Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми кітапханасы

0
1932

Негізгі сұрақтар: Қазақ ұлттық агралық университетінің ғылыми кітапханасының
анықтамалық-библиографиялық аппараты: құрылуы, құрамы, қолданылуы. Ғылыми кітапханадағы анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудің барысы және оны жақсарту шаралары. ҚазҰАУ–нің ғылыми кітапханасында инновациялық технологиялар негізінде анықтамалық– библиографиялық қызмет көрсету.

  1. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  2. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері
  3. Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми кітапханасы

1931 жылы іргесін қалаған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми
кітапханасы, қазіргі таңда университеттің 6 факультеті бойынша 42 мамандыққа
қызмет көрсетеді. Ал кітапхана қоры 1185189 дана кітаптарды құрайды. Оқу үрдісін
заманауи оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін кітапхана қорында
электронды тасығыштарда, қатты дискілерде 3326 данадан тұратын электрондық
ресурстар бар.  Ғылыми кітапханада оқырмандарға арналған 2 абонемент, 860 орынды құрайтын 12 оқу залы бар.

Ғылыми кітапхананың оқырмандары: профессороқытушылар, магистранттар, іштей және сырттай бөлімдегі студенттерге, колледж студенттеріне және университет қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

Оның ішінде:

— Оқырмандар саны– 4000;
— Келу саны – 362000;
— Берілген әдебиеттер саны – 835181.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми кітапханасының анықтамалық библиографиялық аппараты:

— анықтамалық және библиографиялық құралдар қорынан;
— каталогтар жүйесінен;
— картотекалар жүйесінен;
— орындалған анықтамалар қорынан (мұрағат) тұрады.

Анықтамалық және библиографиялық басылымдар жеке қорларға бөлінеді, олар оқу
залында ашық сөрелерде орналасқан. Жалғыз даналық анықтамалық басылымдар
оқырман оқу залдарының қабырғасында ғана қолдана алады, үйге берілмейді.

Ғылыми кітапхананың каталогтар мен картотекалар жүйесі бірқалыпты анықтамалық–библиографиялық аппарат ретінде қалыптасады (1-қосымшада каталогтар мен картотекалар жүйесі көрсетілген). Ғылыми кітапхананың анықтамалық–библиографиялық аппараты жан–жақты болып есептелінеді, себебі, ол профессор–оқытушылар құрамына, магистранттар мен колледж студенттеріне қызмет көрсетеді.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ