Қазақ жеріндегі ортағасырлық ғылымның дамуы (сабақ жоспары)

0
2605
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— 6.2.2.4 — түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұн және А.Ясауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты?

Оқулық
Қазақ жеріндегі ортағасырлық ғылымның дамуы. 98–102 беттер.

Тірек сөздер
— Баласағұн
— Қашқари
— Ясауи
— Бақырғани

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы. Атамұра. 2010.
2. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Оқу құралы.
Алматы. Қазақ университеті. 1991.
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. Ана тілі. 1991.
4. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы. Аруна. 2010.

Мақсатты айқындау
ІХ — ХІІ ғасырлардағы ұлы ойшылдар еңбектерімен таныстыру. ІХ — ХІІ ғасырлардағы тіл, ғылым мен әдебиеттің дамуын таныстыру. X ғасыр — XІІІ ғасырдың басындағы қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуына талдау жасау.

Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи еңбектерінің түркі әлемі үшін құндылығына көз жеткізу. Қазақ жеріндегі ертеортағасырлық ғылымның дамуының ерекшелігін айту және ертеорғасырлық қалаларда өмір сүрген ғалымдарды қамту. Оқушылардың ғылыми-танымдық көкжиегін кеңейтумен қатар, ғылым мен білімге деген құштарлығының артуына әсер ету.

Сабақтың деректік материалдары
Қожа Ахмет Иасауи — Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі — Ибраһим, анасы — Қарашаш ана. Иасауидің атаанасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Иасауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. Иасауи ұрпақтары осы қызынан тарайды.

Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Иасауи Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді. Қ.А. Иасауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Иасауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатын халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды.

Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір практикасының үш түрін: алқа зікірі,
арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.

Иасауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі — адам. Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім — хәл ілімін игеріп, Құдайдың фазылымен берілетін — хәл іліміне жетуі керек. “Диуани хикметте” арифтердің Сұлтаны бастан-аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік хәлін жырлайды. “Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы” деген Иасауи Ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзінөзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді.

Қ.А. Иасауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз — Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан. Қ.А. Иасауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды.

Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу, үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу.

Суннаға негізделген дәстүрлі жолы: көппен бірге намаз оқу, таң сәріде ояу  болу, дәретпен таза жүру, өзін үнемі Алланың құзырында сезіну. Тариқаттың ерекше қасиеттері: қонақжайлық, Иасауиге (р.ғ.), әулиелерге, ұстаздарға дұға жасау.

Кемелдікке жетудің төрт шарты: макан (кеңістік), заман (уақыт), ихуан (бауырластық), рабт-и сұлтан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік).

Жария зікір салу осы тариқаттың негізгі шарты. (http://www.madenimura.
kz сайты материалынан). Иасауи ілімінің құндылығы туралы қосымша сабақ ұйымдастыру.

Сабақ түрі мен әдісі
Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру және оқушылар ойының жетіктігін байқау мақсатында — конференция сабақ.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи шығармаларының алғашқы басылымдық нұсқаларының мұқабасының суретін көрсету. Қазіргі заманғы қолданыстағы соңғы басылымдарын кітапханадан жаздыртып алып, оқушыларға көрсету керек. Бұл оқушылардың танымдық қабілетін арттыра түседі.

Кітап ішінен алдын-ала белгі қойылған беттен оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын үзінділер оқып беру.

Бағалау мүмкіндігі
Жүсіп Баласағұн еңбегі қандай тақырыптарды қамтиды? Махмұт Қашқари картасының құндылығы неде? Ясауи ілімі дегенді қалай түсінесің? Ясауи шәкірттері кім? — деген сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың дұрыс жауап беруі қабілеттеріне қарай бағалау.

Қосымша тапсырмалар
Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи шығармаларының бірінен үзінді оқып келу.

Білімін шыңдауға берілетін тест.
Тесттен 3 дұрыс жауап тап:

1. Автор мен еңбегінің дұрыс берілгені бойынша табыңыз:
А) Әбілғазы Бахадүр: “Жошы ханның жортуы”
В) Жүсіп Баласағұн: “Құтадғу білік”
С) Махмұт Қашқари: “Шыңғыснама”
Д) Жүсіп Баласағұн: “Тарих (Хроника)”
Е) Махмұт Қашқари: “Диуани лұғат ат-түрік”
F) Қожа Ахмет Иасауи: “Сурад ал ард”
G) Өтемісқажы: “Мухаббатнама”
H) Қожа Ахмет Иасауи: “Диуани хикмет”

Тесттен 2 дұрыс жауабын тап!
2. Жүсіп Баласағұнның шығармасындағы кемеңгер хан мен ақылды
уәзірлерді көрсетіңіз:
А) Күнтуды Е) Айтолды
В) Күнікей F) Құсайын
С) Күншуақ G) Мұхаммед
Д) Ғалымхан H) Фатех.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ