Бисермен жұмыс «Жаға тігу» (сабақ жоспары)

0
2219
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың бисер мен моншақ тоқудағы білімін жүйелеу, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету;

б) Тәрбиелік: оқушыларды эстетикалық талғамға тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

в) Дамытушылық: оқушыларға бисерді пайдалана отырып жаға тігуді үйрете отырып, ой-қиялдарын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өту әдісі: теориялық, практикалық

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, биология.

Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бойтұмар түрлері, схема.

Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі су моншақтар, бисер, қайшы, ине, леско, гифер мата немесе кашма мата

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырыпты жариялау.

Жаңа тақырыппен таныстыру, су моншақ жаға тігу.

Бисердің шығу тарихы. Барлық қолөнер сияқты бисердің де өз тарихы бар. Ертеде Фин
саудагерлері Жерорта теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап  ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді, әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әртүрлі моншақ, бисер, стеклярус алған.

Бисер тоқу ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтар да
тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шетелдерде өте жоғары
бағаланады.

Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың
сатысында. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ, дегенмен кейбір деректер бойынша әйнектің отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасырдың ескерткіштерінен табылған.

Әйнекке массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың
«бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан» Рим Империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдерді, сөмкелерді де жиі кездестіруге болады.

Сарамандық жұмыс:
Қауіпсіздік ережесіне тоқталып өту. Алдымен эскизін бейнелеп аламыз. Дайын шаблонымызды каша матаға, былғарыға түсіреміз. Одан әрі әшекейлеп тігеміз немесе гифер матаға тігуге болады.

Технологиялық карта

Жұмыстың орындалу реті Сызбасы Қажетті құрал-жабдықтар.
1  Матаға суретін салып аламыз   Мата немесе былғары, бор, қайшы.
2 Жақсылап формосын қиып аламыз.   Қайшы, бор.
3 Жағаны әдемілеп әшекейлеу.   Әдемі моншақтар, тастар, бисер, ине, жіп, қайшы.

Сабақты қорыту:
1. Египетте әйнектен жасалған ыдыстар қай ғасырда табылды?
2. Бисер сөзі арабтың қай сөзінен шыққан?
3. Оймақ не үшін керек?
4. Стеклярус деген не?
5. Моншақтың бисерден айырмашылығы қандай?

Сабақты бекіту:
Оқушылар, бисер тоқу білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, шеберлікті талап ететін жұмыс. Мінекей, жағамыз дайын болды.

Үйге тапсырма:
Жұмысты аяқтау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Абай Құнанбаев – ұлы ақын (сабақ жоспары)
  2. Шоқан Уәлиханов — дарынды ғалым (сабақ жоспары)
  3. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы (сабақ жоспары)
  4. ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)
  5. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  6. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  7. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  8. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ