Балғабек Қыдырбекұлы – танымал жазушы

2
3054
Гомотетия және оның қасиеттері

 

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:  
Сынып 10
Бөлім: 1 Еңбек нарығы және сұраныс Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»
Сабақтың тақырыбы Балғабек Қыдырбекұлы – танымал жазушы
Оқу мақсаттары 10.1.2.1 – тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

10.5.1.1- тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану

Бағалау критерийлері Барлығы  тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

Көбі ақпаратты анықтайды

Кейбірі мәтіндердің стильдеріне талдау жасап, салыстырады

Тілдік мақсаттар Танымал, сықақ, жинақ, шеберлік, әңгіме
Бастапқы білім Әлеуметтік сұраныс және отандық өнім жайла ақпарат береді. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін  «шаттық шеңберін» құрайды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Қызығушылық ояту. «Галерия» тәсілі. Тақтаға теміржолға байланысты суреттер ілінеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды. Бұл суреттерде не бейнеленген? Қандай тақырыпқа салынған? Индустрия  саласына қатысты көркем шығарма жазған қандай қазақ жазушыларын білесің? ( 1, 2 тапсырма)

Мәтіналды жұмыс.

Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Дескриптор:

*мәтіннен қажет ақпаратты алады

* детальды ақпаратты анықтайды

*сөздердің мағынасын түсіндіреді

*бір-бірімен сөйлеседі

Қалыптастырушы бағалау. Бағалау парақтары негізінде қорытындылайды

Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?

Сабақтың ортасы Мәтіналды жұмыс

Тыңдалым. Аудиомәтін

4, 5 ,6 тапсырма 26 бет

Дескриптор

*мәтінді тыңдайды

*тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді

*тыңдалым мәтін бойынша шағын диалог құрастырады

*кейіпкерлерді анықтайды

Қалыптастырушы бағалау.

Бес бармақ әдісі бойынша

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, мәтіннен күрделі сөздерді тауып, орыс тіліне аударып жазады.

7,8-тапсырма, 27-бет

Дескриптор

*мәтіннен қажет ақпаратты алады

*детальды ақпаратты анықтайды

*мәтінде күрделі сөздерді табады

*орыс тіліне аударады

Қалыптастырушы бағалау. Бағалау парақтары негізінде қорытындылайды

9-тапсырма

Дескриптор

* мәтінді түсініп оқиды

*мәтіннен Б.Қыдырбекұлының лауазымдық қызметін көрсететін сөйлемдерді анықтайды

*лауазымдық қызметті фактілермен дәлелдейтін сөйлемдерді анықтайды

Қалыптастырушы бағалау. Бағалау парақтары негізінде қорытындылайды

10-тапсырма

Дескриптор

*түйіндемені негіздейтін сөйлемдерді табады

*ойды түйіндейтін сөйлемдерді анықтайды

12-тапсырма

*грамматикаға қатысты тапсырманы орындайды

* жалғау түрлерін анықтайды

Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау

Сабақтың соңы 15-тапсырма. Рөлдік ойын. Әртүрлі дереккөздерден Балғабек Қыдырбекұлының шығармашылығы туралы ақпарат жинаңдар. Мақала авторымен шағын сұхбат көрсетіңдер.

Дескриптор: диалог құрады; өзіндік тың пікірлер келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағаланады. Сабақтың  соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілеп түсіндіреді: Бәрін түсінгеніме толық сенімді емеспін. Әлі де қайталауым керек. Мен ештене түсінбедім.

Рефлексия. Ойтаразы. Рефлексия парақтарын таратып, сабақ бойынша пікірлерін білу. Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 16-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі.

 

Дереккөз: bilimainasy.kz

Басқа материалдар:


2 ПІКІРЛЕР

  1. Cәлеметсіздер ме? Сайттарыңыздан өте құнды деректер алуға болады екен. Сәуір айында болатын ұстаздарға арналған біліктілікті көтеру тестінен тарих және география пәндерінен тест сұрақтары мен жауаптары бойынша көмектесе аласыздар ма?

  2. Cәлеметсіздер ме? Сайттарыңыздан өте құнды деректер алуға болады екен. Сәуір айында болатын ұстаздарға арналған біліктілікті көтеру тестінен тарих және география пәндерінен тест сұрақтары мен жауаптары бойынша көмектесе аласыздар ма? Мүмкін емес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ