Арнаулы кітапханалардың негізгі атқаратын қызметтері

0
1212
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Әр типтегі кітапханадағы оның қызметі, құрылымы және міндеті.
Әр типтегі кітапханадағы оның қызметі, құрылымы және міндеті. Бөлімінің
координациялық — байланыс қызметі.

Салалық және функционалдық бөлімдері, олардың міндеттері мен қызметтері. Әр түрлі типтегі ОКЖ-нің библиографиялық бөлімдерінің атқаратын рөлі, міндеті мен қызметі. Әр түрлі типтегі кітапханалардың библиографиялық қызметтерін ұйымдастырудағы регламенттік құжаттардыңталатын орны.

Библиографиялық жұмыстың мазмұны мен міндеттері кітапхананың типі мен оның аймақтық ерекшеліктеріне байланысты.

Қазіргі уақытта, облыстық, өлкелік, республикалық универсалды ғылым кітапханалардың (УНБ) құрамы функционалдық салалық бөлімдердің комплексі болып табылады.

60-жылдары универсалды ғылыми кітапханалардың көпшілігінді техникалық әдебиет пен патенттер, нотамузыка, шетел ауыл шаруашылық әдебиеті бөлімдері құрылды. Бірқатар облыстық кітапханаларда (мысалы, Өскемен, Семей, Қарағанды, Шымкентоблыстық кітапханаларында) қосымша өлкетану, қоғамдық-саяси әдебиет
бөлімдері, өнер бөлімдері (нота-музыка бөлімдерінің негізінде) құрылған.

Осының нәтижесінде кітапханалардағы библиографтар саны көбейді. Библиографтар санының көбеюі, тұтас алғанда, кітапхананың библиографиялық жұмысын сапасы жағынан жетілдіруге ықпал жасайтыны сөзсіз.

Жаңа жағдайларда библиографиялық бөлім мен библиографиялық жұмыс жүргізетін басқа да бөлімдердің арасында неғұрлым ұтымды өзара байланыс орнату мен міндеттер бөлудің ерекше маңызы бар. Библиографиялық практикада дағдылы «еңбек бөлінісі» қалыптасты. Анықтамалық библиографиялық қызмет әдетте библиографиялық бөлімге шоғырланады.

Өйткені салалық бөлімдер негізі нен алғанда ауызша анықтамалар берумен
ғана шектеледі ғой. Салалық бөлімдердің негізгі жұмыс бағыттарының бірі мамандарға информациялық-библиографиялық қызмет көрсету.

Бұл орайда информациялық қызметке библиографиялық бөлім бағдар беріп отырады,
көптеген шаралар библиографиялық бөлім библиографтарының қатысуымен
өткізіледі.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің тарихы
  2. Салалық баспалардың репертуары
  3. Отандық тележурналистика тарихы
  4. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  5. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар
  6. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  7. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  8. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  9. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері
  10. ҚР Ұлттық кітапханасындағы қолжазбалар мен сирек және парсы тіліндегі кітаптардың баспалық және жиынтық каталогтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ