Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми кітапханасы

0
889

Негізгі сұрақтар: Ғылыми кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты:
құрылуы, құрамы, қолданылуы. Ғылыми кітапханадағы анықтамалық библиографиялық қызмет көрсетудің барысы және оны жақсарту шаралары.

Ғылыми кітапханадағы инновациялық технологиялар негізінде анықтамалық–
библиографиялық қызмет көрсету.

  1. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  2. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы 22 қыркүйекте Семей геологиялық-барлау техникумы кітапханасы негізінде 1 000 дана мөлшеріндегі кітап қорымен ашылды.

Кітапхананың бірінші меңгерушісі болып Заозерский тағайындалды. Алғашқы кездері кітапхананың кітап қорымен қатар құрал-жабдықтар да жетіспеді, штатта небары екі-ақ адам болды. 1934 жылдың соңына қарай кітапханада барлығы 8 692 кітап болды.

Бұл студенттер мен оқытушылардың сұранысын қанағаттандыра алмады. Тіпті ең қажетті оқулықтар мен оқу құралдары да болған жоқ, кафедралардың рұқсат қағазымен 10 адамға бір кітап берілді.

1937 жылдың 14 маусымынан бастап кітапхана меңгерушісі қызметіне С.А.Балақаева тағайындалды. Штатта 6 адам болды. Кітапхана өміріне 1938 жылы 1 сәуірде ұйымдастырылған кітапхана кеңесі белсене араласа бастады. Ол қорды жинақтау, оқу әдебиетімен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге, ақпараттық жұмыста жәрдемдесті.

40-жылдары кітапхана қоры 85 167 дана басылымға дейін өсті. Оқу залының
ауданы 30 шаршы метр болды. Қорды жинақтау қиындықпен жүргізілді. Бұдан әрі
қор Мәскеу мен Ленинградтан эвакуацияланып келген оқытушылардың жеке
кітаптары есебінен толықтырылды.

1943 жылы, С.А.Балақаеваның оқуға кетуіне байланысты, кітапхана меңгерушісі
болып В.К.Шуклина тағайындалды. Штат 8 адамға жетті. Қор біртіндеп өсіп, толыға
бастады. Отандық әдебиет қорын жинақтау көзі Союзпечать арқылы жазылу және
қажетті басылымдарды кітапханалық коллектор мен кітап дүкендерінен алу болып
табылды.

Университеттің құрдасы болып отырған кітапхана, сол университетпен бірге тыныстай отырып дамып, жаңа қасиеттерге ие бола бастады, студенттер мен ғалымдарға өз қызметтерінің негізгі салалары бойынша кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетті.

Мамандардың бірнеше ұрпағы осы кітапхана қорын пайдалана жүріп өсіп-жетілді. Кітапхана жетіліп, қалыптасқан ғалымдар, аспиранттар, магистранттар және енді ғана солар тәрізді болуға дайындалып жүрген студенттер мен оқушылар үшін , ғылыми, техникалық ойдың түйінді орны, қажетті білім мен ақпараттың көзі болып табылады

ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ