Баспада баға қалыптастыру үрдістері

0
1514
Иллюстрация: Freepik.com

Баға – ақшамен көрсетіліп, бекітілген тауар құны. Нарықтық экономика жағдайында бағаны қалыптастыру күрделі үдеріс. Нарықтық баға өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады.

Бағаның қалыптасуына бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Баспа қызметінің тиімділігін көрсететін интегралды көрсеткіш жалпы түскен пайданың өлшемімен беріледі.

  1. Баспа маркетингі
  2. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  3. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Баспа басшыларының баспа жүмысының өнімділігін арттыруды, оның материалдык- техникалық базасын жетілдіруді қамтамасыз етуі, сондай-ак қызметкерлердің жүмыс істеуге қолайлы жагдайларын туғызу жалпы пайданың көлеміне байланысты болады.

Пайда 4 негізгі фактордың функциясы болып табылады. Оны формула түрінде көрсетсек:

  • п
  • Пж=Х (Бі-Зі) Аі і=1
  • Пж — жалпы пайда, теңгемен.
  • Бі — өтімді бағасы, і — баспа өнімінің 1 данасы, теңгемен.
  • Зі — өзіндік кұны, і — баспа өнімінің 1 данасы, теңгемен.
  • Аі — і-баспа өнімінің 1 түрінің таралымы.
  • П — түрлі басылым түрлері (ассортименті).

Жалпы түсетін пайданың көлемін арттыру проблемасын шешудің түрлі әдістері бар:

Баспа өнімінің өзіндік құнын төмендету максатында баға саясатынан бастап, ұйымдастырушылық-әкімшілік шараларға дейін қолдану.

Баспаның баға саясаты және кітап таралымының көлемі

Кітаптың 2 түрлі бағасын белгілейміз: ең төменгі — ТБ және ең жоғары — ЖБ. Ең төменгі баға — бұл өндіріс шығындарының орнын толтыратын бағаның деңгейі (өнімнің өзіндік құны). Кітапты бұл бағадан төмендетіп сатсаңыз, шығынға ұшырайсыз. Егер сатушы бұл бағамен сатса, оның ол шығындарды жаба алатындай басқа қаржы көздері бар, болмаса, шығынға ұшырайды.

Жоғары баға ешбір анықтамалыкта, кұжатта көрсетілмеген. Өйткені бұл «толқымалы» баға және ол нарықтың әртүрлі жағдайларына байланысты өзгеріп отыратын баға.

Бұрын мынадай факторлар да баға деңгейіне әсер ететіні айтылатын. Олар: 1) кітапқа сұраныс; 2) нарықтың тауарға толуы;

  • тауардың белгілі бір мезгілде сұранысқа ие болуы. Бірақ бұл факторлармен баға арасында байланыс жоқ. Баға әрқашанда шығындарды есептеу негізінде анықталады және өндірістік шығындарға үстеме сауда бағасы қосылады. Бұл баға серіктесіңнің (оптовый покупатель) немесе кітап дүкенінің ғана шығындарын жауып қоймай, белғілі бір пайда түсіреді.

Сатуға дейін барлық өндірістік шығындар ең төменгі баға немесе өзіндік құн деп белгіленеді. Кітап бағасы мен көтерме бағамен сататын сатушы бағасының арасындағы айырмашылық, яғни баспаның өзіндік құны мен оның өзіндік өндіріс шығындарынан құралған бұл айырма түскен пайда болып есептеледі.

Басылып шыккан кітаптардың сатылу жүйесін кұрастырған кезде, кітаптың бөлшек сауда бағасының деңгейі шектеулі екенін есте сактау қажет. Бүл дегеніміз, баспаның көтерме сауда бағасын ескере отырып, делдалдар үстеме сауда бағаларын ең жоғары баға деңгейінен асыра алмайды.

Сондықтан кітапты сату жүйесі туралы мәселені карастырған кезде баганың кұрылуы маңызды рол аткарады. Сол себепті баспа кітапты кандай бөлшек сауда бағамен сататынын анықтауы қажет, өйткені сол бағаға байланысты оның каншалықты коммерңиялык табысқа жеткендігі аныкталады.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ