Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІІ нұсқа)

0
782
Иллюстрация: Freepik.com

1. Қыш құмыра жасайтын шеберханалары болған ортағасырлық қалалар:
A) Талғар, Тараз
B) Жент, Балаж
C) Бурух, Жанкент
D) Қарнақ, Сауран
E) Сарайлы, Йасы

2. Әбілқайыр хандығынан бөлінген Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған көш бағыт алды:
A) Алтайға
B) Сыр бойына
C) Сарыарқаға
D) Жетісуға
E) Батысқа

3. Орта ғасырларда халық арасына кең тараған ертегілердің бірі:
A) «Күлшеқыз»
B) «Аламан мен Жоламан»
C) «Ер Сайын»
D) «Алпамыс»
E) «Құбағұл»

4. 1916 жылғы көтерілістің негізгі сипаты:
A) Ұлт-азаттық
B) Феодализмге қарсы
C) Социалистік
D) Хандық билікке қарсы
E) Кеңес өкіметке қарсы

5. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Ұлы Отан соғысының батыры:
A) Б.Момышұлы
B) М.Габдуллин
C) Л.Беда
D) Қ.Қайсенов
E) И.Карпов

6. 1979 жылғы Қазақстан аумағында жаңадан құрылатын неміс автономиялық облысының орталығы болуға тиіс қала:
A) Ақмола
B) Павлодар
C) Ерейментау
D) Атбасар
E) Көкшетау

7. Наймандар Қарақытайлардың үстемдігінен құтылды:
A) Торы ханның тұсында
B) Сарық ханның тұсында
C) Даян ханның түсында
D) Білге ханның тұсында
E) Бұйрық ханның тұсында

8. Найман ханы Күшліктің Жетісу мұсылмандарына жасап отырған озбырлығын тоқтатқан жағдай:
A) Арабтардың келуі
B) Монғолдардың келуі
C) Хорезм шапқыншылығы
D) Парсылардың келуі
E) Қытайлардың келуі

9. XVI ғасырда Қасым ханның Шайбани ханмен күресіндегі алдына қойған мақсаты:
A) Жетісу бойындағы қалаларды өзіне қарату
B) Мауараннахр жерін өзіне қарату
C) Қырғыздарды бағындыру
D) Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату
E) Моғолстанды әлсірету

10. Әбілқайыр ханнан кейін Кіші жүз жерінде хан болып танылғандар:
A) Айшуақ, Досалы
B) Нұралы, Батыр
C) Уәли Сыздық
D) Батырша, Ералы
E) Ералы, Жәңгір

11. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезінде рухын көтерген ірі шайқастар:
A) Бұланты, Аңырақай шайқасы
B) Орбұлақ, Батпақ шайқасы
C) Қатаған қырғыны, Айғыржар шайқасы
D) Ходжент, Ташкент жеріндегі шайқас
E) Ырғыз, Торғай жеріндегі шайқас

12. 1855 жылы сұлтан Арыстан Жантөреұлы осы көтерілісшілер қолынан қаза тапты:
A) Есет бастаған
B) Кенесары бастаған
C) Исатай бастаған
D) Сырым бастаған
E) Жанқожа бастаған

13. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы облыстар саны:
A) Екі
B) Үш
C) Төрт
D) Алты
E) Бес

14. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында салынған әскери бекіністер:
A) Аягөз, Ақтау, Қапал
B) Лепсі, Қапал, Верный
C) Сергиополь, Таушүбек
D) Ұзынағаш, Тоқмақ
E) Мерке, Қастек, Верный

15. Ыбырай Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған оқу құралы:
A) «Қыпшақ Сейтқұл»
B) «Тілашар»
C) «Талаптың пайдасы»
D) «Қырғыз хрестоматиясы»
E) «Ана тілі»

16. Азамат соғысы–ол:
A) Екі мемлекет арасындағы соғыс
B) Отар иелену мақсатындағы соғыс
C) Дін үшін соғыс
D) Лаңкестік әрекет
E) Мемлекет ішінде билік үшін ел азаматтарының өзара соғысы

17. 1932 жылы шілдеде аштық апаты туралы Ф.Голощекинге хат жазған республика қайраткерлері:
A) Ә.Жангелдин, А.Акулов т.б.
B) Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов т.б.
C) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров т.б.
D) Ғ.Мүсірепов, М.Дәулетқалиев т.б.
E) Б.Майлин, Д.Серікбаев т.б.

18. 1949 жылы авторы мен негізгі орындаушылары КСРО мемлекеттік сыйлығына ұсынылған опера:
A) «Кеше мен бүгін»
B) «Кыз Жібек»
C) «Дударай»
D) «Біржан-Сара»
E) «Қарқаралы»

19. 1993 жылдары 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы:
A) Ұлттық валютасы бар елге айналды
B) Президенттік басқаруға көшті
C) БҰҰ-ға мүше болды
D) Дамыған 50 елдің қатарына енді
E) Тәуелсіз ел болды

20. «Саналы адам» алғаш меңгерді:
A) Егін егуді
B) Қыш ыдыс жасауды
C) Анық сөйлеуді
D) Металл өңдеуді
E) Көшпелі мал шаруашылығыме айналысуды

21. XV ғасырда Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысқа тартылғандар:
A) Батыс Сібір ханы, Бұлғар ханы
B) Шайбани хан, Моғолстан билеушілері, Темір ұрпақтары
C) Иран шахы, Ауған билеушілері, Түрік сұлтаны
D) Сібір ханы, Ойрат билеушілері
E) Орыс княздары, Алтын Орда билеушілері

22. Ұлы Жібек жолының Қызылқұм арақылы Хорезм мен Үргенішті, Еділ бойы мен Кавказды байланыстырған тармағы негізгі сауда жолының біріне айналды:
A) Түрік қағанаты кезінде
B) Қыпшақ хандығы кезінде
C) Сібір хандығының кезінде
D) Моғолстан кезінде
E) Алтын Орданың кезінде

23. Отан соғысында хорунжий шенін алған ержүрек жауынгерлер:
A) Сағит Хамитұлы, Яков Беляков
B) Қарынбай Зыңдағұлұлы, Майлыбайұлы
C) Боранбай Шуашбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы
D) Нарынбай Жанжігітұлы, Әмен Байбатырұлы
E) Мұрат Құлшоранұлы, Еркін Азаматұлы

24. 1910 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романының авторы:
A) А.Байтұрсынұлы
B) Ж.Аймауытов
C) М.Дулатұлы
D) С.Сейфуллин
E) Н.Байғанин

25. Республика бойынша қазақ тілінде білім беретін 155 мектептің ашылған мерзімі:
A) 1990 ж. маусымынан 1991 ж. маусымына дейін
B) 1990 ж. желтоқсанынан 1991 ж. желтоқсанына дейін
C) 1989 ж. қыркүегінен 1989 ж. желтоқсанына дейін
D) 1988 ж. желтоқсанынан 1989 ж. наурызына дейін
E) 1991 ж. сәуірінен 1992 ж. мамырына дейін

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ