Биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар

0
15968

 К.Линней

  • 1735ж түрді латын тілінде қосарынан атауды (бинарлық номенклатура) ұсынды.
  •  Тірі организмдерді жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген ғалым.
  • 1735 ж адамды сүтқоректілер класы, приматтар тобына жатқызған ғалым.
  • «Табиғат жүйесі» 1735ж, «Ботаника философиясы» еңбегінің авторы.
  •  Жүйелеу атасы.
  • Өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді.
  •  Жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді.

 Ж.Б.Ламарк

  • 1802ж «Биосфера» терминін ғылымға енгізді.
  •  1809ж Эволюциялық ілімнің ең алғаш негізін салушы.
  •  «Жәндіктер-омыртқа жотасыздар» деген сөздің авторы.
  • Еңбектерінің мәні-тірі материаны қарапайымнан күрделене беретінін мазмұндау.
  •  Пікірі бойынша эволюцияның ең негізгі қозғаушы күші-ағзалардың ең бір жоғары сатыға көтеріле дами түсуі.
  •  Түрлердің алуантүрлілігін және олардың қоршаған орта жағдайларына бейімделушілігін-қоршаған ортаға байланысты тек пайдалы өзгерістер ғана болып тұрады және ол тұқым қуалайтынын түсіндірген.
  • «Зоология философиясы» еңбегінің авторы, 1809ж шыққан.
  • Ең көрнекті трансформист.
  • Адамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым.
  •  Тірі табиғаттың эволюциялық идеяларын баяндады.
  • Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді

Ч.Дарвин

  • Тірі табиғаттағы эволюциялық теорияны жасаған.
  •  Эволюцияның қозғаушы күштерін ашты (тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу).
  •  Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау эволюцияның қозғаушы күштері болып табылатын факторлар екенін ашқан ағылшын ғалымы.
  • Жас ғалым А.Уоллес пен Ч.Дарвиннің тұжырымы-табиғи сұрыпталу жүреді.
  •  Ч.Дарвиннің эволюциясының негізгі қозғаушы күштеріне жататыны-тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу.
  •  Даралардың айналадағы әртүрлі күрделі орта жағдайларымен қарым-қатынасын Ч.Дарвин … деп атады-тіршілік үшін күрес.
  •  Еңбектері: 1859ж «табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы», 1868 ж Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі», 1871ж «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу».
  •  Ч.Дарвин шығарған қолдан сұрыптаудың формасы-методикалық (әдістемелік).

А.Левенгук

  • 1674 ж бактериялар, қарапайымдылар, эритроциттер мен сүтқоректілердің сперматозоидын жан-жақты зерттеді.
  •  1676 ж пластидтер мен хроматофорларды сипаттады.
  •  Эритроциттер мен сүтқоректілердің сперматозоидтарын 1683 ж жан-жақты зерттеген.

Г.Мендель

• 1865 ж тұқым қуалау заңдылықтарын ашты.
• Тәжірибелерінде белгілердің тұқымқуалаушылығын зерттеудегі қолданған әдісі-гибридологиялық.
• Г.Мендель зерттеулеріндегі асбұршаққа тән белгі-өздігінен тозаңданушы өсімдіктер.

 И.М.Сеченов

  •  «Ми рефлекстері» деген кітаптың авторы, 1863ж
  •  Адамның есте сақтау қабілеті болмаса, ол өмір бойы жаңа туған нәресте қалпында қалар еді» деген сөзді жазды.
  • 1862 ж ірі жаңалық: орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелуді ашты.
  •  Жануарлардың мінез-құлығы мен адамның мінез-құлығының, оның сапасы мен ойлануының ең күрделі көріністерінің, мидың рефлекторлық қызметімен байланысы туралы орыс физиологтарының ішінен бірінші ұсынды.
  •  Бұлшықеттің босаңсуын зерттеген.

И.Павлов

  • Жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізін салушы.
  •  «Анализатор туралы» ұғымды ғылымға енгізген.
  •  «Шартсыз және шартты рефлекстер» туралы ілімді ашқан.
  •  Таза асқазан сөлін алған.
  •  Ұйқы рефлексін ашқан.
  •  Сілекей безінің қызметін зерттеген.
  •  Асқорыту процесін зерттегені үшін орыс физиологтарының ішінен Нобель сыйлығын иеленуші.
  •  Әлемге әйгілі еткен еңбегі-«Жануарлар мен адамның шартты рефлекстер туралы».
  •  Жануардағы жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің мінез-құлық физиологиясының негізін қалаушы.
  •  Жоғары дәрежелі жүйке қызметі ұғымын ең алғаш енгізген.
  •  Қазіргі замандағы физиологиялық теорияға академик И.П.Павловтың қосқан үлесі-Қарын сөлі бөлінуінің гуморальдық жолмен реттелуін көрсетті.
  •  И.П.Павлов… тәжірибе жасау арқылы шартты рефлекстерді зерттеді-итке.

    И.Вавилов

  •  Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңын ашты.
  •  Мәдени өсімдікиердің шығу оратлықтарын (7-8) ашты.

    В.Мичурин

  •  Атақты селекционер.
  •  Ментор әдісімен шығарған алма іріктемесі-Бельфлер-китайка.
  •  Антоновка мен ананас ранетінің оңтүстік іріктемелерін гибридтендіру арқылы славянка алма ағашын алды.
  • Табиғаты жөнінен И.В.Мичурин сорттары-күрделі гетерозиготтар типіне жатады.

    Н.И.Мечников

  •  «Фагоцитоз» құбылысын ғылымға енгізді.
  •  Иммунитет туралы ілімнің негізін қалаушы.
  •  Бөгде бөлшектерді сіңіріп, қорыту процесін ашқан ғалым.
  •  Лейкоциттердің бөгде заттарды сіңіріп, қорыту процесін ашқан ғалым.

В.Гарвей

  • 1628ж қанайналымды ашты.
  •  «Барлық тіршілік жұмыртқадан пайда болады».

    К.М.Бэр

  •  1828ж ұрықтардың ұқсастық заңы ашылды.
  •  1826ж сүтқоректілердің жұмыртқажасушасын ашты.

    Ф.Энгельс

  •  «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» еңбегінің авторы.
  •  «Тіршілік» деген ұғымға алғаш рет анықтама берген.

     Аристотель

  •  Зоология ғылымының негізін қалаған.
  •  Құрттар-топырақтан, шыбындар-шіріген еттен пайда болған деп есептеген ғалым.

    А.Н.Северцев

  •  Эволюцияның негізгі бағыттарын анықтады.
  •  Биологилық алға басу туралы ілімді анықтап зерттеуде үлес қосқан ғалым.

Р.Гук-1665 ж жасушаны ашты.

А.Везалий-Анатомияның негізін қалаған.

С.Миллер-Опарин-Холдейн болжамын сынақ тәжірибемен дәлелдеген ғалым.

Р.Декарт-рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы.

Я.Пуркинье-1839 ж жасуша протоплазмасын анықтады.

Р.Броун-1831ж жасуша ядросын ашты.

А.Клод-1943 ж рибосоманы ашты.

Де Дюв-1956-1959 жж лизосоманы ашты.

 А.Шимпер-1885 ж хлоропластты ашты.

 В.Флеминг-1882 ж митохондрияны ашты.

К.Гольджи-1882-1885 жж Гольджи жиынтығын ашты.

 Портер-1948 ж эндоплазмалық торды ашты.

 Х.Де Фриз, В.Пфеффер-1885-1886 жж вакуольді ашты.

 Х.Де Фриз-«Мутация» ұғымын ғылымға енгізген голландиялық ғалым.

 Ханштейн-1880 ж сферосомаларды ашты.

 Ф.Мишер-1868ж нуклеин қышқылдары ашылды.

 Анри Мари Бленвиль-«Тип» терминін ғылымға енгізді.

 К.Шмид-«Көмірсу» терминін 1844 ж ғылымға енгізді.

 В.Вальдейер-«Хромосома» терминін 1888ж ұсынды.

 Джон Рей- 1688ж «Түр» деген ұғымды енгізген.

Жозеф Питон де Турнефор-«Класс» терминін ғылымға енгізді.

 В.Иогансен-1903ж «Популяция» 1909ж «генотип», «фенотип» терминін енгізді.

 Ю.А.Филипченко-«Макроэволюция» терминін 1927 ж енгізді.

 Э.Геккель-«Экология» терминін ғылымға енгізді.

 Э.Леруа, П.Т.Шарден-1927 ж «Ноосфера» терминін енгізді.

 Н.В. Тимофеев-Ресовский-«Микроэволюция» терминін енгізді.

 М.Хейл-«Эволюция» терминін ғылымға енгізді.

 Вернадский-«Биосфера» туралы ілімнің негізін қалаушы.

 К.Мебиус-«Биоценоз» ұғымын ұсынды.

 Тенсли-«Экожүйе» терминін ғылымға енгізген.

 У.Бэйлис, Э.Старлинг-1904ж «Гормон» терминін ғылымға ұсынды.

 У.Бэтсон-1906ж «Генетика» терминін ғылымға ұсынды.

 Карл Бендос-Митохондрия атауын ұсынған.

 Д.И.Ивановский-1892ж вирустарды ашты.

 М.Ә.Айтқожин-1878ж информасоманы ашты.

 М.Хейл-«Эволюция» терминін енгізді.

 М.Мальпиги-1661ж өте ұсақ қантамырлар-қылтамырларды ашты.

 Лаверан-Безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан ғалым.

 Б.П.Токин-1928 ж фитонцидтерді ашты.

 А.Трамбле-гидраны ашты.

 М.Шлейден, Т.Шванн-1838-1839жж жасуша теориясын тұжырымдады.

 Р.Вирхов-1858ж «Әрбір жасуша тек аналық жасушадан пайда болады» деген қағиданы тұжырымдады, жасушаның бөлінуін ашты.

 Е.Руска, М.Кнолль-1931ж электрондық микроскоп жасады.

 К.Ландштейнер-1900ж адам қанының топтары анықталды.

 Н.Ф.Гамалея-1899ж бактериофагты ашты.

 Н.И.Лунин-1880ж дәрумендерді ашты.

 Р.Кох-1882 ж туберкулез таяқшасын анықтады.

 Т.Морган-1914ж тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты.

 С.Г.Навашин-1898ж гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.

 С.Н.Виноградский-1887ж хемосинтез құбылысын ашты; микробиология ғылымында күкіртті бактерияларды зерттеген.

 Ф.Мюллер, Э.Геккель-1864ж биогенетикалық заңды ашты.

 Дж.Пристли-1778ж өсімдіктердің оттегі бөлетінін анықтады.

 К.А.Тимирязев-1903ж Фотосинтез процесі түсіндірілді, еңбегі «Күн, тіршілік және хлорофилл».

 Г.Г.Хитенков-1951ж жылқының мініске арналған қолтұқымын алды.

 Г.Д.Карпеченко-орамжапырақ пен шомырды будандастырып, түраралық буданның тұқым бермеуін жойған.

 Лукьяненко-Безостоя-1 сортын шығарған.

 Н.В.Цицин-түраралық будандастыру арқылы бидайдың гибридтерін алған.

 Я.Беккори-Нәруыз молекуласын тұңғыш рет 1736 ж зерттеді.

 Т.Сведберг-Нәруыз молекуласының шар пішінді болатынын дәлелдеді.

Н.Н.Любавин-1871ж ақуыздардың аминқышқылдарынан тұратынын анықтады.

 С.Фокс-1957ж аминқышқылдары судың қатысуынсыз-ақ өзара қосылып, пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды.

 Э.Фишер-Аминқышқылдардың пептидтік байланыспен байланысатынын дәлелдеді.

 Л.Полинг-ақуыздың екінші реттік құрылымын ашқан, «орақ пішінді жасушалы анемияның» пайда болу себептерін тапты.

 Э.Чаргафф-ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретінін тапқан: Аденин Тиминге, Гуанин Цитозинге сәйкес екенін анықтады.

Д.Уотсон, Ф.Крик-1953ж ДНҚ-ның қос тізбегінің моделін жасап, құрылымын анықтады.

 Харди-Вайнберг теңдеуінің қорытындысы-ешқандай сыртқы факторлар кедергі келтірмейтін еркін будандастырылатын популяция тепе-теңдікті сақтай алады.

 К.И. Скрябин-ішқұрттарға қарсы күрес шараларын ұйымдастырған.

 Н.И.Пирогов-сүйек сынғанда алғаш гипс шендеуіш салуды жүзеге асырған.

 Э.Дженнер-Шешек ауруына қарсы вакцина (екпесін) тапқан.

 П.И.Мариковский-қарақұрттың уын жанып тұрған сіріңкемен күйдіріп қайтару әдісін ұсынды.

 П.К.Анохин-ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушы, ағзаның өзін-өзі реттеу идеясын дамытушы академик.

 Ф.Кебер-1853ж сперматозоидтардың жұмыртқажасушаға енетіні сипатталды.

А.И.Опарин, Д.Холдейн-«Жер бетінде тіршілік абиогендік жолмен түзілуін» дәлелдеді.

 В.Прейер-«Тіршілік жер бетінде мәңгілік» деген теорияны ұсынды.

 Г.Рихтер-«Панспермия теориясын» 1865 жылы ұсынды.

 Ф.Реди-«Тіршілік өздігінен пайда болады» деген теорияға қарсы шықты, шыбын дернәсілдерінің жұмыртқалардан дамитындығын дәлелдеді.

 Г.Беленьский-Қызылқұм аймағынан құсжамбасты сұмпайыкесірткенің толық қаңқасын тапты.

В.О.Ковалевский-Жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын зерттеді, жылқының тарихи дамуын (филогенезін) қалпына келтірді.

А.О.Ковалевский-Қандауыршының көбеюі мен дамуын зерттеген.

 А.Н.Радищев-Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деген пікір айтқан.

 С.С.Четвериков-эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра зерттеді.

 Э.Дюбуа-Ява аралынан питекантропты тапты.

 Х.А.Алпысбаев, Ә.Х.Марғұлан-ертедегі адамдардың мекен-жайларын Қазақстан жерінде тапқан.

 В.И.Беляев-1898 ж жыныс жасушаларының мейоз жолымен бөлінетіндігін сипаттады.

 И.Д.Чистяков-1874 ж өсімдік жасушаларының митоздық жолмен бөлінетіндігін ашты.

К.Корренс, Э.Баур-Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін салды.

 М.Родс-Цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты ашты.

 В.Флемминг, П.И.Перемережко-1878 ж жануар жасушасының митоздық жолмен бөлінетіндігін ашты.

А.Ы.Жандеркин, Есенжолов-Қазақтың арқар-меринос, түбітті ешкісін алған.

 Б.М.Мусин-Қазақтың ақбас сиырын алуға қатысқан.

 Х.Д.Досмұхамедов-«Жануартану» оқулығының авторы.

 Э.Пфлюгер-1875 ж тотығу процестері қанда емес, ұлпаларда жүретіндігін дәлелдеді.

 Б.Л. Астауров-Жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды.

 А.А.Ухтомский-Еңбек етуде адамның жеке басы қасиетінің, психикасының және сана-сезімінің ерекше маңызы бар екенін дәлелдеген.

 В.В. Докучаев-Топырақтану ғылымының негізін салған.

 В.Н.Сукачев-1940 ж биогеоценоздар теориясын дәлелдеді.

 М.В.Ломоносов-Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екендігін ашты.

 Ф.М.Мұқамбетқалиев-Қазақстанда алғаш рет трансплонтациялық жолмен қозы алынды.

 Әкелі-балалы Янсендер-алғашқы микроскопты ашушылар.

 А.Браконно-1820 ж француз ғалымы ақуызды ыдырату арқылы амин қышқылы-глицинді алды.

 А.С.Фаминцын,О.А.Баранецкий-қынаның саңырауқұлақ жіпшелері мен біржасушалы жасыл балдырлардың бірігіп тіршілік етуінен түзілген ағза екенін анықтады.

 Е.Сирс-Генетикалық инженерияның тарихын тұңғыш ашқан ғалым.

 Бексли, Эйвери-Колхицин әдісімен өсімдіктердің іріктемелерін алуды зерттеген.

Басқа материалдар: 

  1. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  2. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  3. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі
  4. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Биологиядан үлгілік ҰБТ сұрақтары
  7. Ағзалардың химиялық құрылымы
  8. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  9. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  10. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  11. Химиядан тест сұрақтары жауабымен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ