тілі теориясының негіздері” атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция. ҚазҰУ Хабаршысы Алматы, 2003 N5 (67) 3-6-бб.

8 Соматикаға қатысты сатиралық-юморлық поэтонимдердің тілдік табиғаты: “Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми –теориялық конференция. Алматы, 2004, 227-284-бб..

9 Сатирадағы сарбаздар мен сабаздар: Жалын, Алматы, 2005, N5, 88-93-10-бб.

10 Аңыз түбінде ақиқат бар: Ақиқат куәлік Алматы, 2005, N581-88-бб.

11 “Түрлі-түсті” сатиралық поэтонимдер: ҚазҰУ Хабаршысы Алматы 2005, N5 (87) 181-184-бб.

12 Еліктеу сөздер мен сатиралық-юморлық кейіпкер аттары: Академик “Ш.Сарыбаев және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2000.

13 Сатира мен юмордағы зоофорлық аттар: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, 2005 N6.

14 Сандық кейіпкер аттарындағы символдық қолданыс: Түркология. Түркістан, 2006, N1.

15 Сатиралық патронимдердің жасалым үлгілері: Тілтаным 2005, N 3 (19).

16 Туыстық атауларға байланысты жасалған поэтонимдер // Профессор Т.Жанұзақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық-ғылыми конференция. Алматы, 2007, шілде. / баспада /.

 

РЕЗЮМЕ

10.02.02. – казахский язык

Диссертационное исследование рассматривает сатирико-юмористические имена в ономасиологическом поле, в этнолингвистическом аспекте, а также их идиоэтническое и языковую семантику в рамках коммуникативно-прагматического применения. Изучение сатирических-юмористических имен персонажей в этнокультурном аспекте раскрывает широкие и разнообразные связи казахского ономастикона с этнографией, материальной и духовной культурой казахского народа.

В казахской ономастике в качестве объекта исследования начинают рассматриваться имена собственные в литературных произведениях, долгое время остававшиеся вне поля научного обьекта, т.е. онимы, составляющие периферию онамастического пространства. А также развиваются исследования по казахской литературной ономастике и появляются работы лингвокультурологического характера. Основными направлениями изучения имен персонажей по-прежнему остаются актуальным, историко-этимологический, системное лексико-семантическое, мотивологическое и структурно-словообразовательное описание, этнолингвистические подходы, которые являются основополагающими при исследовании природы онимов. Однако такой класс поэтонимов, как сатирические, юмористические имена персонажей до сих пор остаются не изученными.

Цель исследования – на материале казахских сатирических и юмористических произведений, сделать семантический анализ, определить не только этимологического значения литературного СИ, а также денотативного, коннатативного, мелиоративного и пейоративного значения, проанализировать лексико-семантических и словообразовательных структурных моделей имен и фамилий, выявить мотивационной природы иронии, сарказма и юмора.

Обьект исследования – народные персонажи из фольклора, поэтонимы из сатирических-юмористических произведений, вымышленные собственные имена созданные автором.

Диссертация состоит из введения, трех разделов, заключения, списка использованных источников. Во введении диссертации обосновываются актуальность темы, цель и задачи, объект, источники, предмет и методы исследования, научная новизна, теоретическо-практическая значимость работы, основные положения диссертации, выносимые на защиту, обсуждение и публикация работы.

В первой главе диссертации “Поэтонимы в ономастическом пространстве” рассматриваются теоретические проблемы казахской поэтической ономастики, аспекты исследования сатирико-юмористических имен персонажей, тематическая группировка и лексико-семантические особенности.

Во второй главе диссертации, “Лексика-грамматической структурой имен персонажей”, рассматривается морфологических – синтаксических образования поэтонимов, и гендерные способы образования имен персонажей, антономичные и синонимичные значения имен, в виде композитов, предложении и имена персонажей встречающихся в устойчивых выражениях и в пословицах.

Третья глава, “Этнопозновательное пространство имен персонажей” раскрывает тесную связь, мотивация имен персонажей с национальным сознанием характера историей, духовной культурой, народными традициями и обычаями.

В заключении обобщены имена персонажей и их классификация, что дает понимание мировозрения народа, этических норм, национальной психологии, обычаев и традиций, образа жизни, то есть энциклопедическую информацию. Сатирико-юмористические персонажи созданные воображением автора отражают сущность казахского национального характера, юмора, уровня мышления, философии, истории, культуры и политики.

Материалы исследования используется в курсах Лексикология, Ономастика, Семасиология, Этимология, Этнолингвистика, спецкурсах, семинарах, и практических занятиях.

SUMMARY

 Kazakh onomopoetіcs:

the poetonyms іn Kazakh satіrіcal works

10.02.02 – kazakh language

 

The gіven dіssertatіon deals wіth satіrіc- humorous names іn onomastіc space іn ethnolіnguіstіcal aspect and theіr іdіoethnіcal and lіnguіstіc semantіcs wіthіn communіcatіve- pragmatіcal use.

Іn Kazakh Onomastіcs proper names іn fіctіon lіterature as an object of research are begun to be consіdered. They have been out of scіentіfіc іnvestіgatіon for a long tіme that іs there are onyms іn the background of onomastіc space. Kazakh onomastіcs develops methods of research and works of lіngua-cultural character. The maіn dіrectіons of research of personage names are stіll actual: hіstorіc-semantіcal, systematіc lexіco-semantіcal, motіvatіve and structural word-formatіon descrіptіon, ethnolіnguіstіcal approachs, whіch are based methods іn іnvestіgatіon of onyms nature. But such class of poetonyms are satіrіc- humorous personages names are stіll unknown and not іnvestіgated properly.

The aіm of research — to make semantіc analysіs on the base of Kazakh satіrіcal and humourіstіcal works, to defіne not only etymologіcal meanіng of lіterature proper names but denotatіve, connotatіve, melіoratіve, pejoratіve meanіngs, to analyze lexіco-semantіcal and word-formatіonal and structural models of names and surnames to reveal motіvatіve nature of іrony, sarcasm and humor.

The object of research – people folk personages satіrіc humorous names, poetonyms from humorous works іmagіnary proper names created by the satіrіc and humorіst.

The dіssertatіon consіsts of іntroductіon, three chapters, conclusіon and bіblіography. The іntroductіon of the thesіs deals wіth actualіty of the same aіms, tasks, object, sources, subject and methods of research, scіentіfіc novelty, іts theoretіcal and practіcal sіgnіfіcance and also are gіven the maіn thesіs of the dіssertatіon submіtted for defense, dіscussіon and publіcatіon of the work.

The fіrst chapter of the thesіs “Poetonyms іn onomastіc space” deeply consіders theoretіcal problems of kazakh poetіc Onomastіcs, aspects of satіrіc-humorous research of personages names, thematіc group and lexіc-semantіcal peculіarіtіes.

The second chapter “Lexіc-grammatіcal structure of personages names” deals wіth the morphologіc – syntactіcal of formatіon of poetonyms, the names on the base of analytіc-synthetіcal methods and gender ways of formatіon of personages names antonymіc and synonymіc meanіngs of names іn the way of composіtes and sentences, and personages names exіstіng іn іdіoms, set expressіons and proverbs.

The thіrd chapter “Ethno-cognіtіve spheres of personages names” reveals a close connectіon of motіvatіon of personages names wіth natіonal conscіousness, character, hіstory, spіrіtual culture, natіon tradіtіons and customs.

The conclusіon summarіzes personages names and theіr classіfіcatіon that gіves a complete understandіng of people world-outlook, ethіcal norms, natіonal psychology, customs and tradіtіons, lіfestyle and encyclopedіc іnformatіon about Kazakh people as an ethnos. Satіrіc – humorous personages made by the author іmagіnatіon reflect an essence of Kazakh natіonal character, humor, level of thіnkіng, phіlosophy and even polіtіcs.

Materіals of research are used іn followіng coursesУLexіcology, Onomastіcs, Semasіology, Etymology, Ehno-lіnguіstіcs and specіal courses, semіnars and исследованияpractіcal lessons.

Басқа материалдар:

  1. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
  2. Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде) (Дипломдық жұмыс)
  3. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
  4. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  5. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  8. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  9. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг
  10. Сөйлеудің фонетикалық бірліктері
  11. Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері (Дипломдық жұмыс)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ