Баспа редакциялық процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

0
1532
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Баспа-редакциялық үдерістердің кезеңдері:

  • автормен немесе авторлық ұжыммен жұмыс істеу;
  • басылымның жоспарлық-проспектісін құрастыру;
  • басылымға рецензиялар дайындау;
  • автормен келісімшартқа тұру;
  • тапсырыс бойынша қабылданған басылымның қандай типке, қай әдебиет түріне жататынын анықтау;
  • оқырман категориясын анықытау (балаларға, жасөспірімдерге, ересек адамдарға арналған);
  • т.б кезеңдеріне тоқталып өту.

Автордың шығармасын қабылдау тәртіптері мен талаптары

Редактор міндеті автордан түсетін қолжазбаны қабылдап, редакциялап, оны жарыққа шығаруды басқарады. Ол автордан қабылданған қолжазбаны алғаш оқып, шешмді пікірін жазба түрде беру, рецензент табу, рецензия жазуды ұйымдастыру, оған ақыл-кеңес беру, рецензиядан қайтқан жұмыстың кем-кетігін қайт қаратып, талапқа сай редакциялап, өндіріске жіберуді, сол жұмыстың жарық көруін басқарады.

Баспа ісіндегі жоспарлау

Нарықты экономикада бизнес-жоспар жаңадан құрылған, сонымен қатар қызмет істеп жатқан кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің барлық саласындағы жұмыс құралы болып табылады.

  • Кез келген бизнес үшін маңызды міндет өндірістік шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын жасау болып табылады. Баспа ісінің бизнес-жоспары кәсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бұл істі ұйымдастыру жұмыстарына өндірісті жоспарлау, баспа-редакциялық үдерістерді, яғни қабылдап алынған тапсырыстарды жарыққа шығаруға даярлау, автормен және қолжазбамен жұмыс істеу, басылымды рәсімдеу, безендіру, даярланған түпнұсқа макетін полиграфиялық әдістермен басып шығаруға даярлау, баспаханада басылып, өңделіп жатқан таралым сапасын бақылап, дайын болған өнімді қабылдап алу және дайын өнімді тарату үдерістері жатады.

Баспа ісінің үш басты бөлімі — редакциялық, өндірістік және тарату қызметін атап көрсетуге болады. Көптеген баспаларда аталған үш бөлімнен тыс қосалқы қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді, олар: бухгалтерия, құқықтық қызмет көрсету, теру бөлімшелері, түрлі мақсатта жұмыс істейтін компьютерлік бөлімдер, көркемдік безендіру редакциялары, т.б.

Редактор – баспасөз орындарына авторлар қауымынан түсетін қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығаратын, оны жарыққа шығаруды басқаратын жетекші, басшы шығармашылық қаламгер. Газет пен журналда оны жауапты редактор немесе бас редактор деп атайды. Кітап баспасында редактордың атқаратын жұмысы сәл басаша ұйымдастырылады.

Мұнда қолжазбаны автордан тікелей қабылдап, танысып көріп, онымен нақты редакциялық жұмысты жүргізуші – жетекші редактор. Әр кітаптың өзінің жеке редакторы, ұйымдастырушысы болады. Оның қолынан өтіп, редакцияланған,  компьютерде басылған, көбейтуге өндіріске ұсынылған түпнұсқаны редакция меңгерушісі оқып бекітуге тиіс.

Баспа редакторының негізгі атқаратын қызметіне жататын жайттар: баспаның жылма-жылдық жоспарына тікелей қатысып, тақырып іздестіру, авторлар ұйымдастыру, бекітілген жоспарға сүйеніп, өзіне бөлінген тақырыптар төңірегінде авторлармен жұмыс жүргізу,  олардың жаңадан жазған шығармаларын қарап шығу, жаздыртуға талпындыру, үгіттеу, соның барысында авторға көмек көрсету, ақыл-кеңес қосу т.б.

Сосын автордан түскен қолжазбаны алғаш оқып, шешімді пікірін жазба түрде айтып беру, рецензиядан қайтан жұмыстың кем-кетігін авторына түсіндіру, оны редакциялап өндіріске жіберу, сол еңбектің жарық көруін басқару.

Редактор баспадағы негізгі шығармашылық тұлға. Өзіне бекітіліп қойылған жұмыс жөнінде автормен сол шығарманың жазылу процесіде оқтын-оқтын кездесіп, оның алғашқы бірер тарауын, тақырыбын қарап, танысып, оған өз тарапынан нақты жетекшілік жасап кеңес беріп отыруы қажет. Бірақ та автор белгілі бір шығарманы жазу барысында редактордың оған өз идеясын, өз пайымын, талабын, тұжырымын жүктеп, қысым жасамауы керек.

Жаңашыл редактордың міндеті мен қызметі. Бөлімшенің редакциялық-баспа және өндірістік әрекеттеріне басшылық жасайды. Әдебиетті (ғылыми және әдістемелік, сондай-ақ ақпараттық және нормативтік материалдарды) редакциялауды және басып шығаруды ұйымдастырады, баспаның ғылыми және әдеби мазмұнын, көркемдік әрі техникалық ресімделуін бақылауды жүзеге асырады.

Шығарылатын әдебиеттің нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, басылымның рентабельдігі мен табыстылығын арттыру мақсатында оның сұранысына талдау жасайды. Тұтынушылардың сұранысын және нарық конъюктурасын ескере отырып, ұйым жұмысының тақырыптық бағытына сәйкес әдебиеттерді  басып шығарудың перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын жасайды.

Редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын, өндірістік-қаржылық жоспарларды, басып шығарудың редакциялық және өндірістік  процестерінің кестесін әзірлеуді басқарады. Қолжазбалардың уақытылы ұсыну, баспа таңбаларын теруге және өңдеуге дайындау мерзімдерін, полиграфиялық ұйымдардың басылым тиражын теру, басу және шығару бойынша кестенің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Авторлармен баспалық шарттардың және әдебиетті шығару бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және де басқа адамдармен шарттардың (келісімшарттардың) уақытылы жасалуын, басқа  ұйымдармен әр түрлі полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасауды және тапсырыстарды рәсімдеуді ұйымдастырады. Олар орындаған жұмыс үшін есеп айырысу құжаттарын дайындаудың, авторлық қаламақылар мен штаттан тыс қызметкерлерге төленетін ақы мөлшерін белгілеудің дұрыстығын бақылайды.

Нарық өнімінің даму жағдайы мен келешегін ескере отырып, басылым номиналы мен тиражын бекітеді. Бөлімшенің өндірістік қызметін уақыты материалдық қамтамасыз етуді, шығарылатын әдебиетті жарнамалау және сату бойынша жұмысты,  жасалған шарттарға есеп жүргізуді ұйымдастырады.

Бухгалтерлік есеп негізінде бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін талдайды, қолжазбалардың өту мерзімдерін қысқарту, әдебиетті басып шығару кезінде қаражатты үнемдеп жұмсау, полиграфиялық орындау сапасын жақсарту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырады. Бөлімше қызметкерлерінің жұмысына жетекшілік етеді, олардың ішкі еңбек тәртібін сақтауы бойынша шаралар қолданады. Қол астындағы қызметкерлерді ынталандыру немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар жасайды, олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі. .

Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының заңнамаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, тиісті экономикалық қызмет түрінің негізгі бағыттарын айқындайтын, редакциялық-баспалық қызметке қатысты жетекшілік материалдарды;
  • осындай ұйымдардың баспа қызметіндегі озық тәжірибесін;
  • осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми–техникалық жетістіктерді;
  • әдебиетті басып шығару жоспарларын, басылымның редакциялық және өндірістік процестері кестелерін әзірлеу тәртібін;
  • авторлармен баспалық шарттар жасау, полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындау үшін шарттар мен еңбек шарттарын (келісім шарттарды) жасау;
  • баспа ісінің экономикасын;
  • тұтынушылардың сұранысын,  әдебиет өнімі нарығын дамыту жай-күйі мен келешегін; редакциялық-баспа бөлімшелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесін, авторлық құқықты;
  • шарт бойынша есептесу тәртібін;
  • қолжазбаны өндіріске тапсыру, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау  тәртібін;
  • полиграфиялық өндірістің технологиясын;
  • еңбекті ұйымдастыруды;
  • Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын;
  • еңбекті қорғаудың ережесі мен нормаларын.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ