Бизнес-профиль деген не?

0
1284
Иллюстрация: Freepik.com

«Instagram» әлеуметтік желісінде сіздің бизнесіңізді тиімді жүргізуге 2016 жылы шілде айында арнайы бизнес-профильде көптеген мүмкіндіктер пайда болды. Бұл мүмкіндіктің басты қызметі «Связаться» тетігі.

Яғни сіз байланыс нөміріңізді, сайтты, электронды поштаңызды, тіпті орналасқан
жеріңіздің мекенжайына тікелей сілтеме қоюға болады. Сондай-ақ, сіздің оқырмандарыңыздың белсенділігі мен қызығушылықтарын қадағалау
мақсатында арнайы статистика қызметі де бар.

Парақшаңыздағы постты қанша адам көріп, лүпіл басып, сақтап алғандығы жөнінде толық ақпаратты тексеріп отыра аласыз. Ал жалпылама статистикада
тіркелушілердің жалпы санын, оқырмандар арасында жас мөлшерін, жігіттер немесе қыздар санын, сонымен қатар қай қаладан екенін білуге болады. Ал
сіз жариялаған посттардың ішінен апталық, айлық, жылдық үздік постты да анықтай аласыз. Сіздің оқырмандарыңыздың ішінен басым көпшілігінің талғамын, сізден қандай ақпарат күтетінін де оңай білуге болады.

Яғни сіздің жұмысыңызды біршама жеңілдетіп, аудиторияңызды жақынырақ тануға
мүмкіндік береді. Бұл ақпараттарға көз жеткізгеннен кейін қай уақытта публикацияны жариялап, не туралы жазып, қандай геолокацияны қойып, тегтер
мен хэштегтерді пайдалануды үйреніп, толықтай контент тауып, белсенді адамдарды жинау жолын түсінуге әбден болады.

Инстаграмда профильдің атауын дұрыс толтырған жөн. Профиль сипаттамасында сіздің
компанияңыз жайлы ақпаратты толық жазыңыз. Қызметтер түрін қысқаша сипаттап, кері байланыс үшін телефон нөмірін қоюды ұмытпаңыз. Алайда инстаграм профильінде 150 таңбаға шектеу бар екенін еске сақтаңыз.

Парақша жұмысын дұрыс бастау үшін ең алдымен басты фотоға назар аударған
жөн. Бизнес профиль болғандықтан, өзіңіздің компанияңыздың логотипін ойлап тауып, жүктеп қойсаңыз оқырмандарға да бірден түсінікті болып, бренд қалыптастыруға әсер етеді. Көп бизнес парақшалардың қарқынды жұмыс істеуі дәл осы
бизнес-профильге фото жүктеу мен профиль сипаттамасын дұрыс толтырудан басталады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  4. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Web-дизайнер деген кім?
  10. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ