Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана

0
1860
Иллюстрация: Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Кітапхананың қызметі, құрылымы және міндеті. Бөлімінің
координациялық — байланыс қызметі. Кітапхананың библиографиялық қызметтерін
ұйымдастырудағы регламенттік құжаттардың алатын орны.

Арнаулы кітапханалар жүйесінің тарихы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің
«Республикада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы
кітапханалар ашу туралы» 1969 жылғы ақпан айының 12 жұлдызында № 29
бұйрығынан басталады.

Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығына байланысты 1969 жылы республика аумағында 14 арнаулы кітапханалар, соның ішінде № 22 Алматы қалалық кітапханасы ашылады. Осы кітапхана негізінде 1971 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі және Қазақ соқырлар қоғамы орталық басқармасының ұсынысымен қаңтар айының 27 жұлдызында Қазақ ССР Министрлер Советінің № 50 жарлығымен «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» құрылады [Байниязова К. Руханият ордасы — кітапхана: Таным / К. Байниязова; Әңг. С. Тәжіқызы //Кең Жылой.- 2009. — 7 мамыр].

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың
(ЗНКААРК) алғашқы директоры, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері — Александр
Филипович Сапелкин болды. 1971 жылы кітапхана штатында 18 адам жұмыс істеген
еді (оның 14 кітапханашы). Кітап қоры 18,5 мың дана, 1300 оқырманға кітапханалық
қызмет көрсеткен.

1999 жылы кітапхана ЗНААРК базасында арнаулы әдебиеттер шығару, көз мүгедектері үшін ақпараттық-кітапханалық қызметті жетілдіру, баспа комплексін құру мақсатымен республикалық кітапхана Қазақстан-Сорос қорынан грант ұтып, осының нәтижесінде кітапхана процесін автоматтандыру жұмысы басталып, арнаулы әдебиеттерді шығару үшін тифлотехникалық құрал-жабдықтар алынып, шет ел тифлотехника шығарушы ұйымдарымен байланыстар іске асырылды.

Кітапханада көз мүгедектеріне арналған арнаулы компьютерлік бағдарламалар іске
қосылады. Бұл жүйе компьютер арқылы дыбысты белгіге айналып, есепке алынып
сақталады және машинамен оқылады. Осындай тәсілмен жазылған мәтін брайль
жүйесі бойынша да, іріленген әріппен басуға да, сол сияқты дыбыстандаруға да өте
жеңіл болады. Зағип оқырман синтезатор сөзінің көмегі арқылы деректор қорында
сақталған мәтіндерді тыңдай алады.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ