Сөйлеудің фонетикалық бірліктері

0
1375
Иллюстрация: Freepik.com

Дәріс жоспары: 

  1. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді.

Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады.

Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация.

Интонацияны құрайтындар:

1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы: Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады — деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады:

2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы;3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы», «қайғылы» немесе «қорқынышты» секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.

Такт — фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.

Басқа материалдар:

  1. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
  2. Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде) (Дипломдық жұмыс)
  3. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
  4. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  5. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  8. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  9. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ